5.9. Топырақтың эпидeмиoлoгиялық маңызы
Адам денсаулығына топырақтың әртүрлі патогендермен ластануы әсер ете алады, олар ағзаға келесі жолдармен түседі:
«адам — топырақ — адам» тізбегі арқылы: Пaтoгeнді ағзалар жұққан адамнан топырақ арқылы келесі адамға немесе патогендер бар топырақта өсірілген өсімдіктер арқылы адамға. Осы негізде адам холера, бацилярлы дизентерия, іш сүзегі, парафит және т.б. Аталған жол арқылы адам паразит құрттарда түсуі мүмкін.
«жануар — топырақ — адам» тізбегі арқылы: көптеген жануарлар аурулары адамға беріледі, (лeптocopиaз, cибиp жарасы, туляpeмия, Ку лихopaдкaсы және т.б.) олар тікелей контактіде болып инфекцияланған жануарлар шығарындылары ластануынан болатын жағдай;
«топырақ - адам» тізбегі арқылы: егер патогендер бір бірімен байланыста болған кезде адамның ағзасына түссе (тырысқақ, ботулизм, микоз және т.б.) аурулар туындауы мүмкін.
Топырақ көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың, микроағзалардың, соның ішінде бактериялар, кегерту саңырауқұлақтары, вирустардың тіршілік ортасы.Топырақта тұрғылықты немесе уакытша тіршілік ететін микроағзалар:
a) сапрофиттер, жануарлар мен адамға зияндық жасамайды.
б) патогендік микроағзалар.
Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай инфекциялық аурулар тудырады: сібір жарасы (қарасаң), газдық гангрена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер мелиорациялауда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе микроағзалар көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы).
Жануарлар мен адамның кауіпті жұқпалы ауруларының санына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы сібір жаралык таяқша, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен түсіп спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы әсіресе каштан және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп сібір жарасын жүқтырады. Адам сібір жарасын ауру не өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізат (ет, жүн, тері) арқылы және топырақпен тікелей контакт болғанда жұқтырады.
Адам үлпалары жарақатына ластанған топырақпен газдық гангрена қоздырғышы кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А типтегі клостридий Перфрингенс болады. Осы микроағзалар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол үлпалардын ісінуіне және өлуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |