Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің


Бөлім. Білім алушылардың дайындық



бет4/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2 Бөлім. Білім алушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптар

8. Орта білімнен кейінгі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен орта білімі бар (жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім) азаматтар қатарынан мамандарды даярлауға бағытталған.


9. Орта білімнен кейінгі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білімді меңгергісі келген тұлғалардың осының алдыңғы деңгейіне қойылатын талаптар осы МЖМБС-тың 1 қосымшасына сай ұсынылған.
10. Осы МЖМБС модульдік оқыту шеңберінде жүзеге асырылатын құзыреттілік әдісті қолдануды қарастырады.
11. Базалық құзыреттілікке қойылатын талаптар Бағдарламаның 5-қосымшасына сай заманауи қоғамда әмбебап білім, білік, дағдыларын, кәсіптік мобильдігін қамтамасыз ететін қасиеттері мен қабілеттерін, бәсекеге қабілеттілігін және әлеуметтік қорғалуымен мазмұндайды.
12. Кәсіптік құзыреттілікке қойылатын талаптар маманның кәсіптік қызметті өздігінен орындауға дайындығы ретінде, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, қызметінің негізгі міндеттерін шешуге, сондай-ақ белгілі бір білім, біліктерді, қатынастарды Бағдарламаның 5-қосымшасына сай дайындығы ретінде мазмұндайды.
13. Орта білімнен кейінгі «Медбикелік іс» мамандығы бойынша оқытуды аяқтаған тұлғаларға «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі тағайындалады және мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген және оларды беру Ережелеріне сәйкес (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Реестрінде № 10348 тіркелген) мемлекеттік үлгідегі құжат қосымшасымен (транскрипт) беріледі.
3 Бөлім. Білім берудің мазмұнына қойылатын талаптар

14. Орта білімнен кейінгі білім беру құрылымының мазмұны есептеу-өлшегіш құралдарымен белгіленген талаптарға сәйкес анықталады: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 (ары қарай – Типтік ережелер) қаулысымен бекітілген орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметінің Типтік ережелеріне сәйкес академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне байланысты анықталады.


15. Жоспарлау және білім беру қызметін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Оқу жоспарлары ҮОЖ және ОЖЖ болып бөлінеді.
16. Қолданбалы бакалавриаттың «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі ТОЖ осы МЖМБС қосымшаларына сәйкес мамандықтардың білім беру бағдарламаларының құрылымын, көлемін және мазмұнын, білім алушылардың дайындық деңгейін және оқытудың нормативтік мерзімдерінің жиынтығын анықтайды.
17.ТОЖ орта білімнен кейінгі МЖМБС негізінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша әзірленеді. МК тізімдемесі мен пәндердің көлемі осы МЖМБС-қа 3-қосымшаға сай ТОЖ-мен анықталады. Пәндердің көлемін қысқартуға болмайды.
18. ТОЖ мазмұны келесілерді оқытуды қарастырады:
1) орта білімнен кейінгі кіріктірілген модульдік бағдарламаларды оқыту;
2) жалпы гуманитарлық пәндер (бұдан әрі – ЖГП), әлеуметтік-экономикалық пәндер (бұдан әрі – ӘЭП), жалпы кәсіптік (бұдан әрі – ЖКП), арнайы пәндер (бұдан әрі – АД), типтік кәсіптік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – Бағдарлама) 2,4 қосымшаларына сай «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша клиникалық және кәсіптік – дипломалды практикаларды өту.
19. Оқу білім беру бағдарламаларына міндетті пәндермен бірге элективті пәндер де енеді. Элективті пәндер білім алушылардың жеке қабілеттері мен сұраныстарына және жұмыс берушілердің талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған.
20. Қолданбалы бакалавриаттың «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша ТОЖ негізінде студенттерге ЖОБ құрастырылады. ЖОБ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын анықтайды.
ТОЖ-ына МК пәндері мен оқу қызметінің түрлері (практикалар, ТОЖ-нан және элективтік пәндерден диплом жұмысын орындау және қорғау) енгізіледі.
21. ЖОЖ «Мейіргер ісі» мамандығы ТОЖ негізінде оқу жылына әзірленеді және педагогикалық кеңес шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
ЖОЖ-да оқу жылына арналған пәндер тізімдемесі және олардың кредиттегі еңбек көлемі, оқыту тәртібі, оқу сабақтарының және бақылау түрлері, практикалар түрлері, диплом жұмысын орындау және қорғау анықталады.
22. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру пәндердің оқу-әдістемелік кешендері негізінде жүзеге асырылады. Оқу-әдістемелік кешендердің түрлері, құрылымы мен әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 (бұдан әрі – Ережелер) бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру Ережелеріне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік № 6976 Реестрінде тіркелген) сәйкес білім беру ұйымымен анықталады.
23. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда орта білімнен кейінгің білім беру ұйымы таңдайды:
1) оқыту технологиясы, нысаны, оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері;
2) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау мерзімділігі мен тәртібі, түрлері.
24. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейі келесі бақылау түрлерімен жүзеге асырылады: аралық аттестация, диплом қорғау түріндігі қорытынды аттестация және ол ТОЖ-да көрсетіледі. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алу Ережелердің 2-қосымшасына сай олардың транскриптінде үлгі бойынша көрсетіледі.
25. Орта білімнен кейінгі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру базалық жоғары білімі бар ғылыми-педагогикалық кадрлармен (оның ішінде жоғары медбикелік білім), оқытылатын пәннің бейініне сәйкес және педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қызметпен жүйелі айналысатын, сондай-ақ практикалық денсаулық сақтау саласында базалық білімі бар (оның ішінде жоғары медбикелік білім) немесе «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавр» біліктілігімен орта білімнен кейінгі білімі бар сәйкес педагогикалық білім бар білікті мамандармен қамтамасыз етіледі.
26. Симуляциялар арнайы пәндер оқытушысының басшылығымен арнайы пәндер кабинеттерінде, симуляциялық орталықтарда жүзеге асырылады,
27. Тәжірибелік дайындыққа енеді:
1) клиникалық тәжірибе;
2) кәсіптік (дипломалды) тәжірибе.
Міндетті клиникалық тәжірибені өту орындарының тізімдемесі кәсіптік біліктілікті тану туралы 2013/55/EU Директивасына сәйкес: жалпы және мамандандырылған медицина; жалпы және мамандандырылған хирургия; баларға күтім және педиатрия; акушерлік; психикалық денсаулық және психиатрия; қарт адамдар мен қартайған адамдарды күту және гериатрия; үйде күту.
28. Клиникалық және кәсіптік (дипломалды) тәжірибелердің мерзімі мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен анықталады.
29. Клиникалық және кәсіптік (дипломалды) тәжірибелер жұмыскерлермен келісім шарт негізінде медициналық ұйымдарда жүргізіледі, оның ішінде дуалдық оқыту концепциясы шеңберінде, менторлардың басшылығымен және оқыту барысында алған білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдылар алуға және Типтік ережелерге сәйкес кәсіптік құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған.
30. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аудиториялық қордың, мамандандырылған кабинеттер мен зертханалардың, симуляциялық жабдықтың, оқу әдебиетінің кітапханалық қоры мен оқу-әдістемелік құралдардың, оның ішінде: электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдар мен пәндер, клиникалық пәндер бойынша ұсыныс-кеңестер, инновациялық және ақпараттық компьютерлік технологиялар қолданылған дипломдық жобалардың болуымен қамтамасыз етіледі.
31. Оқу үрдісін материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы өкілетті органдар белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес келеді.
32. Білім беру оқу бағдарламасының тәрбиелік компоненттері ұлттық құндылықтарды сіңіруге, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтарын және қабілеттерін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған қызметті жүзеге асыруға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет