Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет67/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   148
1.
 
Науқастың 
терісі 
зақымдануының 
табиғаты 
қабынбалық 
екенін 
нақтылайтын белгілер бар ма? Егер бар болса, қандай белгілер? 
2. Науқаста қабынудың қандай жергілікті белгілері байқалады және олардың 
дамуының негізінде жатқан механизмдері қандай?
 3. Баланың организміндегі реактивтіліктің ерекшеліктері қабынбалық процестің 
ағымына әсер етеді ме? Жауабыңызды негіздеңіз. 
II.2-15 жағдаяттық тапсырма 
Науқас Д., 70 жаста, өттің тас ауруы бойынша операция жасалғаннан соң 3 
тәуліктен кейін жалпы жағдайы нашарлады. Таралған ауру сезімі пайда болды, құсу-
құсығы тұрып қалған тағаммен, сасық. Қарағанда: дене температурасы 38,5
О 
С, жүрек 
соғысы жиі, толуы әлсіз. Тілі құрғақ, ақ түсті жабынды жамылған, іші кернеулі, тыныс 
алуға қатыспайды. Пальпация жасағанда ішінің барлық бөлігі ауыртады, Ішпердені 
тітіркендіру симптомы оң, тыңдағанда ішек шулары естілмейді. Қан талдамасында: 
лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Құрсақ қуысына пункция жасалып, 300 мл жуық 
сұйықтық алынды, микроскопия жасағанда лейкоциттер өте көп және түрлі текті
бактериялар бар.
1. 
Науқаста қандай патологиялық процестер бар? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
2. Науқастағы әйгіленімдердің даму механизмі және себебі қандай? 
3. Құрсақ қуысынан алынған сұйықтық қалай аталады? 

 
II.2-16 жағдаяттық тапсырма 
Науқас П., 38 жаста, сол жақ білегіне фурункул шыққан. Тексергенде 
ауырсынатын қабынбалық инфильтрат анықталған, оның жоғары бөлігіне қарай 
жиналған ортасында қара нүктесі бар ірің байқалады. Фурункул шыққан жерден сол жақ 


 


76 
қолтық аумағына қарай пальпация жасаған кезде ауырсынатын, қызарған жолақтар – 
лимфангит байқалады (49 сурет). Сол жақ қолтық аумағында лимфа түйіндері ұлғайған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет