Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет62/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Ботулизмді жұқтырту өнімдерді үй жағдайында сүрлеп дайындаумен жиі байланысты: тұздаған не қақтаған балық, консервіленген санырауқұлактар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы өндіретін токсин анаэробтық жағдайларда адам ағзасына өзінін әрекеттік күші бойынша барлық баска бактералдық токсиндер мен химиялық улардан асып түседі.
Актиномицеттер, терінің үстіңгі бетінде және терең микоздар болдырады, және туберкулез, алапес дифтерия микобактериялары топыраққа түскенде әжептеуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға тіршілікке кабілеттілігін сақтайды.
Адам ағзасына кіретін глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар гельминтоздар таралуында топырақтың рөлі үлкен. Кейбір гельминттердін даму стадияларының біреуі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттермен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда, адам ағзасына гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін. Жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен сиыр, шошқа етін қолданып, адам гельминттерді жұқтыруы мүмкін.
Топырақты уақытша тіршілік ететін микроағзалардың үлкен тобын ішек инфекцияларынын қоздырғыштары құрайды (іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, холера), бруцеллез, туляремия, оба. Олар топыраққа белгілі жағдайларда түседі (ауру жануарлар мен адамдар шығарындыларымен, ағынды сулармен). Топырақ олар үшін колайлы орта деп айтуға болмайды. Бірақ, олардың кейбіреулері, әсіресе ластанған топырақта ұзақ уакыт іш сүзегі, паратифтер және холера қоздырғыштары бірнеше тәуліктен 5 айға дейін тіршілікке кабілетін сактайды.
Энтеровирустар полиомиелиттің және кейбір ішек ауруларының қоздырғыштары топырақта 25 тен 170 күнге дейін сақталады. Әдетте адам ішек инфекцияларын, ластанған көкөністер арқылы, әсіресе шаруашылық фекалийлік ағынды сулармен егістерді суарғанда жұқтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет