166
кездеседі. Темекі шегетіндер темекі шекпейтіндерге қарағанда қуықтың ісігімен 2-3 есе
жиі ауырады.
4. Науқаста әлсіздіктің пайда болуы қатерлі ісіктің организге жапы әсерінің мысалы
болып
саналады, бұл әсіресе кахексияның дамуымен байланысты. Осы жағдайды былай
түсіндіруге болады:
ең алдымен, ісік глюкоза мен басқа да қоректік заттарға «қақпан»
ретінде саналып, энергетикалық субстраттарды азайтады,
осының нәтижесінде тұтас
организмдегі зат алмасудың бұзылуына және жалпы әлсіздіктің дамуы байқалады.
Сонымен бірге, ісіктің ыдырау өнімдерімен айналасындағы тіндердің уыттануы және
тәбетінің төмендеуі науқастың жалпы астенизациясын туындатады.
Тақырыбы II.5 Аллергия
Жағдаяттық тапсырма
Науқас Д., 25 жаста, алқынуына, жөтелуіне, тынысының тарылуына шағымданады.
Осы әйгіленімдер тазартатын аэрозолдер мен еденді жууға арналған заттарды
қолданғаннан кейін байқалған. Соңғы кездері физикалық жүктемелерден
орындағаннан
кейін алқыну ұстамасы пайда болған. Тексергенде тыныстың тереңдігі мен ырғағы
бұзылған – науқастың тынысты алуы қысқа және үзіліссіз –
тынысты шығаруы ұзақ,
қиындаған, дистанцияланған сырыл есітіледі. Науқас иық және кеуде қуысындағы
көмекші бұлшық еттері арқылы тыныс алады. Анамнезінен: науқастың анасы атопиялық
бронх демікпесімен ауырған. Лабораторлық аллергологиялық тексерулерде үйдің шаң-
тозаңдарында (кілемдерде, үйде киетін аяқ киімдерде, жұмсақ жиһаздарда, плинтустардың
астында кездесетін және адамның эпидермисінің ажыраған бөлшектерімен қоректенетін)
болатын Dermatophagoides туыстығына жататын кенеге
реакцияның оң нәтижесі
анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: