Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет20/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

22 

 
I.2-11 жағдаяттық тапсырма 
Науқас Р., 25 жаста. Термиялық күйіктің III А сатысында, ауыр жағдайда ауруханаға 
жеткізілді. Күйік аумағы дене көлемінің 25 % алып жатыр. Зақымдалған бөліктерде 
эритема және көпіршіктермен қатар терісінің некрозы байқалады (9 сурет). Есі адасқан, 
жарыққа көз қарашығының реакциясы әлсіз, рефлекстер тежелген. Мойын веналары 
босаңсыған, басқан кезде тез толмайды. АҚ - 80/50 мм сын.бағ., ЖСЖ - 120 мин
-1
, толуы 
әлсіз. Тынысы үстіртін, жиілігі 28-32 мин
-1
.
Дене
температурасы - 36,2
О 
С. Қан 
талдамасы: эритроциттер - 5,8 х 10
12
/л, Нb - 170 г/л, гематокриттік көрсеткіш - 0,53 л/л,
лейкоциттер – 19,5 х 10
9
/л. Айналымдағы қан көлемі 20% төмендеген. 
1.Анықталған бұзылыстардың даму жолдары қандай? 
2.Науқаста шоктың қандай түрі дамыған? 
3.Науқаста дамыған гемоконцентрацияның маңызы қандай? 
 
I.2-12 жағдаяттық тапсырма 
 
Науқас К., 44 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Куәгерінің айтуынша
зардап шегуші өрт сөндіруде 1,5 сағат бойы температурасы 60-70˚С және өте жоғары 
ылғалдықта жұмыс істеген. 
Объективті: сана-сезімі тежелген, терісі айқын қызарған, әсіресе беті. ЖСЖ-125 мин
-1

АҚ-145/94 мм сын.бағ. Тынысы жиі және үстіртін. Дене температурасы 40,5˚С.
1. Науқаста жылу тепе-теңдігінің қандай бұзылысы дамыған? 
 2. Дене температурасы жоғарылағандағы жүректің жиырылу жиілігі мен 
тыныс алу қозғалысының жиілеу жолы қандай? 
3. Жылдың сыртқа бөлінуінің негізгі жолдары қандай? 
 
I.2-13 жағдаяттық тапсырма 
Балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 12 жасар бала түсті. Ол күн астында 
ұзақ уақыт жалаң бас тұрғандықтан, басының ауыруы, жүрек айнуы байқалған. Бала бір 
рет құсқан, есін жоғалтқан. 
Объективті: бала қозған, терісі қызарған, денесін ұстап көргенде ыстық.ТЖ-32 мин
-1

ЖСЖ-110 мин
-1
, АҚ-140/92 мм.сын.бағ. Дене температурасы -39,7˚С.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет