Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет116/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   148
III.4-2 жағдаяттық тапсырма 
Науқас К., 47 жаста, ғылыми қызметкер, басының ауыратындығына, бас 
айналуына, ұйқысының бұзылуына, жыныстық қызметінің нашарлауына шағымданады. 
Өзін 5 жылдан бері ауру санайды, ауруын бас-сүйек миында зақымдану болғаннан кейін 
үздіксіз тамақ ішкісі келе беретіндігімен байланыстырады. Объективті: Науқас орта 
бойлы, гиперстеник, терісі және бұлшық еттері болбыраған. Тері шелмайы артық 
дамыған, әсіресе құрсақ аймағында. Жүректің шекарасы солға кеңейген. Жүректің 
дыбысы бәсеңдеген. АҚ 160/95 мм сын. бағ. ЭКГ сол қарыншаның гипертрофиясы
рентгенологиялық зерттеуде қолқа доғасының ұлғайғандығы анықталды. Қан 
талдамасында: холестерин деңгейі – 6,8 ммоль/л, холестерин ЖТЛП – 1,1 ммоль/л, 
холестерин ТТЛП – 4,45 ммоль/л. 
Науқасқа дене шынықтыру мен жеміс-жидектерге бай, қуаттылығы төмен, аторвастатин 
және жануарлар майы шектелген диета тағайындалды. Тәулігіне 20 г өсімдік майын 
қабылдау керектігі ұсынылды. 
1.
 
Науқаста май алмасуының бұзылысы бар ма? Семіздіктің себебі мен даму 
механизмі қандай?
2. Холестериннің деңгейіне жеміс-жидектер, өсімдік майы қалай әсер
етеді? 
3. Науқастың атерогендік коэффициентін есептеңіз. Қорытынды жасаңыз. 
III.4-3 жағдаяттық тапсырма 
Науқас С., 55 жаста, тез тоңатынына, ұйқышылдыққа, қоршаған ортаға 
қызығушылықтың жоқтығына, тәбетінің төмендеуіне, шашының көп түсетініне, терісінің 

 

 


144 
ісінуіне шағымданады. Объективті: дене салмағы жоғары, тері асты шелмайы жамбасы 
мен санында басым жиналған. терісі құрғақ, салқын, жарып кеткен. Беті балауыз тәрізді, 
ісінген, әсіресе жоғарғы қабағы. Тілі ісінген. Аяқтарындағы ісікті басқанда шұңқыр 
қалады. Дене температурасы – 35, 3ºС. Зерттеулер жүргізгенде: негізгі зат алмасу 
төмендеген, қалқанша безінің гормондары төмендеген, холестерин деңгейі жоғарылаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет