Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi


Мемлекеттiң жалпыәлеуметтiк мәнi



бет5/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мемлекеттiң жалпыәлеуметтiк мәнi.
Қоғамның көптеген антагонистік қарама-қайшылық белгілері таптың үстемдік теориясында мемлекеттің мәні ретінде сенімді бейнесін тапқанына қарамастан осы теория мен нақты шындықтың арасында жарықшақтың пайда болғандығын айтпасқа болмайды. Бұл жарықшақ уақыт өткен сайын шындықты бұрмалай берді, ал іс жүзінде бұрмалаулар мен асыра сілтеулерге алып келді. Уақыт өте келе өзгерген нақты жағдай мемлекет теориясындағы таптық үстемдіктің құралы болудан қалды.
Бірінші кезекте бұл мемлекет шешуге тиіс міндеттердің мазмұны мен сипатына қатысты. Таптық үстемдік теориясына қарамастан мемлекет үстемдік етуші таптың мүдделерін жүзеге асырумен, оның қарсыластарын басып-жаншумен, қанаумен және пайдаланумен, оларды үстемдік етуші таптың қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес әрекет етуге мәжбұрлеумен ғана шектеліп қала алмайды (әсіресе қазіргі кезеңде).
Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндіру кезінде оның таптық міндеттер толығымен немесе толыққа жуық ығыстырған жалпы әлеуметтік міндеттері еркімен немесе еркінен тыс ескерілмейді немесе, тіпті тәуір болғанда, минимумға келтіріледі.
Мемлекетке объективті ықпал ету ылғи да үстемдік етуші таптың мүдделерін ғана білдірудің шегінен шығатын міндеттерді шешуге мәжбүр болды деген шешімге алып келеді. Бұл жерде әңгіме ең алдымен бүкіл қоғамның тіршілігін қамтамасыз етуге қалыпты жағдай туғызуға бағытталған міндеттер туралы болып отыр. Сөйтіп мемлекет пайда болған және дамыған алғашқы кезеңдерде ол үстемдік етуші таптың қажетін қанағаттандырудан басқа, сондай-ақ қоғамның тіршілік етуін, табиғаттың дүлей күшіне, соның салдарынан әлеуметтік катаклизмаларға, күтпеген сұрапыл апаттарға және қиындықтарға қарсы тұра алуын қамтамасыз етуге пайдаланылды. Жаңағы аталғандардан басқа мемлекеттің жалпыәлеуметтік міндеттері деп мына төмендегілерді тану керек:

  • қоғамда тәртіп орнату, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өміріне, денсаулығына, абыройына, құқығы мен бостандығына қылмыстық қол сұғу мүмкіндігін жою немесе оны минимумға жеткізу;

  • өндірісті, айналымды, айырбасты өркендету үшін қажетті жағдайлар туғызу;

  • қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялык апаттың алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және қабылдау;

  • елді сыртқы шабуылдан қорғау.

Басқаша айтқанда, мемлекет тәжірибесi көрсеткеніндей, бүкіл қоғамға үстемдік етуші таптың еркін мәжбүрлеп таңумен ғана емес, сондай-ақ барлық таптар мен қоғамның әлеуметтік топтарын объективті қажет жағдайлармен мүмкіндігінше қамтамасыз етумен де айналысады.
Қазіргі кезеңде көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттер таптық, топтық және жеке мүдделерді бірыңғай қорытындыға келтіруге, әлеуметтік жанжалдар мен қарама-қайшылықтарды шешууге, қоғамдық келісім мен консенсусқа талпынып, соған қол жеткізуге күш салуда.
Мемлекет пікір алуандығы идеясын, билікті бөлісуді, азаматтар құқығының баяндылығын жиі жүзеге асыруда және басқа демократиялық институттарды басшылыққа алуда, соның арқасында қай таптың болса да диктатурасынан құтылуда. Мүнын бәрі - мемлекеттегі жалпыәлеуметтік (тіпті жалпы адамзаттық десе де болады) принциптер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет