26
I.3-1 жағдаяттық тапсырма
38 жастағы С., альпинист, тауға шығу барысында теңіз деңгейінен 5500 м биіктікке
көтерілгенде басы айналып, құлағы қатты шаншып ауырған. Терісі бозарған, сілемейлі
қабаттары - көкшіл түсті. Осыған қарамастан, жоғарыға көтерілуін тоқтатпады. 5800 м
биіктікке көтерілгенде мұрнынан қан ақты, тынысы жиі, үстіртін, АҚ 95/55 mmHg дейін
төмендеді, ЖСЖ - 120 мин
-1
. Кенеттен пульсі және тынысы сиреп, альпинист есінен
танып қалды. Оттегіні деммен ішке тартқанда, жағдайы жақсара бастады, соңынан
альпинист төменге түсірілді.
1. Патологиялық процесс дамуының негізгі түйінін атаңыз.
2. Қандай «кері айналып соғу шеңбері» науқастың жағдайының нашарлауына
ықпал етті?
3. Патологиялық процесс дамуында «кері айналып соғу шеңберін» анықтаудың
маңызы қандай?
I.3-2 жағдаяттық тапсырма
Науқас Р., 55 жаста, 3 жыл бойы бірнеше рет емхананың хирургиялық бөліміне
сыздауықтың қайта-қайта шығуына шағымданған. Бактериалық зерттеулердің
нәтижесінде Staphylococcus aureus қоздырғышы анықталған. Емдеу барысында хирургтар
жараны жарып, іріңнен тазартып, иммунитетті түзететін дәрілерді берген. Бірақ,
қолданылған емнің әсері нәтижесіз болды. Қанның биохимиялық талдамасында
глюкозаның мөлшері өскені анықталды. Кейінгі өткізген зерттеулердің көрсеткіштеріне
негізделіп, дәрігерлер науқастың қантты диабетпен ауыратынын дәлелдеді. Науқасқа қант
деңгейін төмендететін дәрі-дәрмектер беріліп, жағдайы жақсарды, сыздауық жойылды.
1. Патологиялық процесс дамуының негізгі түйінін атаңыз.
2. Неліктен хирургиялық ем қысқа мерзімге ғана науқастың жағдайын
жақсартты ?
3. Патологиялық процесс дамуында негізгі түйінді анықтаудың маңызы қандай?
I.3-3 жағдаяттық тапсырма
13 жастағы науқас, С., ауруханаға иекасты аумағындағы ауырсынуға, сөйлегенде
осы ауыру сезімінің күшеюіне, басы ауыратындығына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің
жойылуына шағымданды. Үстін қарап тексергенде иектік және иекасты аумақтағы тері
ісінген, қызарған, сол жердің пальпациясын өткізу, қатты ауырсыну сезімін шақыртады.
Осы аумақтың төменгі бөлімінде 2
3 см және 1-2 см, ұшында ірің жиналған түйіндер бар.
Дене температурасы 38,7
0
С. Қан талдамасында лейкоциттердің саны өскені, ЭТЖ
жылдамдағаны тіркелді. Анамнезінен анықталғаны: соңғы жылда фурункулезбен жиі
ауырады.
Достарыңызбен бөлісу: