28
11–сурет. Ішкі күретамырларды дуплексті сканерлеу.
А –
шағын атеросклероздық
түйіндақ, қантамыр саңылауы сәл ғана тарылған; Б – атеросклероздың кеш сатысы –
ішкі күретамырлардың саңылауы үлкен түйіндақпен жартылай бітелген; В – окклюзия-
атеросклероздық түйіндақпен қантамырлардың қуысы толығымен бітелген; Г –
артериялардың бүгілуі (Манвелов Л., Кадыков А.Мидың
қантамырлық аурулары
//Ғылым және тағдыр – 2007, № 2).
Ми қантамырларының
э
мболиясы
. Ишемиялық инсульттің және
транзиторлық ишемиялық атаканың (20 %)
себептік ықпалы ретінде
саналатын кардиогендік тромбоэмболия кезінде жиі дамиды.
Прецеребралдық және ми артерияларының стенозы мен қысылуы
.
К
раниовертебралдық аумақтағы қантамырлардың аномалиясы.
Бұл
ми қанайналымындағы аутореттелістің төменгі шегінен артериялық
қысымның төмендеуінен туындайды.
Артерииттер
(инфекциялық, менингит және мерез кезінде дамиды;
инфекциялық емес, коллагеноздар мен жүйелі васкулиттер кезінде
дамиды).
Сирек
кездесетін
себептерге:
күретамырлардың
бүлінуі,
ангиографияның асқынуы,
қатпарланған қолқа аневризмасы, бас пен
мидың жабық жарақаты, бас сақинасы және т.б жатады.
Ишемиялық инсульттің жүйелі этиотроптық факторлары
Ми
артерияларында
тромбоздардың
дамуына
бейімдейтін
гиперкоагуляция мен қан тұтқырлығының өсуінен дамитын қан жүйесінің
аурулары (эритремия, коагулопатиялар, тромбоздық тромбоцитопениялық
пурпура).
Артериялық гипертензия.
АГ кезінде дамитын ми ишемиясының
негізгі механизмдері: ми артерияларында
өзгерістердің пайда болуы
(липогиалиноз, фибриноздық некроз); прецеребралдық, мидың ірі және
орташа ми артерияларында атеросклероздың күшеюі; жүрек ауруларының
29
дамуы (жыпылық
аритмиясы, миокард инфаркты және т.б), ми
эмболиясымен және қанайналымның созылмалы жеткіліксіздігімен
асқынуы.
Артериялық гипотензия.
Қанның минуттық көлемі мен қанның
соққылық көлемінің азаюынан мидың артериялық жүйелеріндегі қанағым
баяулайды. Осының нәтижесінде мидағы
қанайналымның аутореттелісі
бұзылады. Ми-қантамырлық жеткіліксіздіктің салдарынан мидың
ишемиясы мен тромбоздық инсульт дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: