Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


 Науқастағы қышқылдық-сілтілік үйлесім бұзылыстарының түрін



Pdf көрінісі
бет143/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

1. Науқастағы қышқылдық-сілтілік үйлесім бұзылыстарының түрін 
анықтаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз. 
2. Қышқылдық-сілтілік үйлесім бұзылыстарының осы түрінің дамуына ықпал 
ететін негізгі себептерді атаңыз.
3. Ұсынылған қышқылдық-сілтілік үйлесім бұзылыстарындағы негізгі теңгерілу
механизмдерін атап өтіңіз . 
Жауабы 
1. Науқаста теңгерілмеген газдық емес (бөлінулік) алкалоз байқалады. рН 7,45-тен 
жоғары болуы – алкалоз дамығанын, ал 7,57 - дейін өсіуі теңгерілмеген түрін дәлелдейді.
SB және BB жоғарылауы –организмде сілтілердің жиналуының айғағы. Буферлік 
негіздердің артық болуын ВЕ көрсеткішінің оң болуы және қалыпты деңгейден жоғары 
болуы айқындайды. рСО

деңгейінің өсуін
- яғни, гиперкапнияны газдық емес алкалозды 
орын толтыру үшін қосылған газдық механизмі ретінде қарастыруға болады.
2. Газдық емес бөлінулік алкалоздың себептері: а) тоқтаусыз құсу, пилоростеноз, 
ішек бітелуі, хлордиарея (ішек патологиясы кезінде туындайтын, Cl
-
және К

көптеп 
шығарылуымен жүретін туа біткен метаболизмдік алкалоз) кезіндегі HCl көптеп шығуы; б) 
диуретиктерді әсіресе ілмектік пен тиазидтік диуретиктерді көп қолданғандағы, бүйрек 
арқылы протондардың көптеп шығарылуы; в) муковисцидоз (термен хлоридтердің шығуы); 
г) организмде Н
+
жасушаларға өтуін және олардың зәрмен көптеп шығарылуын қамтамасыз 
ететін К
+
мөлшерінің азаюы. 
3. Газдық емес алкалоздың компенсациялық механизмдері қанда және жасуша 
сыртылық сұйықтықтардағы гидрокарбонаттардың деңгейін азайтуға бағытталған. Негізгі 
компенсаторлық механизмдерге: а) респираторлық компенсация қосылған кезде өкпенің 
желдетілуі төмендеп, СО

кернеуінің артуы жатады, бірақ бұл ұзаққа созылмайды өйткені
жиналған көмір қышқылы тыныс орталығын қоздырып тынысты жиілітеді; б) 
метаболизмдік 
реакциялардың 
белсендірілуі 
(гликолиз, 
трикарбон 
қышқылы 
оралымдары), ұшпайтын органикалық қышқылдардың түзілуін қамтамасыз етеді - сүт, 



170 
пирожүзім, кетоглутар және басқалар жатады; в) нәруыздық буфердің іске қосылуы, Na
+
орнына H

цитозольге босауын кейін –интерстициалық сұйықтыққа өтуін қамтамасыз 
етеді; г) жасуша ішілік буферлік жүйелер, натрий, кальций катиондарымен байланысып 
сутек иондарын қан плазмасына өткізеді; д) HCO
3
– 
иондарының артық
мөлшерінің 
жасуша аралық сұйықтықтан эритроциттердің цитоплазмасына тасымалдануы; е) 
бүйректік механизм – екі негіздік фосфаттар мен бикарбонаттардың зәр арқылы 
шығарылуы; бұл жағдайда натрий бүйрек арқылы көптеп шығарылғандықтан жасуша 
сыртындағы сұйықтықтың осмостық қысымы төмендейді, нәтижесінде организмнің 
сусыздануы дамиды. Жалпы алғанда организмде алкалозды жоюға бағытталған тиімді 
нақты механизм жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет