4.4 Қауіп-қатер сипаттамасы
Қауіп-қатер сипаттамасы зерттеудің алдыңғы жүргізілген барлық кезеңдеріндегі алынған мәліметтерді кіріктіріп, жинақтайды, мақсаты қауіп-қатерді бағалаудың сандық және сапалық көрсеткішін айқындай, туындаған мәселенің тұрғындар денсаулығы үшін маңызыдылығын айқындау және қауіп-қатерді бағалау және қауіп-қатерді басқару арасындағы байланыстырушы қызметін атқару болып табылады.
Қауіп-қатер сипаттамасы келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
- «экспозиция-жауап» тәуелділігі және экспозиция бағасының нәтижелерін жинақтау;
- денсаулыққа келтірілген залалдың қауіп-қатер мағынасын есептеу. Бұл кезеңде шуылдың дерек көздерінің немесе оның пайда болуының қауіп-қатерін есептеу жүргізілуі мүмкін;
- көлік шуылының байланысты денсаулыққа келтірілген зиянды әсерінен қауіп-қатердің агрерирленген қауіп-қатері есепке алынады;
- тұрғындар жекелеген топтарына арналған кеңінен таралған қауіп-қатерді есепке алу және есептеу;
- қауіп-қатерді бағалаудың белгісіздіке талдамасы және оларды анықтау;
- қауіп-қатерді бағалау нәтижелерін жинақтау және алынған мәліметерді ұсыну, қауіп-қатерді бағалауға қатысушылардан алынған мәліметтерді зерделеу.
Қауіп-қатерді сипаттаудың ең басты ұстанымдары болып табылады:
қауіптілік идентификациясы үдерісі барысында алынған ақпараттарды кіріктіру, жинақтау және «экспозиция-жауап» және экспозиция бағалау арасындағы бағалау көрсетикіштері;
- нәтижелердің белгісіздігін және түрленгіштік факторларын сипаттау және талқылау;
- қауіп-қатер сипаттамасын қолданудағы шектеулерді және олардың толыққандылығы көрсетілуімен дәлелді және ұғымдық ақпараты туралы ақпараттарды ұсыну.
Бұл кезеңде қауіп-қатерді есеп дербес жүргізіледі және олардың денсаулыққа зияны жеке зерделенеді, сонымен қатар шуыл факторының әсерінен болған есту ағзасының, орталық жүйке жүйесінің, қанайналым органдары ауруларының дамуына әкеледі.
Шуыл факторының ықпалынан денсаулыққа келтіретін залалын жинақталған агрерлинген қауіп-қатер көлемі салыстырмалы Rотн және қосымша Rизб есептері үшін пайдаланатын көлемі жиынтығы болып табылады.
Қауіп-қатер деңгейінің сипаттамасының міндеттерін шешу үшін денсаулыққа төнген қауіп-қатер индексінің шуылмен байланысты факторларын зерделейді. Көрсеткіш шуыл ықпалынан болған денсаулыққа келтірілген залалдың мүмкіндігін көрсетеді және адам жасының артуына байланысты денсаулыққа төнетін қауіп-қатердің артатындығы ескеріледі. Шуыл факторының қауіп-қатерін басқару бойынша ұсыныстар R индексінің арнайы бағалау шкаласы ескеріле отырып әзірленеді.
Ұсынылған моделдер денсаулықтың бұзылуының даму қауіп-қатерін бағалау ғана емес, сонымен бірге шуылдың ықпал етуі барысындағы күтілетін өмір ұзақтығы да қысқарады.
Өмір ұзақтығының қысқаруын бағалау үшін шуыл әсерінен болған залал себебінен қайтыс болғандардың саны көрсетеледі.
Зерттеліп отырған аймақта тұратын тұрғындар өмірінің ұзақтығы күтілген нәтиже бермеуі мүімкін, бұл тұрғындар денсаулығының төнетін қауіп-қатердің популяциялық жиынтығы болып табылады.
Индивидуалдық және популяциялық қауіп-қатерлердің мәні, ең бастысы, денсаулық көрсеткіштерінің ұзақ мерзімді өзгерістерін бейнелейді, олар есептеу барысындағы қабылданатын барлық шарттарды қалыптастыруы қажет (мәселен, белгілі ұзақтық және әсер етудің қарқындылығы, уақыты бойынша экспозицияның өзгермеуі, экспозиция факторының нақты мәні және т.б.). Алынған нәтижелерді қолдану индивидуум денсаулығының нашарлауы шарттарының интерпретациясын аса мұқият пайдалану қажет.
Қауіп-қатерді бағалау нәтижелері түрлі территориялардағы, түрлі уақыт кезеңдеріндегі және сауықтыру шараларының тиімділігі анықталғаннан кейін шуылдың әсер етуін салыстыру үшін барынша тиімді құралдарды зерделеу қажет және т.б.
Нәтижелерді талқылаудың қорытындысында міндетті түрде қосыруы тиіс:
- залалды әсерлерді жүйелендіру қауіп-қатерді бағалау үдерісінің дәлелі көлік шуылының зиянды әсерімен байланысты болады;
- шуылдың зерделенген әсері барысында пайда болуының залалды әсерінің көрінісін сипаттау;
- залалды әсердің қауіптілігі туралы сандық ақпараттың статистикалық тұрғыдан дұрыстығын сипаттау;
- экспозицияны бағалау барысында пайдаланылған мәліметтердің статистикалық тұрғыдан дұрыстығын сипаттау;
- нәтижелердің негізділігін және толықтығын төмендететін негізгі факторларды сипаттау;
- залалды ықпалға тап болған популяция сипаттамасы, сонымен қатар барынша сезімтал топтар да қарастырылады;
- тұрғындардың денсаулығы туралы қолда бар мәліметтерді және қауіп-қатерлі бағалау бойынша алынған мәліметтер бойынша салыстырмалды талдау, сонымен қатар бұрынғы жүргізілген зерттеулер нәтижесін де зерделеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |