Байланысты: Кіріспе аза стан Республикасыны мемлекеттік білім стандарттары
Құрлық омыртқалыларының алуантурлілігі мен құрылысы. Ұрықтық
қабықшалары бар омыртқалылар (Amniota), анамнийлерден (Аnamnia) айырмашылығы.
Алғашқы анамниота ретіндегі бауырымен жорғалаушылар немесе рептилийлердің
(Reptilia) морфо-физиологиялық сипаттамасы. Мезозой рептилийлерінің шығу тегі мен
системасы. Қазіргі рептилийлер - тұмсыкбастылар (Rһуnchocephalia), тасбақалар
(Сһеіоnіа), кабыршақтылар (Sguamata), қолтырауындар (Сгососіlia), олардың таралуы,
биологиясы, тіршілігі, практикалық маңызы. Қазақстан герпетефаунасы, сирек кездестін
және жойылуға жақын түрлерді қорғау мәселелері.
Құстардың (Аvеs) шығу тегі мен жалпы сипаттамасы. Құстар кұрылысындағы негізгі
белгілері: тері жабыны және оның туындылары, қаңқасы мен бұлшықет құрылысының
ерекшеліктері, тыныс алу жүйесінің ӛзіндік ерекшелігі, қан айналуы, жүйке, ас қорыту,
зәр шығару және жыныс жүйелерінің құрылысы. Кӛбею биологиясының ерекшеліістері
(моно- және полигамия түсінікгері, құстардың полигамиядағы полигиния және
полиандрия кұбылыстары және дамуы (жұмыртқаны басу ұзақтығының турлік
ерекшеліктері. қызыл шақа және түкті балапандардың жұмыртқадан шыққаннан кейінгі
даму деңгейлері), ӛмір ұзақтығы, жылдық циклдері және құстардың маусымдық
ауысымдары.
Қазіргі Класстардың систематикалық кӛрінісі. Жүзуші құстардын (Impennes)
кысқаша сипаттамасы, пингвиндер (Spruthioniformes) отряды, тӛссіз құстар немесе
түйеқұстар (Ratitae): африка тұйекұстары (Struthioniformes), нанду (Rheiformes), казуарлар
(Саsuariformes), киви (Aptherygiformes), олардың системасы, таралуы, биологиясы және
экономикалық маңызы.
Тӛсті құстар (Сагіnatae): гагаротәрізділер (Gaviformes), тартарлар (Podicipediformes),
түйінтұмсықтылар (Procellariiformes, seu Tubunares), ескекаяқтылар (Steganopodes),
ләйліктәрізділер (Cioniiformes), қоқиқаздар (Poenocopteriformes) және қазтәрізділер
(Anseriformes) отрядтарының сипаттамасы.
Сұңқартәрізділер (Accipitrifrmes), тауықтәрізділер (Galiformes) тырнатәрізділер
(Gruiformes),
сутартәрізділер
(Ralliformes),
татреңтәрізділер
(Charadriiformes),
шағалатәрізділер (Lariformes), жапалақтар (Strigiformes), ӛкілдері, биологиясы мен
экологиясы. Кептерлер (Columbiformes), бұлдырықтар (Рterocletiformes), кӛкектер
(Сoraciiformes), тентекқұстар (Сарrimulgiformes), тоқылдақтар (Рісіformes), кӛкқарғалар
(Coraciiformes), олардың системасы, таралуы, биологисы мен экологиясы, маңызы.
Торғайтәрізділер
(Раssariformes)
отрядына
сиптаттама,
тұқымдасқа
дейінгі
систематикасы, негізгі топтарының таралуы, экологиясы және практикалық маңызы.
Құстардың экологиялық топтары. Бұталы орманда мекендейтін құстардың орман
ортасымен әртүрлі байланысы. Балшықты-шалғынды (бірқазан, тырна, ләйлік),
балшықты-қамысты (Шәкілдек тартар, тартар кұс, сұлтан тауығы) және шалшықшылар
(тауқұдірет, маңқы құс, шаушалшық), су жағалайтын шалшықшылар (қызылсирақ
шалшықшы, бізтұмсық, тасшырган, құмдауықтар). Далалы шӛл құстары: жүгіргіш
(түйеқұстар, дуадақтар, тез ұшатын құстар (бүлдырықтар, қылкұйрық бүлдырық). Су
құстары: сүңгуірлер (мұнтаз, ақбауыр, балтатұмсық, маймақ қаз, сұқсыр үйрек), ауа-су
құстары (шағалалар, қарқылдақтар, дауылпаздар), құрлық-су құстары (үйректер, аққулар,
қаздар, нағыз ӛзен үйректері.
Құрылысы ең жоғары дамыған омыртқалылар класы - сүтқоректілер (Маmmalia),
олардың құрылысы. Анатомо-морфологиялық құрылысының негізгі белгілері: дене пішіні
және тері жабыны, посткраниалды қаңқасының дифференциалануы, иық және жамбас
белдеулері, сүтқоректілердің әртүрлі экологиялық топтарындағы бес саусақты қол-аяқтың
құрылысы мен ӛзгеруі. Ми сауыты каңқасының ерекшеліктері, есту бӛлімінің дыбыс
ӛткізетін элементтерінің жетілуі, тіс жүйесі. Асқорыту жүйесінің морфо-функциональды
сипаттамасы. Тыныс алу және қан айналу жүйелерінің ерекшеліктері. Орталық жүйке
жүйесінің құрылысы: алдыңғы ми қыртысының жоғарғы дамуы. Сезім органдарының
(кӛру, иіс сезу, есту) профессивті дамуы. Зәр шығару және кӛбею мүшелері құрылысының
ерекшеліктері. Кӛбею және даму биологиясы.
Қазіргіі сүтқоректілер жүйесіне шолу. Алғашқы аңдар немесе жұмыртқа салатындар
(Ргоtotһегіа) класс тармағы, олардың жүйесі, биологиясы, экологиясы және таралуы.
Нағыз аңдар (Тһегіа) класс тармағы: қарапайым аңдар инфракласс (Меtatһегіа) ӛкілдері
құрылысының негізгі белгілері. Қалталылар (Маrsupialia) отряды, олардың биологиясы,
экологиясы және географиялық таралуы.
Жоғарғы немесе Плацентальды ақдар инфракласс ӛкілдері Құрылысының белгілері.
Насекомкоректілер, түкқанаттылар, қолқанаттылар немесе жарқанаттар, мүкті тістілер
және кесірттер отрядтары сипаттамасы. Кеміргіштер, коянтәрізділер, жыртқыштар
құрылысының ерекшеліктері, олардың системасы, биологиясы, экологиясы, практикалық
және знянкестік маңыздары. Пілтәрізділер, ескекаяқтылар жэне китгәрізділер
отрядтарының сипатгамасы. Жұптұяқты және тақтұяқты сүтқоректілдер құрылысының
негізгі белгілері, олардың системасы, биологиясы, экологиясы, географиялык таралуы,
халык шаруашылық маңызы. Приматтар құрылысы. Сүтқоректілердің экологиялық
топтары, құрлык аңдарыньщ тіршілік ету жағдайларының алуантүрлілігі. Жер асты және
суда тіршілік ететін хайуандар. Сүткоректілердің экономикалық маңызы: зиянды
сүтқоректілер, кәсіптік андар, үй сүткоректілері. Сүткоректілер фаунасын қорғау және
байыту шаралары.