Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық


Литосфералық плиталардың тектоникасы



бет16/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43

Литосфералық плиталардың тектоникасы


1905ж. неміс геофизигі Альфред Вегенер карбонда Пангей (грекше «Жер») деп аталатын бір тұтас құрлық массиві болған деп болжаған. Пангей Лавразия мен Гондванаға жарылған. 135 млн. жыл бұрын Африка Оңтүстік Амекрикадан, ал 85 млн. жыл бұрын Солтүстік Америка Европадан бөлінген. 40 млн. жыл бұрын Үнді материгі Азия материгімен соқтығысып, Тибет пен Гималай пайда болды.
Берілген концепцияның шешуші аргументі 50-ші жылдардағы литосфералық плиталардың тектоникасының дамуына негіз болып, теңіз түбінің кеңеюінің эмперикалық зерттеулері болды. Қазіргі уақытта континенттер жүзіп жүретін плиталардың жоғары бағытталған терең конвективті ағыстардың əсерінен континенттер ыдырайды деп есептейді. Бұл теорияны планеталарда таралған жануарлар туралы биологиялық мəліметтер де қолдайды. Континенттердің дрейф теориясы геологияда да қолданылды.
Міне, қазір сіздер осы жолдарды оқи отырып, өздеріңіздің отырған үстеліңізбен, үйіңізбен, тіпті жергілікті аймағыңызбен бірге қозғаласыз. Яғни, мұның бəрі орналасқан литосфералық плитамен бірге қозғалады. Қандай бағытта жəне қандай жылдамдықпен қозғалатындығы плитаға байланысты. Бірақ, плиталардың орын ауыстыруы өте жай өтеді

  • жылына шамамен 1 см жылдамдықпен. Кейде 10-15 есе жылдамдықпен қозғалатын плиталар да кездеседі. Бірақ мұндай жылдамдықта 80 жыл ішінде сіздің үйіңіз 8-12 м-ге дейін орын ауыстырады. Сіз мұны көршілес үйдегі заттардың орын ауыстыруынан байқайсыз. Немесе басқаша жағдай: егер сіз жарық жылдамдығына жақын жылдамдықпен ғарышқа ұзақ саяхатқа шығып, Жерге оралдыңыз. Мысалы; мұны Веркораның «Маймылдар əлемі» атты роман кейіпкерлерінен көруге болады. Олардың Жерде болмағанына 1000 жыл өткен. Бұл жағдайда олар өз үйлерін табулары қиынға соғуы мүмкін.

Геологтар 9 алып, 10 кіші жəне микроплиталардың барын анықтаған. Жеке дара плиталар ауданы жүз милионнан бірнеше жүздеген киллометрге дейін өзгереді. Ең үлкені

  • Тынық мұхиты. Ол мұхиттың бар ауданын алмайды. Жанында кіші көлемді Наска плитасы орналасқан. Ал олармен көршілес Кокос плитасы орналасқан. Ол сыртқы көрінісі бойынша үш плита ішіндегі ең кішісі. Ғалымдардың болжамы бойынша оның көлемі үлкен болған. Кейін көрші плиталарға жарты бөлігі бөлінген. Осы аталған үш мұхит плиталары су астында орналасқан жəне құрылыққа шықпайды.

Сонымен қатар аралас құрылымды плиталар да кездеседі. Олар: Солтүстік Америка, Евразия, Африка, Оңтүстік Америка, Үнді немесе Үнді- Австралия жəне Антрактида. Əрбіреуі мұхит түбі бөліктерінің ауданымен байланысқан. Плиталар ауданының кішіреюіне байланысты кездессе, кейде үш мұхит плиталарын қосып, негізгі плита деп атайды. Кейбір ғалымдар Аравия плитасын да есептейді. Көрсетілген 10 литосфералық плиталар жер бетінің 85%, ал қалған 15%-ін микроплиталар алып жатыр. Микроплиталар – негізгі плиталардың шекарасында кездесетін қуатты плиталардың соқтығысуы нəтижесіндегі пайда болған сынықтар. Жеке микроплиталар шекарадан алыс үлкен плиталардың бөліктерінен табылған. Плиталардың көлемі емес, ығысу процесіндегі қозғалысы бойынша сынық тереңдігінің орналасуы мен қозғалыс сипаты маңызды.
Плиталардың мұндай орын ауыстыруын олардың шеттерінің деформациясына əкеледі. Қатты деформациялық түрлердің белгілі–бір шегінде деформация болған аймақ мөлшеріне байланысты сынықтармен үлкенді–кішілі жер сілкіністері болады. Сондықтан плиталар арасындағы шекаралық аймағы – сейсмикалық белдеу деп аталады. Бұл – тыныш емес аймақтар. Осы аймақта Жерде өтетін барлық жер сілкінісінің 95% - і өтеді, қалған 5%
- і плитаішілік вулканизмде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет