Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет86/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   148
3.
 
Науқастағы анемияның даму механизмдері қандай?
4. Аллергиялық серпілістің осы түрінің патофизиологиялық сатысының
маңыздылығы неде?

 
 
II.5-6 жағдаяттық тапсырма 
Науқас С., 47 жаста, қол саусақтарының қызаруына, қышынуына және ысуына 
байланысты дерматологқа шағымданды. Объективті: қол терісінің эритемасы байқалады, 
қатты папулезді және микровезикулярлы бөрітпелер мен олардың қабыршықтануы 
көрінеді. Науқас заводта жұмыс істейді және металл өнімдерін хромдаумен айналысады.
Терісінің қызаруы және қышынуы алғаш рет 3-4 ай бұрын пайда болды. Бұдан басқа 
мазасыздық және ұйқысының бұзылуы байқалды. Бірақ, кезекті демалыс уақытының 
келуіне және бірнеше күннің ішінде осы әйгіленімдердің жоюылуына байланысты 
дәрігерге қаралмады. Жұмыс орнына оралғанда аурудың клиникалық белгілері қайта 
пайда болды.
Аллергологиялық тексеруде, хроммен аппликациялық тері сынамасын жүргізгенде 
оң нәтиже беріп, лимфоциттерді тасмалдайтын және макрофагтардың миграциясын 
тежейтін ықпалдар анықталды. 
1.
 
Науқастың аллергиялық табиғатындағы ауруларды куәлендіретін белгілерін 
атап өтіңіз? 
2.
 
Науқаста анықталған патологиялық процесс П.Джелл және Р. Кумбстің 
жіктеулері бойынша аллергиялық серпілістің және жоғары сезімталдықтың қандай 
түріне жатады? 
3. Науқаста табылған лимфоциттерді тасымалдайтын және макрофагтардың 
миграциясын тежейтін ықпалдар нені куәлендіреді? 
4. Науқастың терісіндегі инфильтраттың жасушалық құрамы қандай?

 
II.5-7 жағдаяттық тапсырма 
Науқас С., 30 жаста, созылмалы сальпингоофаритпен ауырады, химотрипсин 
(протеолитикалық дәрі-дәрмек) және цефуроксим (II қатардағы цефалоспориндік 
антибиотик) қоспасын жатырдың қыналық қабатына жергілікті ем ретінде енгізді. 
Аллергологиялық анамнезінде науқаста ешқандай ерекшелік байқалмаған. Бұл дәрі-
дәрмектерді ертеде қолданбаған. Осы дәрі-дәрмектерге сезімталдықты тексеру үшін
терінің аллергиялық сынамасы өткізілмеген. Дәрі - дәрмектерді алғаш рет енгізгенде 
науқаста артериялық гипотензия және бронхтардың тарылуымен анафилаксиялық шок 
дамып, реанимациялық бөлімшеде өкпенің жасанды желдетілуі, адреномиметиктердің, 
кортикостероидтардың енгізілуімен қарқынды ем қолдануды қажет етті.
* Сальпингоофарит – жатырдың қосалқылары: аналық безі және жатыр түтігінің 
қабынуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет