1.
Науқаста май алмасуы бұзылысының қандай түрі дамыған?
2.
Науқаста атеросклероз дамуының қаупі жоғарылаған ба?
3.
Қыздың май алмасуының өзгерістері мен оның әкесіндегі өзгерістер арасында
байланыс бар ма?
III.4-6 жағдаяттық тапсырма
Науқас С., 10 жаста, 2-жасында аяғының саусақтары аймағында ксантомалар пайда
болған. Содан кейін 2 жылдан соң, жамбасында, саусақ аралық кеңістікте, алақаны мен
тізесінде қызыл-сары түсті ксантомалар пайда болып, ал, көзінің (70 сурет).айналасын
ксантелазмалар басқан. Сонымен қатар, білезік буынының, тізе және тобық буындарының
ауыратыны мазалайды. Биохимиялық зерттеу барысында: хиломикрондар – 1,6 г/л,
ӨТТЛП – 2,7 г/л, холестерин – 13,7 ммоль/л, холестерин ТТЛП – 6,2 ммоль/л,
үшглицеридтер – 4,7 ммоль/л. Клиникалық диагноз айқындалған соң, науқасқа
холестирамин (өт қышқылдарының секвестранты), правастатин (ГМГ-КоА-редуктазаның
ингибиторы) тағайындалды. Липотропты және гепатотропты дәрілерді кезеңмен қолдану
ұсынылды.
69 сурет
Ахилл буындарының
сіңірлері аймағындағы
ксантомалар
146
1.
Науқаста май алмасуы бұзылысының қандай түрі дамыған?
2.
Сыртқы орта факторларының осы май алмасуының бұзылысы дамуына
әсері бар ма?
3.
Науқасқа өт айдайтын дәрілерді және статин тобына жататын
дәрілерді тағайындаудың мақсаты неде және дұрыс па?
Достарыңызбен бөлісу: |