Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет15/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Тақырып Адамзат пен Жердегі тіршілік процесіне ғарыштың əсері
Дəріс мақсаты: Адамзат пен Жердегі тіршілік процесіне ғарыштың əсері туралы сипаттама беру.
Дəріс мазмұны. Жер құрылымы мен эволюциясы. Күн жүйесінің планеталарына қысқаша сипаттама. Жер құрылымы. Жер эволюциясының концепциясы. Литосфералық плиталардың тектоникасы. Космизм көзқарас формасы ретінде. Космизм түсінігі. Күн Эволюциясының құрылысы. Ұлы космисттер. А.Л Чижевскидің əлем тарихының гелиоцентрлі концепциясы.
Жоспар

1.Жер құрылымы мен эволюциясы.


2.Литосфералық плиталардың тектоникасы.
3. Космизм ерекше көзқарас формасы ретінде.


Жер құрылымы мен эволюциясы


Күн жүйесіне тоғыз планета кіреді: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Барлық планеталар айнымалы орбитамен бірдей жазықтықта бір бағытта қозғалады (Плутоннан басқа). Күннен Плутонға дейін 5,5 жарық сағат. Көптеген серік планеталар сияқты кіші планеталарда беттік тартылыс күшінің газдарды ұстауға жеткіліксіздігінен атмосфера болмайды. Шолпан атмосферасында көмір
қышқыл газы, Юпитерде аммиак бар. Марс пен Айда вулканды жаратылысы бар кратерлер болады.
Жерден Күнге дейін арақашықтық 150 млн. км. Ол 4,6 млрд. жыл бұрын түзілді, радиусы – 6,3 мың км, массасы – 6*1021 тонна, тығыздығы – 5,5 гр/см3, беткі ауданы – 510 млн. км2. Оның 361 млн. км2 Əлемдік теңіз, ал 149 млн. км2 құрлық алып жатыр. Күнді айналуы жылдамдығы 30 км/сек. Жер литосферадан, қуаты 7-8 км мантия мен ядродан тұрады. Атмосфераның 21% оттегіден, 78% азоттан тұрады. Атмосфера «ауа райы фабрикасы» болып есептелетін тропосфера (9-17 км), күн сəулесі бөлшектері əсерінен зарядталған ионосфера мен 800-1000 км биіктікте орналасқан ыдырау зонасынан тұратын
«ауа райының қазынасы» болып есептелетін (55 км) стратосфераға бөлінген.
Жер айналасындағы кеңістік магнитосфера деп аталатын магнитті өріспен толтырылған. Магнитосфера ішінде магнитті өріспен зарядталған бөлшектерді ұстап қалатын радиациялық белдеу орналасқан. Жер бар тіршілікке зиянды космостық сəулелерден осы белдеу арқылы қорғанады.
Жерде тіршіліктің болу мүмкіншілігі озонды қабаттың болуында. Озон - өткір иісті көк түсті газ. Ол 280 нм-ден төмен ұзындықты толқынды қатты ультракүлгін сəулеленуді сіңіріп, 315 нм-ге дейінгі сəулеленулерді біршама əлсіздендіреді. Озонның максимальды биіктігі – тропикта – 24-26 км, ал полярлы зонада – 18-20 км. Соңғы кездегі озонды қабаттың бұзылуы мен озонды «тесіктің» пайда болуы тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Ал адамзат озонды қалқанның бұзылып жатқандығын байқаса да білмегендей болып қауіптің қатарын көбейтуде. Қазірдің өзінде озонның бұзылуына əкелетін 40 химиялық қосылыстар əрекеттесетін 160 химиялық реациялар белгілі. Соның ішінде азоттың (ІV) оксидінің орны ерекше. Оны атмосферада пайда ететін фреондар (тоңазытқыштар, желдеткіштер т.б.), галиондар (көпіршікті өрт сөндіргіштер), аэрозольды баллондар (жиһаздық өндіріс, тұрмыстық химия). Қазіргі кезде фреондар концентрациясының өсуі тоқтар емес. Олардың қатарына ұшақтардың, ғарыштық ұшқыш аппараттардың зиянды газдарын жатқызуға болады. Хлор молекуласы 100 мың озон молекуласын жоюға қабілетті. Американың «Шаттл» ғарыш кемесі атмосфераға 187 тонна хлорды шығарып 10 млн. тонна озонды жояды екен. Озон қабатының бұзылуы адамзатта терінің ісік ауруларын, мутацияның пайда болуына, ауыл шаруашылық өнімі түсімінің төмендеуіне əкеледі. Сондықтан 1989 жылы 23 елде БҰҰ фреондар мен басқа озонды қабатты бүлдіруші қосылыстарды ауаға шығаруға тыйым салды.
ХІХ ғасыр геологияда Жер дамуы жайында екі концепция қалыптасты:

  • Бəйге арқылы. Жорж Кюьвенің «зілзала» теориясы.

  • Миллиондаған жылдар бойы бір бағытта үнемі өзгерістер болып, соңында үлкен нəтижеге əкелген өзгерістер арқылы. Чарльз Лайельдің «униформизм» приципі.

ХХ ғасырдағы физиканың жемісті дамуы Жер тарихы танымының алға жылжуына себеп болды. 1908ж. ирландия ғалымы Д. Джоли радиацияның геологиялық маңызы туралы сенсациялық баяндама жасады. Баяндамада радиоактивті элементтер шығаратын жылу көлемі балқыған магма мен вулкан атқылауынан болатынын, сонымен қатар ол континенттердің ығысуы мен тау түзілуін түсіндіруге жеткілікті екендігін айтылған. Бұдан материя элементі – атом – нақты тіршілік ұзақтығына ие жəне ыдырайды. Осыдан кейін 1909 ж. Владимир Иванович Вернадский Жер атомы тарихы жəне оның физико – химиялық эволюциясы туралы ғылымның негізін салды. Бұл ғылым геохимия деп аталды.
Жер тереңдігін тану Бүкілəлемнің жеке аймағын оқып - білуден жеңіл емес. Жер негізінің табиғаты туралы құнды ақпаратты сейсмикалық толқындар анализі береді (жер сілкінісі немесе жарылыс кезінде пайда болатын механикалық ауытқулар).
Қазіргі заманғы көзқарастарға сəйкес Жер ядросының температурасы төмен болуы мүмкін, ал жер қабатында өтетін процестер радиоактивті табиғатқа ие. Алғашқыда Жер салқын болды. Радиоактивті элемент атомдары ыдырап, жылу бөліп жер негізін
қыздырды. Оның салдарынан газдар жəне су булары пайда болып, ауа қабаты мен мұхитқа негіз берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет