Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Қауіп-қатерді бағалаудың сенімділігіне ықпал ететін факторлар



бет27/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
4.5 Қауіп-қатерді бағалаудың сенімділігіне ықпал ететін факторлар

Қауіп-қатер туралы ақпарат басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында ескеріледі, олар толыққанды әрі іс жүзінде нақты болуы тиіс. Қауіп-қатер көлемінің көрсеткішімен қатар оны бағалаудың белгісіздігін сипаттайтын міндетті сипаты болуы тиіс.


Қауіп-қатерді бағалау барысындағы белгісіздіктің себептерін сипаттау барысында ескеріруі тиіс:
- дыбыстық тербелістердің және олардың тұрғылықты мекендерге таралу ерекшелігінің физикалық қасиеттері және популяциясының параметрлерінің сәйкессіздігін және тұрақсыздығын көрсетеді;
- белгіленген параметрлер, үдерістер немесе модельдердің мәліметтері немесе олар туралы жекелеген ұсыныстар, факторлар; мұндайда кейбір жағдайда қосымша зерттеулер немесе өлшеулер арқылы белгісіздік төмендеуі мүмкін.
Экспозицияны бағалау барысында белгісіздіктің дерек көздері болып табылуы мүмкін:
- тұрғылықты аудандардағы шуыл пайда болуының қайнар көздерінің жағдайы туралы ағымдағы және басым бағыттағы жай-күйі туралы ұсыныстар;
- жүргізілген өлшемдердің нәтижелері, яғни қоршаған ортаның ағымдағы өзекті жағдайы ескеріледі;
- өлшемдер қателігі, жинақталған және суррогаттық мәліметтерді пайдалану;
- экспозиция моделі, моделдің параметрлері, ол шуылдық жүктеменің есептелуінің әсері зерделенеді;
- орташа экспозиция уақытының таңдалған мәні.
Экспозицияны бағалаудағы белгісіздікпен қатар түрленгіштің де талдамасын жүргізу қажет. Ықпал етудің түрленгіштігі индивидтің немесе тұлғаның белсенділігімен, іс-әрекетімен, сонымен қатар шуыл жүктемесінің көрсеткіштерімен, қалалы жерлердегі реверберация, шуыл бейнесі нәтижесінде өзгере отырып, зерделенеді.
Көрсеткіштердің түрленгіштігін және белгісіздігін төмендету үшін қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет, олар шуылдың басым бағыттағы деркк көздерін анықтау барысында барынша тиімді болып табылады және тұрғындардың арасындағы қауіп-қатер контингентін және анықталған жағымсыз әсерлердің көрсеткіштерін зерделеген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет