Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің


Пәндер циклдері және кәсіптік тәжірибе бойынша



бет14/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Пәндер циклдері және кәсіптік тәжірибе бойынша
техникалық және кәсіптік білім берудің типтік оқу бағдарламасы
(техникалық және кәсіби білім беру базасында)

0302000 – «Мейіргер ісі»


Біліктілігі: «Қолданбалы бакалавр»



Цикл (пән) индексі

Пәннің, тәжірибенің атауы мен негізгі бөлімдері

Пәннің мазмұны

Қалып тасатын құзырет тілік коды

01 АП

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі медбикелік мамандық

Медбикелік үрдіс және медбикелік күтімнің жоспары. Медицина жұмыскерлерінің және пациенттердің өзара қарым-қатынас үлгілері. ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі Мейіргер ісі Қоғамдық денсаулық сақтаудың және алдын алу бағдарламаларының пәні, орны және рөлі. Мейіргер жұмысындағы ұйымдастыру және басқару. Дәлелді медбикелік тәжірибенің негіздері, ғылыми дәйектерді мейіргер ісімен және пациенттің құндылықтарымен кіріктіру, сын тұрғысынан ойлау және шешім қабылдау.

1-БҚ.
2-БҚ.
3-БҚ.
КҚ-2.

02 АП

Медбикелік күтім және пациенттің қауіпсіздігі

Типтік патологиялық үрдістердің себептері мен механизмдері, түрлі ауруларда олардың ағзада пайда болуы. Микробиология және вирусология (патологиядағы микроорганизм дердің этиологиялық рөлін орнату: микроорганизмдерді антибиотиктерге және басқа дәрілік препараттарға сезімталдылығын бақылау, материалды алу, жинау, жұқпалы үрдістің дамуындағы микроорганизмнің рөлі және оның пайда болу жағдайы). Иммунология (иммундық реактивтілік және микробтық орта). Эпидемиология (эпидемиологиялық қадағалау мен жұқпалы аурулардың алдын алудағы ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздер, патогендік микрооганизмдердің биологиялық қасиеттерін идентификациялау, вакцинация бағдарламлары). Гигиена (әлеуметтік-гигиеналық мониторинг, Қазақстан Республикасындағы санитарлық қадағалаудың құқықтық негіздері, жанұяларға денсаулық және жұқпалы аурулар сұрақтары бойынша кеңес беру). Эргономика негіздері мен пациентті қауіпсіз жылжыту, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға арналған технологияларды қолдану. Дәрілік құралдарды қауіпсіз және тиімді қолданудың әдістері мен медициналық калькуляция негіздері.
Дәрілік заттардың өзара келеңсіз әрекеттесуі салдарын ескерту және жанама реакциясын болдырмау.
Фармакотерапияның тиімділігін талдау және бағалау. Егде жастағы тұлғаларды және балаларды медикаментозды емдеудің арнайы аспектілері.

4-БҚ.
1-КҚ.
2-КҚ.
3-КҚ.
4-КҚ.

03 АП

Шұғыл мейіргелік
күтім

Пациенттің медициналық құжаттамасы. Тыныс алу органдары, жүрек-буын жүйелері, ас қорыту органдары, зәр шығару жүйелері, эндокриндік жүйелері, қан, сүйек-буын жүйелері ауыратын пациенттерді тексеру әдістері.
Ауырғанды басу. Жарақаттар (ашық, жабық). Десмургия және көліктік иммобилизация. Қан кету және гемостаз. Трансфузиология. Күйіктер. Үсіктер. Хирургиялық стационарларда ауруханаішілік инфекцияның алдын алу. ДДҰ ғаламдық шеңберін қолданылған шұғыл медициналық көмек көрсетудің қағидаттары мен стратегиялары. Өмірге қауіп төнген жағдайларда шұғыл көмек көрсету алгоритмдері. Қатты сырқат балалар мен олардың жанұяларына шұғыл көмек.

3-БҚ.
1-КҚ.
3-КҚ.

04 АП

Денсаулықты нығайту

Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Денсаулықты нығайту бойынша алдын алу бағдарламаларын ұйымдастыру қағидаттары.
Денсаулықты сақтау концепциясы және аурулардың алдын алу.
Салауатты өмір салтын жылжыту мен денсаулықты нығайтуды басқару бойынша ұлттық және халықаралық стратегиялар, бағдарламалар мен кеңестер.
Алдын алу қызметін реттестіретін нормативтік құжаттар.
Денсаулықты нығайту үшін қолданылатын әдістер мен технологиялар.
Орындаушылармен серіктестік (пәнаралық команда).
Денсаулықты қорғау саласындағы тәртіпті өзгертудің кезеңдік үлгісімен жеке және топтық кеңес беру.

1-БҚ.
2-КҚ.
4-КҚ.
5-КҚ.

05 АП

Отбасылық күтім

Репродуктивті денсаулықты нығайтудың негізгі концепциялары мен тәсілдері, отбасын жоспарлау.
Жеке тұлғалардың, отбасылардың және қоғамдастықтардың денсаулығының функционалдық жағдайын бағалау. Ата-ана түсінігіне қатысты негізгі ұғымдар және репродуктивтік жас кезіндегі пациенттер тәртібінің, патофизиологиялық, физиологиялық реакцияларын ескеріп бақылау.
Дені сау және сырқат баланың кіріктіріліп жүргізілген ұлттық бағдарламасы. Бала денсаулығын басқарудың жеке жоспарын әзірлеу бойынша шешім қабылдаудағы клиникалық-диагностикалық шарттары.Жедел, созылмалы аурулары бар және өмірге қаупі бар балаларға емдік және алдын алу көмек. Қауіпсіз ана болу концепциясы. Акушерия мен гинекологиядағы медбикелік күтімнің тәжірибесі. Балалардағы сырқат синдромдарын танып білудің және болдырмаудың арнайы аспектілері. Отбасылық зәбір, оның ішінде тұрмыстық, балалармен қатыгездік қарым-қатынас тәуекелі.
Педиатриядағы мейіргер ісінің дамуы.

2-БҚ.
1-КҚ.
2-КҚ.
4-КҚ.

06 АП

Медбикелік істегі жоспарлау және тексеру жүргізудің қағидаттары

Мейіргер ісіндегі тексеруді жоспарлау. Әдебиеттерге шолу. Медбикелік істегі тексеру.
Дәйектерді жинау және талдау.
Медбикелік істегі ғылыми зерттеулер әдістері. Тексерулер нәтижелерін бағалау.

1-БҚ.
3-БҚ.
4-БҚ.
1-КҚ.
2-КҚ.
3-КҚ.

01 КТ

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» клиникалық тәжірибесі

Денсаулық сақтау мүддесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғаламдық шеңберін қолданып, АМСК қызметін ұсынудың үлгісі. Амбулаториялық-емханалық қызмет ұйымдарында пациенттерге медбикелік күтім, диагностика жасау, емдеуді жоспарлау. Скринингтік тексеру жүргізудегі мейіргердің рөлі, пациентке қауіпсіз орта құру талаптарын орындау, клиникалық шешім қабылдау дағдыларын, денсаулықты және АМСК жағдайында медбикелік күтім тәжірибесін бағалау. Халыққа медициналық көмек көрсетуді оңтайландыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен электрондық мәліметтер қорын қолдану. Жанұялардың хал-ахуалы мен денсаулығын қолдау, тәуекелдерді анықтаудағы іс-шаралар мен әдістер.
Талпындыру әңгімелері, топтық әдістер.

2-БҚ.
3-БҚ.
4-БҚ.
1-КҚ.
2-КҚ.
5-КҚ.



07 АП

Медбикелік істегі ментальдық денсаулық

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат. Әлеуметтік-маңызды аурулардың тізімдемесін анықтайтын нормативтік-құқықтық құжаттар (әлеуметтік-маңызды аурулар кезінде пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сәйкес емдеу-диагностикалау іс-шараларының қаржылық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру).
Пациенттің ментальдық денсаулығының бұзылуын тудыратын тәуекел шарттары мен факторлары, әлеуметтік медициналық көмектің көлемі мен түрлерін, жеңілдіктердің тізімдемесі мен түрлерін анықтау, пациенттерге/клиенттерге диспансерлік, оның ішінде еңбекке жарамсыздыққа бақылау жүргізу.
Отбасыларға және олардың мүшелеріне жеке әлеуметтік медициналық көмек көрсету:

  • сырқаттар мен мүгедектерге әлеуметтік медициналық оңалту жүргізу;

  • психиатрияда, наркологияда, онкологияда, терапияда және медицинаның басқа салаларында әлеуметтік жұмыс жүргізу.

Медициналық-санитарлық патронаж. Әлеуметтік маңызды ауруларда жеке және отбасылық, көпшілік деңгейлерде алдын алу іс-шаралары, бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану. Әлеуметтік медициналық жұмыста жаңалықтың маңызы.

2-БҚ.
2-КҚ.
4-КҚ.



08 АП

Созылмалы аурулар және қарттарға медбикелік күтім

Созылмалы және жұқпалы емес ауруларда медбикелік күтімді ұйымдастыру. Түрлі санаттағы ауруларға кіріктірілген медициналық көмек көрсету, АМСК және әлеуметтік қорғау қызметімен тығыз өзара байланыс негізінде ұзақ уақыт әлеуметтік медициналық, паллиативті көмек пен үйдегі күтім.
Қартаюдың теориясы мен концепциясы, қарттарды күту бойынша дәлелді басшылық.
Паллиативті көмек философиясы. Мультитәртіпті (сәйкес дайындығы бар дәрігерлер, мейіргерлер, психолог/психотерапевт, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, шіркеу қызметшілері, түрлі діни конфессия өкілдері) әдіс қолданылған жан-жақты паллиативті (медициналық, психоәлеуметтік және рухани) көмек. Қатерлі ісіктен емделген, бірақ химиотерапияның, радиацияның, хирургиялық емнің зардабын шегетін пациенттерді алып жүру қағидаттары. Стационарда және үйде паллиативті көмек көрсетуде туыстары мен волонтерлерді оқыту. Созылмалы аурулардың ушығуы кезінде үйде медбикелік күтуді жүзеге асырудың алғы шарттары мен көрсеткіштері (жараны емдеуді талап ететін пациенттер, мүгедек пациенттер, новрологиялық аурулары бар пациенттер). Дәрігермен серіктестікте пациенттің отбасына медбикелік күтім жасау, қажет болғанда әлеуметтік жұмыскермен немесе асыраушысымен. Үйде тиімді қызмет көрсетудегі эмоционалдық ортаның маңызы. Денсаулықты нығайту бойынша іс шаралар мен әдістер.

1-КҚ.
4-КҚ.
5-КҚ.



09 АП

Биостатика және тексеру жұмысының нәтижелерін рәсімдеу

Статистика, биологиялық статистика. Бөлу, оның түрлері мен талдама. Вариациялық қатарлар. Мәліметтер типтері (сандық, сапалық, айнымалы). Статистикалық жиынтықтар. Таңдаудың репрезентативтілігі. Қажетті таңдаудың көлемін анықтау. Тексеру қуаттылығы. Озара байланыстар талдамасы. Корреляция. Регрессия. Аналитикалық статистикада қолдану. Статистикалық шамалар. Абсолют шамалар, салыстырмалы шамалар: қолдану, артықшылығы мен кемшіліктері. Тексерудің сапалы әдістері. Статистикалық әдістерді клиникалық зерттеулерде қолдану талдамасы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ресімдеудің негізгі қағидаттары.

1-БҚ.
3-БҚ.
2-КҚ.



02 КТ

«Психикалық денсаулығы бұзылған пациенттерге медбикелік күтім» тәжірибе

Психикалық денсаулық қаупі факторын анықтау. Үйде және стационарда психикалық әл-ауқаты саласында проблемалары бар пациенттерге күтім жасау. Жеке адамдардың және топтардың психиатриялық алдын алуға қажеттіліктерін анықтау және медициналық ақпарат алу.
Бірінші, екінші және үшінші психиатриялық алдын алуды жоспарлау.
Психикалық денсаулықты сақтау сұрақтары бойынша мектептерде және жастар орталықтарында психиатриялық кеңес жүргізу. Стресске қарсы күрес іс-шаралары бойынша ақпарат ұсыну және/немесе адамдарды оқыту. Тәуекел тобындағы адамдарды ауыр психикалық жарақаттан кейін оқыту және/немесе ақпарат ұсыну. Пациенттермен бөлім (кабинет) медициналық алдын алу, учаскелік дәрігер кабинеттері, «денсаулық мектептері», «пациенттерге арналған мектептер» жағдайында оқу жүргізу.

1-БҚ
3-БҚ
3-КҚ
4-КҚ



03 КТ

«Қарт пациенттерді медбикелік күту» тәжірибе

АМСК деңгейінде қартаң жастағы жеке тұлғаларға тәуелсіздік және дербестікті қамтамасыз ету мақсатында геронтологиялық медбикелік күтімді ұйымдастыру.
Салауатты өмір салты мен өзін күту сұрақтарына қатысты жеке тұлғаларға кеңес беру бойынша нақты шаралар. Қарт адамдардың жеке гигиенасының ерекшеліктері.
Қарт адамдардың жасы және жеке ерекшеліктеріның алуан түрлілігін ескеріп, күтім жасауды ары қарай жетілдіру бойынша бағыттар: алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету, жедел ауруларды емдеу, оңалту, созылмалы сырқаттарға күтім жасау, паллиативті күтім жасау, өзін күту және формальды және формальды емес күтуді жүзеге асыратын тұлғалар тарапынан геронтологиялық қызмет.
Қарт жастағы адамдарды қауіпсіз жылжыту, тасымалдаудың әдістері мен тәсілдері.
Геропрофилактикадағы тамақтану ерекшеліктері мен арнайы диеталар.
Қарт жастағы тұлғаларға әлеуметтік медициналық көмекке қатысу және көрсету.

4-БҚ
2-КҚ
5-КҚ



10 АП

Мамандандырылған медбикелік күтім және дәлелді тәжірибе.

Мамандандырылған (аз мамандандырылған) күтім, түрлі емдеу-сауықтыру ұйымдарындағы пациенттерге медбикелік күтім жасаудың әдістері. Туберкулез ауруларына мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру.
Неврологиялық, инсульт ауруларына мамандандырылған медбикелік күтімді ұйымдастыру. Жарақаттан және ота жасағаннан кейін пациенттерге бақылау және мамандандырылған күтім. Диагностикалық және скринингтік зерттеу. Дәлелді медицинаны және дәлелді медбикелік тәжірибені енгізу.

1-КҚ
2-КҚ
4-КҚ



11 АП

Медбикелік істе қызметшілерді басқару

Менеджмент негіздері. Стратегиялық менеджмент. Медбикелік істегі менеджмент. Менеджер-мейіргердің рөлі.
Медициналық ұйымдардағы сапа менеджменті жүйесі.
Кадр ресурстарын басқару. Медицина жұмыскерлерін ынталандыру негіздері. Көшбасшылық. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталу үрдісін ұйымдастыру. Стандарттау. Акрредиттеу. Лицензиялау. Сертификаттау. Орта және кіші медициналық қызметшілердің қызметіне әкімшілік бақылауды ұйымдастыру. Бас (аға( мейіргердің стратегиялық жоспары. Мейіргер ісіндегі маркетинг. Мейіргерлік тәжірибе саласындағы заңнама. Мейіргерлердің құқықтары мен міндеттері. Формулярлық жүйе. Дау негіздері. Өзгерістерді, тәуекелдерді басқару

2-БҚ
4-БҚ
3-КҚ

12 АП

Дипломдық жұмысты орындау

Тақырып таңдау, бекіту және оның өзектілігі. Дипломдық жұмысты орындаудың методологиялық негіздері. Ғылыми ақпарат іздеу және критикалық талдау. Іс жүзінде материал жинақтау және өңдеу.
Қорытындылар мен сөйлемдерді құрастыру. Дипломдық жұмысты, жобаны орындау үрдісін басқару.

1-БҚ
4-БҚ
2-КҚ



ДТ

ДИПЛОМАЛДЫ ТӘЖІРИБЕ
«Элективті мамандықтар бойынша мейіргер ісінің дағдыларын дамыту»

Мейіргер қызметшілерінің жұмысын ұтымды бөлу және іріктеу. Материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілікті анықтау және жоспарлау және олардың ұтымды пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Таңдаған тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізу, медбикелік көмектің сапасын талдау және бағалау. Нормативтік-құқықтық, есептік-есеп беру және электрондық медбикелік құжаттамамен жұмыс. Пациенттер мен олардың айналасындағыларға ақпараттық және үйретуші материалдар дайындау.

1-БҚ
2-БҚ
3-БҚ
4-БҚ
1-КҚ
3-КҚ
4-КҚ
5-КҚ



ҚА

Дипломдық жұмысты рәсімдеу, алдын ала қорғау және қорғау

Материал жинау және талдау, оның өзектілігі мен адекваттылығы.
Дипломдық жұмысты орындау үрдісін басқару.
Дипломдық жұмыстың мақсаттарына жету.
Нәтижелер мен қорытындылар.
Дипломдық жұмыстың тұсау кесері.
Ғылыми этика және антиплагиат туралы кеңестер. Мазмұндау мәнері (академиялық жазба сөзі). Дипломдық жұмысты жазу бойынша нұсқаулықты сақтау.

1-БҚ
3-БҚ
4-БҚ
2-КҚ



Ескерту:
0302000 «Медбикелік іс» мамандығы «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен оқу бағдарламасы бойынша білім алушылар келесі құзыреттіліктерін меңгеруі тиіс:
Базалық құзыреттіліктер:

1-БҚ

ОҚЫТУ: жеке және топта ақпаратты басқару, сын тұрғысынан ойлау және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданып, мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілеті.

1.1-БҚ

ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: ұзақ уақыт бойы өзінің үздіксіз кәсіби дамуын жоспарлауға өзіне жауапкершілік алады және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін таңдайды.

1.2-БҚ

ТОПТА ОҚЫТУ: топтық мақсаттарға жету, ұжымдық тапсырмаларды дәл және уақтылы орындау үшін топта білім, тәжірибе және ресурстармен алмасуда жауапкершілік көрсетеді.

1.3-БҚ

АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ ДАҒДЫЛАРЫ: өзінің ақпараттық қажеттілігін айқындайды, ақпараттық ізденістің басым бағыттарын анықтайды, түрлі қор көздерінен ақпаратты табады және сын тұрғысынан бағалайды, алған ақпаратты таратады және тәжірибеде қолданады.

1.4-БҚ

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ: проблеманы және әлеуетті шешу жолдарын айқындайды, фактілер мен пайымдауларды логикалық талдайды, гипотезаларды тексереді және жағдайлардың ықтималдылығын бағалайды, қорытындылар жасайды және негізделген шешімдер қабылдайды.




2-БҚ

КӘСІБИЛІК: кәсіби этикалық қағидаттарға және құпиялық қағидаттарға бейімделгенін көрсетеді, құқықтық және ұйымдастырушылық нормаларын сақтайды, оңтайлы жұмыс ортасын қолдауға жауап береді, жалпы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталады, өз әрекеттеріне және соңғы нәтижеге жауапкершілік тартады.

2.1-БҚ

КӘСІБИ ЭТИКА: емделушінің / клиенттің/ отбасының және қоғамдастықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіби этикалық қағидаттарға, сондай-ақ құпиялық қағидаттарына бейімділігін көрсетеді.

2.2-БҚ

РӨЛДЕР ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК: Өз рөлін, құқықтары мен жеңілдіктерін саналы түсінеді; өзінің әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін нормативтік-құқықтық кесімдерге және ұйымдастырушылық талаптарға сәйкес өзіне жауапкершілік алады.

2.3-БҚ

РЕФЛЕКТИВТІК ТӘРТІП: өз әрекеттерінің тиімділігін, кәсіби команданың және жалпы ұйымның қызметін талдауға, әрекеттерді түзетуге және соңғы нәтижеге жауапкершілік тартуға қабілетті.

2.4-БҚ

ОҢТАЙЛЫ ЖҰМЫС ОРТАСЫ: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды, уақытты тиімді басқарады, мықты командалық рухты және оңтайлы психоэмоционалдық климатты қолдауға жауапкершілік тартады.




3-БҚ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР: түрлі адамдармен түрлі жағдайларда технология- лардың кең ауқымын қолданып тиімді өзара қарым-қатынас жасауға қабілетті.

3.1-БҚ

КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР: қазақ және орыс тілдерінде түрлі жағдайларда ауызша және жазба түрінде тиімді кәсіби қарым-қатынас дағдыларын көрсетеді.

3.2-БҚ.

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданады.

3.3-БҚ

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: мәдениеті, сенімі, дәстүрі, ұлты, өмір сүру салты және көзқарасы бойынша әр түрлі адамдармен өзара қарым-қатынас жасау қабілетін және құрмет көрсетеді.

3.4-БҚ

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС: Кәсіби мақсаттарында ағылшын тілін кем дегенде Intermediate деңгейінде көрсетеді.




4-БҚ

ИННОВАЦИЯЛАР: түрлі міндеттер мен проблемаларды жеке және топпен шығармашылықпен шешуге қабілетті, қызметінің тиімділігін және нәтижелілігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолдану және енгізу.

4.1-БҚ

КРЕАТИВТІЛІК: түрлі міндеттер мен проблемаларды шешуді шығармашылықпен қарауға, жаңа жақсартылған шешімдерді табуға қабілетті.



4.2-БҚ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС: түрлі мамандық, көзқарас және тәжірибе иелерінің командалық жұмысының нәтижесінде жаңа идеяларды ойлап табуға қабілетті.

4.3-БҚ

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖАҚСАРТУ: технологиялардың қажеттілігіне қажеттілікті айқындайды, басымдықтарды анықтайды, қызметінің нәтижелілігін және тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды қолданады, жоспарлайды және енгізеді.

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР:



1-КҚ

КЛИНИКАЛЫҚ МЕДБИКЕЛІК ІС: емделушіге орталықтандырылған қауіпсіз күтімді жүзеге асыруға, тәуелсіз шешімдер үшін, қызметшілердің әрекеті мен басқаруға жауапкершілікті қабылдауға қабілетті.

1.1-КҚ

ҚАУІПСІЗДІК: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады, қауіпсіздік деңгейінің түрлі технологияларын қолданады, оларды сын тұрғысынан бағалайды және күтпеген және тез өзгеретін жағдайларға, сондай-ақ дағдарыс және дау жағдайларына бейімдейді.

1.2-КҚ

КЛИНИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР МЕН БІЛІМДЕР: Операциялық процедуралардың және дәлелді медбикелік басшылықтардың (стандарттардың) стандарттарына сәйкес қауіпсіз және емделушіге орталықтандырылған медбикелік күтімді қамтамасыз ету үшін клиникалық дағдылар мен технологиялардың кең ауқымын меңгерген. Денсаулықтың бұзылуы туралы терең білімді меңгерген және жеке адамдарға, отбасыларға және топтарға медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жүзеге асырады.

1.3-КҚ

ЕМДЕЛУШІГЕ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН МЕДБИКЕЛІК КҮТІМ: заманауи теориялық және клиникалық білімдерді қолданып, медбикелік күтімдегі қажеттіліктерді дербес анықтайды, сондай-ақ емделушіге орталықтандырылған медбикелік күтім жоспарын әзірлейді; емделушімен бірге оның отбасының пікірін ескеріп, шешім қабылдайды; жеке тұлғаға бағытталған емделушіге орталықтандырылған кіріктірілген медбикелік күтімді көрсетіп, емдеудің нәтижесіне негіз жасай отырып, күтім жоспарын жүзеге асырады, келесі күтім бойынша кеңестер ұсынады.

1.4-КҚ

МЕДБИКЕЛІК ІСТІ ҚҰЖАТТАНДЫРУ: қажетті компьютерлік технологияны қолданып, медбикелер жіктемесінің жүйесі және электрондық медициналық жазбалар жүйелемесі негізінде медбикелік құжаттаманы уақтылы және дәл жүргізеді; құжаттамаға мониторинг және талдама жасайды.




2-КҚ

ҒЫЛЫМИ ӘДІС ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДБИКЕЛІК ТӘЖІРИБЕ: медбикелік істе ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді медбикелік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды.

2.1-КҚ

ДӘЛЕЛДЕМЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН АҚПАРАТТЫ КІРІКТІРУ ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ: озық медбикелік технологияларды әзірлеуге көзделген биомедициналық және медбикелік зерттеулер саласындағы ақпаратты сын тұрғысынан бағалайды, дәлелді медбикелік тәжірибе неігзінде негізделген шешімдер қабылдайды.

ПК -2.2

МЕДБИКЕЛІК ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: медбикелік қызметті қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды ары қарай дамыту, жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулерді жоспарлау барысында шығармашылық көрсетеді.

ПК -2.3

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТИІМДІ ТАРАТУ: зерттеулер нәтижелерінің ғылыми ұсынысын тиімді жүзеге асырады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, түрлі ұсынулар түрлерін көрсетеді, түрлі аудиторияларға зерттеулер нәтижелерін таратады.




3-КҚ

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ САПА: өзінің дербес әрекеттеріне және команданың жұмысына жауапкершілік танытады; барлық жағдайларда тиімді мамандық аралық қызметке және сапа қағидаттарына бейімделген.

3.1-КҚ

САПА: ақпаратты, озық тәжірибені таратудың жоғары құндылығын мойындайды, медбикелік қызмет көрсетудің және өзінің кәсіби қызметінің сапасын жақсартуда жауапкершілік танытады.

3.2-КҚ



МЕДБИКЕЛІК ІСТЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ: басшылықты техникалық және кәсіптік білім бар медбикелік қызметшілермен және студенттермен қамтамасыз етеді; медициналық ұйым жұмысының тиімділігін арттыру бойынша басқарушылық шешімдерді әзірлеуге қатысады.

3.3-КҚ

КОЛЛАБОРАЦИЯ/ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: басқа мамандармен бірге командада жұмыс жасайды, топтық мақсаттарға жетуде жауапкершілікті бөліседі, медбикелік күтімнің сапасын арттыру мақсатында өзара тұрақталған кәсіпаралық ынтымақтастыққа ұмтылады.




4-КҚ.

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ: салауатты өмір салтына ықпал етудің әдістері мен стратегияларының және жеке/ отбасылық/ көпшілік деңгейлерде дербес күтім жасаудың кең ауқымын меңгерген.

4.1-КҚ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУДЫҢ ТӘРТІПТІК СТРАТЕГИЯЛАРЫ: Денсаулықты жақсарту үшін өмір салтына ықпал ету және жеке тұлғалардың және олардың отбасыларының дербес күтім жасауын ынталандыру арқылы жеке / отбасылық/ қоғамдық деңгейлерде тиімді тәртіптік стратегияларды қолданады.

ПК -4.2

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ: қауіп және қорғаныс факторларын айқындайды, жеке /отбасылық/ көпшілік деңгейлерде алдын алу әрекеттерін жоспарлайды, осындай әрекеттердің тиімділігін бағалайды.

4.3-КҚ

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ: қоғам деңгейінде денсаулықты нығайту саласында түрлі стратегиялар мен саясатты жүргізуді жылжытуға қатысады.




5-КҚ.

ОҚЫТУ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҚ: медбикелік істе түрлі емделушілер мен топтарды оқыту үшін әдістер мен материалдардың кең ауқымын меңгерген.

5.1-КҚ

КЛИНИКАЛЫҚ КОНТЕКСТТЕ ЕМДЕЛУШІНІ / КЛИЕНТТІ / ОТБАСЫН ОҚЫТУ: денсаулықты сақтау және өзіне-өзі көмек көрсету үшін индивидумның / топтың/ отбасының жеке ресурстарын және олардың қажеттіліктерін анықтайды. Оқытудың жоспарын әзірлейді, жоспарға сай емделушіні олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін дербес медбикелік күтімді орындауға оқытады, олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.

5.2-КҚ

ҮЙРЕТУШІ ӘДІСТЕР МЕН МАТЕРИАЛДАР: емделушілердің қажеттіліктеріне сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жеке даралығына ықпал етіп, оқытудың және басшылықтың әдістерін таңдауға және қолдануға қабілетті; үйретуші шаралардың тиімділігін арттыру үшін соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде емделушіге / клиентке / отбасына арналған оқу-ақпараттық материалдар әзірлейді.

Қолданылған қысқартулар:


АП – арнайы пәндер
ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер
БҚ – базалық құзыреттілік
КТ – клиникалық тәжірибе
ҚА – қорытынды аттестация
КҚ – кәсіби құзыреттілік
ЖБП – жалпы білім беру пәндері
ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер
ЖКП – жалпы кәсіби пәндер
Т – кәсіби тәжірибе

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша


орта білімнен кейінгі білім берудің
Типтік кәсіби оқу бағдарламасына
3 қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет