30
артерияларының
ұсақ
(диаметрі
40–80
мкм)
тармақтарының
зақымдануымен байланысты.
Гемодинамикалық ишемиялық инсульт
(жіті қантамырлық
жеткіліксіздіктен дамитын инсульттің бір түрі). Барлық ишемиялық
инсульттің 10-15%-ын құрайды. Прецеребралдық және церебралдық
артериялардың тарылуы немесе олардың саңылауларының бітелуі кезінде
пайда болады. Ми қанайналымындағы аутореттелістің төменгі шегінен
АҚ-ның төмендеуі кезінде мидың гипоперфузиясы дамиды. Осы АҚ-ның
едәуір төмендеуі терең ұйқы кезінде, ортостатикалық артериялық
гипотензияда, гипотензивтік дәрі-дәрмектердің дозасын асырып алғанда,
миокард инфарктында, жүрек ырғағы бұзылғанда, қансырауларда,
гипволемияда және т.б. байқалады. Жергілкі ишемия көбінесе алдыңғы,
ортаңғы және артқы мидың артерияларының аралас қанқамтымы бар
аумақтарында немесе прецеребралдық және церебралық артериялардың
тарылған жерлеріндегі бассейнінде жиі кездеседі. Сонымен, гемодина–
микалық инсульттің дамуында мойынның ірі артериялары мен
бассүйекішілік
қантамырлардың
өзгерістері
және
церебралдық
перфузияның жойылып кетуіне дейін әкелетін жүйелік гемодинамиканың
тұрақтылығын бұзатын факторлар маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: