Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министінің


Бөлім. Білім алушылардың ең жоғарғы оқу жүктемесінің



бет5/16
Дата21.06.2023
өлшемі174,64 Kb.
#102801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
! 07

4 Бөлім. Білім алушылардың ең жоғарғы оқу жүктемесінің
көлеміне қойылатын талаптар

33. Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі олардың әрбір оқу модулі бойынша меңгерген Бағдарламаның 6, 7-қосымшаларына сәйкес академиялық сағатпен/кредитпен өлшенеді.


Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Барлық тәжірибелер түрінің бір академиялық сағаты, студенттердің қорытынды аттестациясы 50 минутқа тең.
34. Профессорлық педагогикалық құрамның оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе академиялық сағатпен жүзеге асырылады. Онда оқытушының жұмысы студентпен кесте бойынша аудиториялық оқу сабақтарында байланыс уақытын ұсынатын немесе жеке оқу жұмысының басқа түрлеріне арналған бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылады.
35. Білім алушылардың ең жоғарғы оқу жүктемесі барлық аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысын қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 «Сәйкесінше білім беру деңгейінде жалпыміндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – 1080 Қаулы) қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыміндетті орта білімнен кейінгі білім беру стандартына сай аптасына 54 сағаттан аспауы керек.
36. Күндізгі оқыту нысанындағы білім алушылардың аудиториялық сабақтарының көлемі аптасына теориялық оқыту кезеңінде 36 сағаттан аспауы керек, мұнда 1080 Қаулыға сәйкес көрсетілген көлемге элективті пәндер бойынша сабақтар мен студенттердің өзіндік жұмыстары (ары қарай – СӨЖ) кірмейді.
37. Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушыларға арналған кеңестер оқу тобына аралық және қорытынды аттестация қарастырылған пәндер бойынша сағаттардың ішінде емтихан және диплом жұмысын орындау түрінде қарастырылады.
38. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 1 шілдеде аяқталады. Демалыс уақыты жылына 11 аптаны құрайды, оның ішінде қыс мерзімінде – Типтік ережелерге сай 2 аптадан кем емес.
39. Оқытуды аяқтауға жіберілен уақыт (диплом жобалау және қорытынды аттестация) 8 аптадан аспауы керек. Дипломалды тәжірибенің ұзақтығы 8 аптадан аспайды.
40. Білім алушылардың қорытынды аттестациясына кіреді:
1) біліктілік тағайындаумен диплом жұмысын қорғау.
41. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестациялау толық оқыту курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейлерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
42. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау түрі мен оқу уақытының көлемі оны өткізуге екі аптадан артық уақытты құрайды.
43. Оқу пәндерін оқыту бірізділігін белгілеу, оқу уақытын бөлу әрбір курс бойынша және семестр бойынша пәнаралық байланыстар ескеріліп жүргізіледі.
44. «Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақтар міндетті болып саналады және аптасына 4 сағаттан аспайтындай жоспарланады.
45. Модульдер бойынша симуляция жүргізгенде топтарды білім алушылардың саны 13 адамнан аспайтын топшаларға бөлу қарастырылады.
46. Оқытуды аяқтағаннан кейін білім алушыларға диплом қорғаумен және «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігін тағайындаумен қорытынды аттестаттау жүргізіледі.

«Мейіргер іс» мамандығы бойынша


мемлекеттік жалпы міндетті
орта білімнен кейінгі стандартқа
1-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет