Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет69/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83
Эпилепсия 
кезінде 
дамитын 
реорганизациялық 
және
регенерациялық процесстер
. Нерв талшықтарының регенерациясы мен 
түйіспелік байланыстардың қайта құрылуы жасушалардың құрысулық 
жағдайға төзімділігінің жоғарылауына ықпал етеді. Осы жасушалардың 
зардапталуы мен функциялық белсенділігінің азаюы салыстырмалы тұрде 
қайтымды құбылыс болып саналады. Ал, олардың қалпына келу үдерісі 
нейрондардың 
түрлі 
топтар 
арасындағы 
байланыстардың 
реорганизациясымен байланысты. Бұл өзгерісті 
спраутинг
(ағылшын 
тілінен ауд. sprouting– өсу, тармақталу) деп атайды. 
Спраутиг
– бүлінген 
кезде жаңа түйіспелердің түзілуі мен олардың өсіп-өнуі. Ең алдымен, 
спраутинг нейрондар өсінділерінің абортизациясы мен өсіп-өнуіне 
қатысатын нейротрофикалық факторлардың әсерінен пайда болады. 
Эпилепсия 
кезінде 
спраутинг 
ГАМК-ергиялық 
интернейрондар 
популяциясында түйіспелердің иреорганизациясынан өсінділерден жаңа 
өспелердің пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар, түйіспелік 
әсерлердің күшеюі және соңынан пайда болатын аксондық спраутингті 
әсерлендіретін молекулалық каскад бірқатар жағдайларда құрысулардың 
генерациясын жеңілдетуі мүмкін. Бұл жаңа түйіспелердің абберантты 
(қалыпты жағдайда болмайтын жерлерде түзіледі) болуымен және 
олардың құрылымында қалыпты жағдайда болмайтын рецепторлардың 
пайда болуымен байланысты. Осы деректер мидағы нейропластикалық 
және патологиялық өзгерістер арасында айқын айырмашылықтың 
болмайтынын 
нақтылайды. 
Ал, 
эпилептогенезді 
«созымдылық–
патология» континуумы тұрғысынан қарастыруға болады. 
Сондықтан, эпилепсия патогенезінің жалпы сызба нұсқасы келесі 
түрде көрсетіледі (5–кесте). 
Эпилепсияланған ошақ 
Эпилепсиялық фокус
Эпилепсиялық жүйе 
Антиэпилепсиялық жүйе 
«Эпилепсиялық ми» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет