Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет140/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   148
Тақырыбы II.6 Гипоксия 
Жағдаяттық тапсырма 
Науқас Ж., 37 жаста, ет консервісін қолданғаннан кейін 12 сағат өткен соң науқаста 
жалпы әлсіздік, басының ауыруы, басының айналуы, жүрегінің айнуы, іш өту байқалған. 
Бірінші тәуліктің соңына қарай науқаста мимикалық және шайнау бұлшықеттерінің 
әлсіздігі, жұтынудың бұзылуы (сұйық тағам мұрынға қарай өтіп кетеді, қатты тағамды 
жұтынғанда науқас шашалып, жұтынуы қиындаған), сөйлеу мәнерінің бұзылуы пайда 
болған. 3-ші тәулікте науқаста жіті тыныс жеткіліксіздігі дамыған. Науқасқа «Ботулизм» 
диагнозы қойылды. Қанның газдық құрамы зерттелді: р
а
О
2
– 56 мм сын.бағ., р
v
O
2
- 32 мм 
сын.бағ., р
а
СО
2
- 51 мм сын.бағ., S
a
O
2
- 68%, S
v
O
2
- 34%, КОС – 17,5көл.%, оттегінің 
мөлшері бойынша а/в айырмашылық – 9 көл.%. 
1.
 
Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? 
2. Гипоксия кезіндегі оттегінің белсенді түрлерінің негізгі шығу көздерін атап 
өтіңіз.
 
3. Гипоксияға ұзақ уақыттық бейімделу механизмдерінің ерекшеліктерін немен 
түсіндіресіз? 
Жауабы 
1. Науқаста эндогенді гипоксияның аралас түрі дамыған - тыныстық, 
циркуляциялық, қандық. Осы өзгерістерді организмнің оттегілік тепе-теңдігін 
сипаттайтын көрсеткіштер нақтылайды - 1) артериялық гипоксемия және гиперкапния 
тыныс жеткіліксіздігінің салдарынан тыныстық гипоксияның дамығанын көрсетеді. Бұл 
ең алдымен, тыныстық бұлшық еттерді нервтендіретін жұлынның алдыңғы мүйізінде 
орналасқан үлкен мотонейрондар белсенділігінің ботулотоксинмен тежелуімен 
байланысты; 2) КОС-ның азаюы гемиялық гипоксияның дамығанын нақтылайды. Бұл 
оттегі мен гемоглобинмен байланысуын бұзатын Na
+

+
насосының ингибициясы және 
пентозофосфатты ұштасымдағы ферменттердің белсенділігін ботулотоксинмен тежеуінің 
нәтижесінде туындаған; 3) оттегінің мөлшері бойынша артериялық/веналық 
айырмашылықтың жоғарылауы – ботулизм кезінде гемодинамиканың бұзылуынан 
туындайтын циркуляциялық гипоксияның дамығанын дәлелдейді. 
2. Гипоксия кезіндегі оттегінің белсенді түрлерінің (супероксид-радикал, 
гидроксилрадикал, сутегінің асқын тотығы, NO-радикал және т.б.) негізгі шығу көздері 
болып саналады: нейтрофилдер мен олардың қызметінің белсенуі патологиялықіне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет