Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет22/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

жіктеудің 
негізінде 
жататын 
түрлі 
ұстанымдарды қолдана отырып, дерт туындататын агентке сипаттама 
беріңіз.
3. Сипатталған көріністердің даму жолы қандай? 

 
I.2-16 жағдаяттық тапсырма 
Науқас К., 37 жаста, атом электростанциясындағы жарылыс кезінде дозасы 20 
Грэйге тең сәулелік зақым алған. Бір апта бойы жүрегінің айнуы, құсу, ішінің ісінуі
нәжісі қан аралас, қызба мазасын алған. Сегізінші тәулікте жағдайы тым нашарлаған.
Қарау барысында анықталғаны: жағдайы нашар, дене температурасы 40,0
О 
С, терісі 
құрғақ, көптеген нүктелі қан құйылыстар. Тынысы қатқыл, ТЖ - 40 мин
-1
. Жүрек соғуы 
ырғақсыз, дыбысы нашар естіледі, АҚ 60/40 мм сын.бағ.. Іші бірден ісінген, ішек шулары 
естілмейді. Қанның жалпы талдамасында анықталғаны: Нb - 80 г/л; эритроциттер - 
2,5 х 10
12 
/л, тромбоциттер - 40,0 х 10

/л, лейкоциттер - 1,6 х 10

/л, лимфоциттер мүлдем 
жоқ. Зәрдің жалпы талдамасы: түсі - қызыл-қоңыр; ақуыз -оң; глюкоза - теріс.
Тоғызыншы тәулікте айқын дегидратация, шок, ішек бітелуінің көріністері дамып, науқас 
қайтыс болды.
1. Науқастағы дамыған бұзылыстардың себебі не?
2. Диагноз қойыңыз. Аурудың түрін атаңыз. 
3. Пайда болған негізгі патологиялық процестердің (шоктың, сусызданудың
ішектің салдық бітелуінің) даму жолы қандай ? 
 
 
 

 

 

 


24 
 
 
 
I.3. Жалпы патогенез.
Реактивтіліктің патологиядағы маңызы. 
 
 
 
Себепкер ықпал міндетті түрде қажет. Алдымен этиология, сосын патогенез. 
Патогенездің бастапқы тізбегі ретінде себепкер ықпалдың әсерінен организмнің түрлі 
деңгейінде пайда болатын алғашқы бұзылыстар саналады.
Патогенез – өзгеріп тұратын тізбектік процесс, ондағы тізбектер өзара себеп-
салдарлық қатынаста болады. 
Аурулардың даму жолдары филогенезде қалыптасқан. 
Аурудың патогенезінде бастаушы механизм бар. 
Аурулардың патогенезінде негізгі (бас, жетекші) тізбек бар.
Ауру патогенезінде кері айналып соғу шеңбері пайда болуы мүмкін. 
Патогенезде спецификалық және бейспецификалық тізбектерді ажыратады. 
Патогенез құрамына өзара қарым-қатынаста болатын жалпы және жеке тізбектердің 
кешені кіреді. 
Аурулар патогенезінде морфологиялық және функциялық құбылыстар өзара 
байланыста болады, форма және функцияның өзгерістері бір-біріне түрткі болады.
Патогенезде дерт туындататын және бейімделу (орын толықтырушы, қорғаушы,
репаративті) реакциялар мен процестер қатар жүреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет