168
қатысатын фагоциттер; ксантиноксидаза үшін субстрат болып саналатын және рН
төмендеген жағдайда АТФ деградациясының нәтижесінде өндірілетін гипоксантин;
тотығулық процестердің ұйымдастырушысы - темірдің трансферринмен байланысқан
түрінің бөлінуі; зат алмасу өнімдерінен арахидон қышқылының өндірілуі; гемоглобиннің
өздігінен тотығуы. ЛАТ процестерін тежеу кезінде өндірілген бос радикалдардың саны
және антиоксидантты жүйенің белсенділігі арасындағы оттегіні қолдау механизмдерінің
тиімділігі басты рөлді атқарады, ал тіндердегі шынайы оттегінің мөлшерінің маңызы аз.
3. Гипоксияға ұзақ уақыттық бейімделу механизмдері ерте қорғаныс-орын толтыру
реакцияларының бірнеше рет немесе ұзақ уақыт бойы белсенуінің нәтижесінде
қалыптасады. Бұл оттегінің қайта өңдейтін (утилизациясы) және тасымалдайтын
жүйелердің қызметтерінің артуына бекітілген құрылымдық–пластикалық қажеттілік
туындаған жағдайда дамиды. Организмнің гипоксияға ұзақ уақыттық бейімделуге
өтуінің негізінде нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің белсенуі жатыр.
Гипоксияға ұзақ уақыттық бейімделу механизмінің бастапқы тізбегі ретінде оттегілік
ашығуға жылдам (апаттық, шұғыл жағдайда) бейімделу кезінде байқалатын зат алмасудың
субстраттары мен оттегіні тіндерге тасымалдау механизмінің белсенуі емес,
жасушалардағы биологиялық тотығу процестері тиімділігінің жоғарылауы саналады.
Тақырыбы III.1 Тұз-су алмасуының бұзылыстары
1 жағдаяттық тапсырма
Науқас Д., 42 жаста, аурухананың қабылдау бөліміне «Жедел жәрдем» көлігімен
жеткізілді. Анамнезінде – саябақта бетін ара шағып алған. 15-20 минөт өткен соң ара
шаққан жер ісініп, қызарып (эритема), қатты қыши бастаған. Кейін жалпы әлсіздік,
қорқыныш сезімі, тыныс алуының қиындауы және құрсақ қуысының ауыруы қосылды.
Дауыс байламдарының ісінуінен науқас сөйлей алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: