негіздейді?
4.
Осы жағдайда емдеудің және алдын алудың қандай әдістері мен ұстанымдарын
қолданады?
II.5-3 жағдаяттық тапсырма
Науқас К., 21 жаста, медициналық ем шара жасау бөлмесінде мейірбике болып
жұмыс істейді. Күніге В тобындағы дәрумендер науқастарға егіледі, жұмыс істегеніне 4
жыл өткеннен кейін беті және қолының терісінде қышыма бөрітпелердің пайда болғанын,
терісінің ауырсынуын, ысуын және кернелуін байқады. Объективті: қолының терісі
гиперемияланған, ісінген, қалыңдаған, сулы бөрітпелер бар. Аллергологиялық тексеру
кезінде шаңмен, тұрмыстық, эпидермальді аллергендерге скарификациялық сынама теріс
болып шықты. В
1
, В
2
, В
6
дәрумендерге сынама оң нәтиже берді.
1.
Науқаста анықталған патологиялық процесс П.Джелл және Р.Кумбстің
жіктеулері бойынша аллергиялық серпілістің және жоғары сезімталдықтың
қандай түріне жатады?
2.
Науқастың аллергиялық табиғатындағы ауруларды куәләндіретін белгілерін
атап өтіңіз
3.
Аллергияның осы түріндегі иммундық серпіліс сатысының маңызы неде?
4.
Осы жағдайда патогенездік тұрғыда спецификалық гипосенсибилизация
жүргізу тиімді ме?
II.5-4 жағдаяттық тапсырма
Науқас Д., 29 жаста, ит талап тастауына, байланысты антирабикалық сарысу
тағайындалды. Науқасқа сарысуды енгізгеннен кейін 12-ші күні дене температурасының
39
0
С-қа көтерілуі, тері жамылғысының жаппай қызаруы, қышынуы және гиперестезиясы
байқалды, жүрек тұсының ауырсынуы, тізе буындарының қатты ауырып, тырысуы
дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: |