Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Ишемиялық инсульттің модификацияланбаған



Pdf көрінісі
бет23/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
 
Ишемиялық инсульттің модификацияланбаған 
(бақыланбайтын, реттелмейтін) қауіп-қатер факторлары 

Тұқымқуалаушылық. 
Егер адамдардың жақын туыстары инсультпен 
ауыратын болса, онда оларда инсульттің даму қаупі өте жоғары болады. 
Бұл кезде тұқымқуалаушылыққа бейімділік көбінесе анасы арқылы 
беріледі. Қосымша қауіп-қатер факторлары болмайтын жас адамдардың 
ишемиялық инсультпен сырқаттануы кезінде генетикалық факторлардың 
маңызы зор; 

Жасы 
– инсульттердің 2/3 бөлігі көбінесе 60 жастан асқанда 
байқалады; 55 жастан кейінгі әрбір 10 жыл инсульттің даму қаупін 2 есеге 
арттырады (10- сурет). 


27 
 
 
 

Жынысы
– 45-65 жасқа дейінгі ер адамдарда ишемиялық инсульттің 
дамуы жиі тіркеледі (30%), бірақ, жасы ұлғайған сайын осы айырмашылық 
теңеледі; сонымен қатар, ишемиялық инсульттің түрлері де олардың 
жыныстық 
ерекшелігіне 
қарай 
дамиды: 
ерлерде 
– 
көбінесе 
атеросклероздық және лакуналық инсульттер, ал әйелдерде – 
кардиоэмболиялық инсульттер дамиды.
 
Ишемиялық инсульттің этиологиялық факторлары 
Ишемиялық инсульттің этиологиялық факторлары келесі 2 топқа 
бөлінеді: 1) аумақты факторлар; 2) жүйелі факторлар. 
Ишемиялық инсульттің аумақты этиотроптық факторлары 

Атеросклероз және тробтардың түзілуі
. Ми қанайналымының 
ишемиялық бұзылысының 90-95% қантамырлардың атеросклерозынан 
туындайды. Атеросклероз кезінде дамитын инсульттің патогенезі алуан
түрлі. Бұл оның ағымының сипаты мен даму ұзақтығына, көріну 
белгілерінің айқындылығына және мидың тамырлық жүйелерінде 
туындайтын атеросклероздық өзгерістердің таралуына қарай ерекшеленеді. 
Атеросклероздық түйіндақтар прецеребралдық, мидың ірі және ортаңғы 
артерияларының бөлінген, бүгілген және қосылған жерлерін зақымдайды. 
Прецеребралдық артерияларда атеросклероздық түйіндақтар ішкі 
күретамырлардың проксимальді бөлімінде және омыртқа артерияларында 
түзіледі (11- сурет). Ми артериялары Виллизиев шеңберінде жиі 
зақымданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет