5.10. Топырақ ластануы қауіптілігі деңгейлерін бағалау
Аудандастыруда гигиеналық тұрғыдан топырақ ластануының және топырақтын қауіптілік дәрежесін бағалау әртүрлі заттармен ластану қауіптілігінін дәрежесін бағалау, топырактың контакт жасайтын орталарына (су, ауа), тағамдық өнімдерге және олар арқылы адамға мүмкін колайсыз әсерінің деңгейімен аныкталады. Топырақтың зиянды заттармен ластану кауіптілігінің дәрежесін гигиеналық бағалаудың негізгі критерийі гигиеналық нормативтер және гигиеналық нормативтер болмағанда топырақтағы заттардың фондық(кларктық) концентрациялары.
Топырақтардың химиялық заттармен ластану қауіптілігін бағалауда ескеру керек жағдайлар:
l. Топырақ ластануының қауіптілігі неғұрлым жоғары және 1асса, топырақ қауіптілік коэффициентінің мағынасы соғұрлым жоғары болады:
С
Кқ ____ > 1 ,
ШРЕК
Мұнда − С бақыланатын зат мөлшері.
Қ – бақыланатын заттың құрамы
2. Бақыланатын заттардың қауіптілік кластары неғұрлым жоғары болса, топырақ ластануының қауіптілігі соғұрлым жоғары болады;
3.Топырақтың кез келген улы затпен ластануы қауіптілігін бағалау топырақ буферлігі ескерілуімен жүргізіледі (ортаның рН, химиялық заттардың қозғалмалығы, контакты бар орталарға әрекеті және өсімдіктерге ашықтығы).
Сондықтан Kқ бірдей шамасы болғанда қышқылдық мағынасы рН < 7ге aз мөлшердегі гумусты және механикалық құрамы жүмсақтау топырақтар үшін ластану қауіптілігі жоғарырақ болады. Химиялық максималдық концентрациялары ластанған атмосфералық ауаның жерге жақын қабатымен контактыдағы топырақтың жоғарғы қабатында жиі кездеседі. Сондықтан топырақтың жоғарғы қабатында жинақталатын химиялық элементтер және басқа зиянды заттар тобы ластану көзі ретіндегі өндірістер шығарындыларының құрамын көрсетеді.
Топырақтардағы фондық (кларктық) заттар мөлшері олардың техногендік әрекеттің ластану ошақтарынан алыс қашықтықтағы табиғи немесе аномальді жер бөліктеріндегі мөлшерін сипаттайды. Аномальдық деңгейін немесе топырақта зиянды заттардың антропогендік жүктемесін сандық бағалау үшін формула бойынша есептелетін концентрация коэффициентін (Kc) анықтайды:
Кс = Сі/Сср,
мұнда Ci − зерттелетін нысанда элемент концентрациясы,
ал Сср − оның фондық мөлшері.
Тұрғындар денсаулығына индикаторлар ретінде тура емес қолайсыз әрекетін топырақтардың зиянды заттар комплексінің антропогендік ластану деңгейін бағалау. жиынтық көрсеткіш (Zc) бойынша жүргізіледі. Топырақтар ластануының жиынтық көрсеткіші зиянды заттар концентрациялары коэффициенттерінің қосындысына тең және мынадай формулада көрсетіледі:
Zс = ∑Кс −(n-1),
мұнда п− қосылатын заттар саны.
Топыраққа антропогендік жүктеменің геохимиялық комплекстік көрсеткіштері таратылуын талдау селитебтік және ауылшаруашылықтық территориялар топырағы ластануының кеңістіктік құрылымын береді.
Қоршаған ортаның антропогендік әрекетіне душар болған территорияларды гигиеналық аудандастыру және топырақтар ластануының қауіптілік дәрежесін Zc көрсеткіші бойынша бағалау, қалалардың ауалық бассейндерінің металдармен де, басқада ең көп жайылған ингредиенттермен (шаң, көмір диоксиді, азот оксидтері, күкірт ангидриді) дифференттік ластануын көрсетеді және бағалау шкаласы бойынша жүргізіледі (l кесте).
Кесте 1 – Ластанудың жиілік көрсеткіші бойынша (Zc) топырақ ластануы қауіптілігін болжамды бағалау шкаласы
Топырақтың ластану категориялары |
Zc шамасы
|
Ластану ошақтарындағы тұрғындар денсаулығы көрсеткіштерінің өзгеруі
|
Рұқсат етілген
|
16 дан аз
|
Балалар аурушаңдығының аса төменгі деңгейі мен функционалды ауытқулардың минималды жиілігі
|
Орташа қауіпті
|
16-32
|
Жалпы аурушаңдықтың артуы.
|
Қауіпті
|
32-128
|
Жалпы аурушаңдықтың артуы, жиі ауыратын балалар саны, созылмалы аурулары, жүрек қантамыр жүйелері жағдайының функционалды ауытқулары бар балалар.
|
Аса қауіпті
|
128 көп
|
Балалар аурушаңдығының артуы, әйелдердің репродуктивті функциясының бұзылысы, жүктілік кезіндегі жеріктік пен уақытынан бұрын босану, өлі туушылық пен жаңа туылғандардағы гипотрофия.
|
Гигиеналық аудандастыру және елді мекендер топырақтарының ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіретін топырақтардың ластану қауіптілігінің дәрежесін бағалау үшін транслокациялық зияндылық коэффициенті колданылады. Бұл көрсеткіш транслокациялық коэффициент (Km) немесе жинақтау коэффициенті деп аталады. Ол өсімдіктегі элементтер (металдар, радионуклидтер, пестицицтер және т.б.) концентрациясының олардын топырақтағы концентрациясына қатынасымен анықталады.
Ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіру мүмкіндігі үшін топырактың химиялык заттармен ластану қауіптілігін бағалау шкаласы бойынша анықталады (2 кесте).
Кесте 2 – Химиялық заттармен ластанған ауыл шаруашылығына арналған топырақтарды бағалаудың нақты сызбанұсқасы
Топырақтың ластану категориялары
|
Ластану сипаттамасы
|
Аймақты пайдалану мүмкіндіктері
|
Ұсынылатын шаралар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Рұқсат етілген
|
Топырақтағы химиялық заттардың құрамы фондық деңгейден асқан, бірақ жалпы ШРЕК жоғары емес
|
кез−келген ауылшаруашылық дақылдарын пайдалану
|
Топырақты ластаушы көздердің әсер ету деңгейін азайту. Өсімдіктер үшін токсиканттардың деңгейін азайту боынша шараларды жүргізу (әктеу, органикалық тыңайтқыштарды енгізу және т.б.)
|
Орташа қауіпті
|
Топырақтағы химиялық заттар құрамы лимиттеуші, жалпы санитарлық миграциялы-сулы және миграциялы-ауалы көрсеткіш қауіптілігі ШРЕКтен жоғары, бірақ транслокациялық көрсеткішінің шекті деңгейінен төмен.
|
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сапасын қадағалауда кез-келген дақылды пайдалану
|
1 категория типіне сәйкес іс-шараларды жүргізу, лимиттеуші миграциялы ауалы көрсеткіштері бар осы заттарды барысында тыныс алу аймағы мен жергілікті су көздері а/ш жұмысшыларына әсерін бақылау.
|
Қауіпті
|
Топырақтағы химиялық заттардың құрамы шектеуші, транслокациялық қауіптілік көрсетккіші ШРЕК тен жоғары
|
Техника дақылдарын қолдану. Өсімдік концентрат есебі шектелген ауыл шаруашылығы дақылдарын.
|
1 категория типіне сәйкес іс-шараларды жүргізуден бөлек азықтарда өсімдіктердегі токсиканттар құрамына міндетті бақылау
Қажет жағдайда таза топырақта өскен азық-түліктермен өсімдіктерді алмастыра егу ұсынылады. Өсімдік –концентрат есебімен малдар азықтарына жасыл өнімді шекті қолдану.
|
Аса қауіпті
|
Барлық қауіптілік көрсеткіштері бойынша ШРЕК тен асатын химсиялық заттар құрамы.
|
Техника дақылдарын қолдану немесе а/ш өнімдерінен орманды қорғау жолақтарын алып тастау.
|
Топырақтағы улы заттар бірігетін ластану деңгейін төмендету бойынша іс шаралар. Тыныс алу аймағы мен жергілікті су көздері а/ш жұмысшыларына улы заттар құрамының әсерін бақылау.
|
Елді мекендердің топырақтары ластану дәрежесін бағалау және аудандастыру мынадай қағидаттар бойынша анықталады:
1. Химиялық заттармен ластанған топырақтын эпидемиологиялық мәнділігімен.
2. Атмосфералық ауанын жерге жақын қабатының екінші ластану көзі ретінде және оның адаммен тура контактысы болғанда ластанған топырақтың рөлі.
3. Атмосфералық ауа ластануының индикаторы ретінде топырақ ластануы дәрежесінің маңыздылығы.
Елді мекендер топырағының эпидемиологиялық қауіпсіздігін ескерудің қажеттігі, химиялық жүктеме көбеюімен топырақ ластануының эпидемиялық қаупі артуына байланысты. Осылайша, химиялық заттармен ластанған топырақта, топырақтық микробиоценоздар (патогендік ішек микрофлорасының антагонистері) азаюы және оның биологиялық белсенділігі төмендеуі, фонында патогендік энтеробактериялар мен геогельминттер табылуы жиі байқалады.
Бұл, олардың топырақтың химиялық ластануына табиғи топырақтық микробиоценоздар өнімдерінен гөрі төзімдірек екендігін көрсетеді. Елді мекендер топырағының эпидемиялық қауіптілік деңгейін бағалау, патогендік энтеробактериялар мен энтеровирустар табылуы ықтимал негізінде өңделіп жасалған бағалау шкаласы (схема) бойынша жүргізіледі.
Эпидемиялық қауіпсіздіктің критерийі топырақта патогендік агенттердің болмауы (3 кесте)
Кесте 3 – Елді мекендер топырағының эпидемиологиялық қауіптілігін бағалау
Ластану кaтeгopиясы
|
Oбъeктілер
|
Ластану көрсеткіштері
(1 грамм топырақтағы жасушалар)
|
Ішек иаяқшалары
|
Энтepo-
кoкктар
|
Пaтoгeн
энтepo
бaктepиялар.
|
Энтepo-виpуcтар
|
Гeль-минттер
|
Таза
Ластанған
|
1. қауіптілігі жоғары зoналар: бала-бақшалар, балалар ойнайтын аудандар, су көздерін санитарлық қорғау аймақтары
|
1-9
10 және одан жоғары
|
1-9
10 және одан жоғары
|
-
±
|
-
±
|
-
±
|
Таза
Ластанған
|
2. санитарлық қорғау аймақтары
|
1-99
100 және одан жоғары
|
1-99
100 және одан жоғары
|
-
±
|
-
±
|
-
±
|
Қазақстандағы топырақ жағдайын бағалауды РММ«Казгидромет» жүргізеді. Сапаның негізгі критерийі топырақтағы негізгі ластаушыларға қойылатын шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРЕК). Кадмий, қорғасын, мырыш, мыс және хорм бойынша ШРЕКтен артуын Республика қалаларында ірі өнеркәсіп мекемелерінің санитарлық-қорғау аймақтары шекарасында және ірі автомагистралдар аймақтарында анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |