Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


–кесте. Мидың эпилепсияға ұшырауының негізгі кезеңдері



Pdf көрінісі
бет70/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83
 5–кесте. Мидың эпилепсияға ұшырауының негізгі кезеңдері 
(В.А. Карпов Эпилепсия – клиникалық және нейрофизиологиялық мәселе // Неврология 
және психиатрия журналы.– 2000, № 9) 
Генетикалық факторлар 
Жүре пайда болған мидың зақымдануы 
Экзогендік 
ықпалдар: 
стресстік 
әсерлер , ұйқы 
депривациясы, 
алкоголизация
және т.б. 
Эндогендік 
ықпалдар:
Циркадтық 
ырғақ, етеккір 
циклі, 
соматикалық 
аурулар, 
эндокринопатия-
лар және т.б. 


75 
МИ ҚАБЫҚТАРЫНЫҢ ТІТІРКЕНУ СИНДРОМЫНЫҢ 
ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ. 
Ми мен жұлын негізгі үш қабықпен жабылған: қатты (dura mater), 
өрмелі (arachnoidea) және жұмсақ немесе тамырлы (pia mater). Ми 
қабықтарымен қатар тамыр өрімі мен қарыншалар эпиндемасы ОНЖ-нің 
негізгі қорғаныстық механизмі болып табылады. Сондықтан, ми 
қабықтарының тітіркену синдромы кезінде менингиалдық синдромды 
туындататын патологиялық процесстер жиі дамиды. Сонымен бірге, 
патологиялық үдеріс ми қабығының біреуін немесе барлық қабықтарын 
зардаптауын мүмкін. Осыған байланысты пахименингит, арахноидит, 
лептоменингит, панменингит деген бірнеше түрлерге бөлінеді. 
Менингеалдық синдром дамуының негізінде әртүрлі сипаттағы 
себептік ықпалдар жатыр. Сондықтан, олар менингит және менингизм 
деген екі түрге бөлінеді. Менингит – бұл клиникалық менингеалдық 
симптомдар мен ликвордағы қабынбалық өзгерістердің бірігуімен 
сипатталатын ми және жұлын қабықтарының қабынбалық зақымдануы. 
Менингизм – ликворда қабынбалық өзгерістердің болмауымен 
сипатталатын менингеалдық симптомдардың пайда болуы. Бұл ликвордың 
жасушалық және биохимиялық құрамы өзгермеген кезде туындайды. 
Ми қабықтарының тітіркенуінен туындаған менингизм және 
ликворлық қысымның өзгеруі субарахноидальды қан құйылуларда, жіті 
гипертониялық энцефалопатияларда, бассүйек қуысындағы көлемдік 
процесстер (ісіктер, паренхиматоздық немесе қабық астындағы 
гематомалар, абсцесс) кезінде туындайтын окклюзиялық синдромда, ми 
қабығының карциноматозында дамиды. Сонымен қатар, менингизмнің 
табиғаты токсикалық болып саналады. Өйткені оларға: экзогендік 
уыттанулар (алкогольды), эндогендік уыттанулар (қатерлі өспелер), ми 
қабықтарын зақымдамайтын инфекциялық аурулар (тұмау, сальмонеллёз 
және т.б.) жатады. 
Менингиалдық 
синдром 
мидың 
жалпы 
және 
жергілкі 
симптомдарымен көрінеді. Мидың жалпы симптомдары – бұл ми 
қабықтарының зақымдануын туындататын процесстерге (ісінулер, ликвор 
ағымының бұзылуы, интоксикация, қабықтың созылуы мен қысылуы және 
т.б.) нерв жүйесінің жауап қайтару реакциясы. Оларға: бас ауыруы, құсу, 
жалпы гиперестезия, қояншық тәрізді ұстамалар, аяқ-қолдардың 
бұлшықеттік тонустық симптомдары және т.б. жатады. Жергілкі 
симптомдарға: салдану, жартылай салданулар, ми қабықтарынан 
қабынбалық процесстердің ми немесе жұлынның затына өтуіне тәуелді 
сезімталдықтың бұзылуы жатады. 
Менингиалдық синдромның клиникалық көріністерінің даму 
механизмі келесі факторлардың әсерінен дамиды: 

үштармақты және кезеген нервтердің тармақтарымен нервтенген ми 
қабықтарындағы рецепторлардың тітіркенуі; 


76 

қабынбалық 
өзгерістерге 
байланысты 
ми 
артерияларының 
қабырғасындағы 
симпатикалық 
талшықтардың 
тітіркенуі 
немесе 
субдуральды (субарахноидальды) кеңістікке қанның құйылуы, сонымен 
бірге жіті дамитын бассүйекішілік гипертензиялар;

омыртқа каналының ликвор жүйесіндегі қабынбалық, ісінулік 
немесе геморрагиялық өзгерістердің нәтижесінде жұлын түбіршіктерінің 
тітіркенуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет