Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет28/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
4.6 Қауіп-қатерді басқару

Қауіп-қатерді басқару денсаулық қауіп-қатерін бағалау нәтижесінің логикалық қорытындысы болып табылады және нақты бір жағдаяттағы таңдалған таңдауға негізделіп бағытталады немесе оны барынша төмендетеді, сонымен қатар сауықтыру шараларының жүйеленуін және тиімділігін бағалау, қауіп-қатер және экспозицияға мониторинг жүргізу болып табылады. Қауіп-қатерді басқару құрамына техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, құқықтық, экономикалық, нормативтік, саяси және басқа да шешімдер негізінде жасалған қорытындылар мен бағалар кіреді және олар қауіп-қатр сипаттамасын беру барысында алынады.


Басқарушылық шешімдерді таңдау негізделген типтік шешімдерді қарастырады және тұрғындардың денсаулығына көлік шуылының ықпалын азайтумен байланысты болады.
Бұл таңдау негізінен үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:
1) Көлік шуылының тұрғындар денсаулығына залалды ықпалын тоқтату үшін санитариялық-қорғау шараларын, селитебиялық аймақтардан тыс жерлерге жаңа жолдар жүйесін немесе желілерін салу.
2) көлік ағынының қарқындылығын төмендету мақсатында барынша көп шуыл шығаратын көлік түрлерін сыртқы аймақтардағы жолдарға бағыттау және олардың түнгі уақытта қозғалуына шектеу қою. Айналма және транзиттік жолдарды шуылды азайту мақсатында қайта қарап, бөлу қажет.
3) Тұрғын үй кешендерінде және тұрғылық мекендердегі транс порт шуылын азайту мақсатында техникалық іс-шараларды әзірлеу және оларды іске асыру (магистралдарды оңтайландыру, шуылды жұтатын құрылыс нысандары арттыру, ғимараттарды шуыл өткізбейтін шынымен қаптау, жол жабындыларын ауыстыру, өзгерту және т.б.).
Көліктық магистралдарды олардан шығатын шуыл әсерінің қауіп-қатер деңгейіне байланысты сараптаған жөн.
Жалпы алғанда, қалада тұратын тұрғындардың денсаулығына шуыл әсерінен төнетін қауіп-қатерді бағалаудың әдістемесін оңтайлы пайдалану, кең ауқымды басқарушылық шешімлдерді ақпараттық-аналитикалық мәліметтер негізінде, оның ішінде архитектуралық жоспарлау, медициналық-профилактикалық, ұйымдастырушылық және т.б. сараптамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет