Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi



бет8/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және онын сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншiсінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.
Мемлекеттің сыртқы функцияларының ішінде елдің қорғаныс функциясы маңызды орын алады. Оның мақсаты басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп пен олардын агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұру және қарсылық көрсету мүддесінде әскери потенциалды құру және байыту. Қорғаныс функциясы бейбіт уақытта және соғыс кезеңінде әр түрлі болады: бірінші жағдайда әңгіме агрессияға қарсы дайындық, әскери күш пен жауынгерлік техниканы алдын ала жинастыру және жетілдіру, армияның бүгінгі күнгі күрестің барлық түрлерін меңгеруі туралы болса, екінші жағдайда мемлекеттің және оның армиясының қарсыластарымен жауынгерлік шайқастар мен басқа да операцияларға шын мәнінде қатысуы.
Мемлекеттің басқа бір сыртқы функциясы - көршілес, сондай-ақ басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасты жолға қою функциясының да мәні зор. Мұндай қатынастар мемлекетке әлемдік қоғамдастыққа кіруге, онда толық құқықты субъекті және партнер ретінде қалыптасуға мүмкіндік береді.
Кейбір мемлекеттер бұған дейін бөтен аумақты басып алу функциясын белсенді орындады. Әңгіме олардың басқа елдің аумағын зорлықпен жаулап алып, оларды осыдан туындайтын барлық салдарларымен қоса (халықтан аса ауыр алымдар мен салықтар жинау, оларды аяусыз жұмсау, байлықтары мен құндылықтарын, тәуір жерлері мен жайылымдарын иемдену, отарлап басқару режимін бекіту) өзіне қосып алуы туралы болды. Отарлау жүйесінің құлауы аталған мемлекеттерді бұл функциядан бас тартуға мәжбүр қылды.
Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы үшін өткеннің этатистік бұрмалауларын және одан туындайтын қоғам істеріне мемлекеттік араласудың әлсіреуін жеңумен байланысты мемлекеттің кейбір ішкі функциялары тарылып, оларды жүзеге асырудың формалары мен әдістері демократияландырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет