147
III.4-8 жағдаяттық тапсырма
Науқас П., 44 жаста, құрылыс фирмасының бастығы, ашушаңдыққа, ұйқысының
бұзылуына, тез шаршап қалатынына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, бас ауруына, сол
қолының әлсіз екендігіне және «жыбырлап ине шаншыған сияқты» сезім пайда
болатынына шағымданады. Сұрастыра келе науқастың 30 жасынан бастап артериялық
қысымының 180/100 мм сын. бағ., дейін жоғарылайтыны белгілі болды. Объективті:
Науқас кәрі көрінеді, шаштары ағарған, терісінің тонусы төмендеген, беткейлік
артериялары ширатылған қатты жгут тәрізді, жиілігі бойынша қолдарының тамыр соғысы
бірдей емес. Рентгенологиялық зерттеулерде қолқа доғасы керілген, қабырғаларының
ырғалу амплитудасы әр түрлі, тісшелері деформацияланған. Допплерографияда бұғана
асты артериясының тармақталған жерінде атеросклероздық түйін анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: