Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 
Истериозис 
(грек тілінен ауд . hystera –жатыр) – қандай да бір афференттік 
нервтің ұзақ уақыт бойы ырғақты түрде тітіркенуінен ОНЖ-де 
қозымдылықтың күрт артуымен көрінетін патологиялық жағдай. Осының 
нәтижесінде басқа да сезімтал нервтердің шамалы ғана тітіркенуі 
генерализацияланған реакцияны туындатады. Истериозис сіреспе, құтыру, 
стрихнинмен улау кезінде және т.б. жағдайда байқалуы мүмкін.
Нейрон деафферентациясы 
(латын тілінен ауд. de – жоқтық, болдырмау, 
жою+ afferentis – әкелуші) – сезімтал нервтердің анатомиялық және 
физиологиялық бүтіндігі бұзылуынан шеткері тіндерден орталыққа қарай 
сенсорлық импульстерді өткізудің мүлдем тоқтатуы. Сонымен қатар, 
нейрон деафферентациясы токсиндердің, фармакологиялық және басқа да 
заттектердің әсерінен постсинапстық нейрондардағы қабылдаушы 
рецепторлардың бөгелуінен туындайды. Деафферентация кезінде 
нейрондардың қозымдылығы артады және нейрон тежелуден шығып 
кетеді. Осыдан нейрондар артық импульстер өндіре бастайды, олардың 
белсенділігі артады да, нейрондардың осы тобы патологиялық күшейген 
қозу генераторының ошақтарына айналады. Нейрон деафферентациясы 
кезінде байқалатын өзгерістер денервациялық синдром деп аталады.
Патологиялық детерминанта 
(латын 
тілінен ауд. determino – 
анықтаймын)
– ПКҚГ-ның әсерінен ОНЖ құрылымының өзгеруі. 
Патологиялық детерминанта патологиялық жүйені қалыптастырып, оның 



функциясын анықтайды. ОНЖ-нің кез келген құрылымы (бір бөлігі, 
ядросы, нерв орталығы және басқа құрылымдар) детерминанттың рөлін 
атқаруы мүмкін. Патологиялық детерминанта жүйеішілік қатынастың 
принципі мен механизмі болып табылатын жүйелік деңгейде іске 
асырылады. Сонымен бірге, телімді (көру нерві) және телімсіз 
(вегетативтік нерв жүйесі және психиканың бұзылысын туындататын) 
ширатқылармен белсендіріледі. Бұл организмдегі бастапқы патогенездік 
өзгерістерді анықтайтын патологиялық жүйенің ең резистентті бөлігі 
болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет