Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық


Космизм ерекше көзқарас формасы ретінде



бет17/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43

Космизм ерекше көзқарас формасы ретінде


Космизм Жердегі əртүрлі процестерге белсенді əсер етеді. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша ғарыштық жарықсыз, соның ішінде Күнсіз Жер бетінде ешқандай тіршілік болмас еді. Космостық денелердің жердегі процестерге əсерін мына мысалдан көруге болады: айдың теңіз суының келуі мен кетуіне əсері. Күннің жас шамасы 5 млрд. жыл. Оның диаметрі Жерден 109 есе үлкен, ал массасы Жерден 333 000 есе көп. Күннің орта аумағындағы температурасы 15 млн.оС, тығыздығы жүз миллиардтай. Осы жағдайда сутегі ядросынан гелий ядросы синтезделеді. Нəтижесінде үлкен энергия бөлінеді. Күннің беткі орташа температурасы 6000-8000 оС. Күн ядросы үстінде конвекциялық зона, одан жоғары фотосфера, хромосфера жəне тəж орналасады. Тəж қалыңдығы күн радиусының бірнеше он шақтысын, ал фотосфера қалыңдығы 300 км құрайды. Күн энергиясының өзгеру периоды болып тұрады. Ол 10-12 жылда өтіп тұрады. Бұл əсерлер жер атмосферасының биологиялық жəне А.Л Чижевский айтқандай əлеуметтік процестеріне де əсер етеді. Күн сəулесінің бар энергиясы бір миллиондай аз бөлігі жерге түсіп, жер планетасындағы тіршілікке жеткілікті.
Күн белсенділігінің циклді өзгерісі Жердегі магнитті құйын өзгерісінен, ультракүлгін сəуле ауытқуынан, атмосфералық иондалу дəрежесінен т.б. көрінеді. Бұның бəрі адамның дене жəне психикалық жағдайына əсер етеді. Үлкен құйындар ағзаның биоырғағын бұзып, белгілі-бір гормондардың пайда болуына кедергі жасайды. Мысалы: құйын кезінде адамда көңіл-күйінің алмасуына жəне мазасыздану дəрежесінің көтерілуіне əкелетін қосымша «стресс гормоны» (кортизол) өңделеді. Мұны «зілзала апаты» деп қабылдау керек.
Космизм – адамзаттың ғарышпен үздіксіз байланысы. Космизм идеясы ХІХ ғасырдың соңынан бастап қаралуда. Бірақта ертеректе ұлы ойшыл Имануил Кант былай деген екен: «тас төбедегі жұлдызды əлем мен өзіңдегі моральды заң – бұлар адам жанын үнемі жаңа жəне өте көп күшті таңданыспен толтыратын екі нəрсе».
Космизм идеясына өз үлестерін қосқан атақты орыс ғалымдары – А.Л Чижевский., К.Э Циолковский., Л.Н Гумелев., В.И Вернадский., А.Н Бекетов., А.И Козырев., Н.А Морозов жəне т.б.
Ғарыш теориясының жаратылысты-ғылыми аспектісін қарастыру астрономия, астрофизика, астрохимия, астробиологияда көрініп, К.Э.Циолковский, С.П.Королев есімдерімен байланысты теориялық жəне практикалық космонавтиканың шығуына əкелді. .
Ұлы космист В.И. Вернадский физика, химия, биология, геология, геохимия, биохимия, сондай-ақ тарих жəне философия ғылымдарының мəліметтерін жинақтап, биосфера мен ноосфера туралы білімді дамытты. ХХ ғасырдың ортасында біздің планетамызда өтіп жатқан ғарыштық процестер мен геологиялық құбылыстардың адамзат тарихымен терең байланысын көрсеткен ғалым - энциклопедисттер В.И.Вернадский, А.Л. Чижевский, К.Э. Циалковский үлкен үлес қосқан биосфераның мəдени концепциясы алдыңғы орынға шықты.
А.Л. Чижевский Жердегі түсініксіз құбылыстар мен Күнде өтетін құбылыстардағы процестер арасындағы корреляция көрінетін гелиоцентрлі əлем тарихының концепциясын дамытты. «Күн құйындарының Жер жаңғырығы» атты кітабында ол былай деген: «Тіршілік негізінен Жердегі емес, ғарыштық құбылыс жəне ол ғарыш, сəуле, өріс, ағыстармен тікелей байланысты. А.Л Чижевский ертедегі деректерге сүйеніп, Жердегі оқиғалардың көбі Күннің орталық меридианы арқылы пайда болған үлкен даққа сəйкес деген қорытындыға келген. Күн мен Жер табиғаты толқиды – адамдар мазасызданады – Табиғат тынышталды – халық қауіп-қатерсіз өмір сүруде. Қазіргі кезде Күн белсенділігі мен Жердегі жұқпалы аурулардың қатары жəне кейбір экологиялық апаттардың он бір жылдық циклі арасындағы себеп-салдар байланысы белгілі. Шынайы əдістері қарастыру
мен энергия массаларының жоғарғы əдістерін пайдалану жəне ғарыштық энергия мен Күн энергиясы қатынасының үйлесімі – экологияның маңызды міндеті.
К. Э. Циолковский адамдардың тұрмысын ғарыштағы барлық өлі жəне тірімен байланысын қарастырды. Ол басқа Əлемдермен байланыс мəселелерін қарастыратын ол ғылымды алға тартты. Оның ойынша адамдар Жерден оның маңындағы кеңістікті меңгеріп жəне Бүкілəлемге орналасуды бастауы қажет. Ғалым қазіргі өркениет жаңа дəуірге аяқ басқанын, табиғи коллизияның алдын алуға адамдардың оптимистілігі мен нанымдарын бекіткенін атап өтті. Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы, американдықтардың Айға қонуы, интернационалды экипаждардың «Мир» станциясындағы ұзақ жұмысы осыны дəлелдейді. Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыш сапарынан келгеннен соң былай деді: «мен мүлде басқа адам болдым, менің жүрісімде өзгерді, бір қан қызыл қоңызды басып кетермін деп аяғымды ақырын басамын. Ғарыштан мен Жердің кішкентай жəне жарақаттанғыш екенін көрдім».
ХХ ғасырда ғалымдар Күн белсенділігіне əлеуметтік процестердің (соғыстың, төңкерістің, жұқпалы аурулардың, əртүрлі массалық сілкіністердің) тəуелділігіне көңіл аудара бастады. 1924 ж. А.Л. Чижевский былай деді: «Ғарыштық факторлар белгілі–бір мөлшерде Жерді мекендеген барлық 2 млрд. адамзат индивидтерінде көрініс табады, олардың əсер етуін зерттеуді ескермеген қиянат болар еді. 1927-1929 жж. Күн белсенділігінің максимумының басталғанын болжауға болады… Мүмкіндігінше осы жылдары əлеуметтік-саяси факторлар əсерінен тарихи оқиғалар болады, олар тағы географиялық картаны түрлендіреді»( А.Л Чижевский. Физические факторы исторического процесса. – Калуга, 1924.). Шынымен де 1929 жыл – КСРО –да «Ұлы төңкеріс» жылы болды. Күн белсенділігінің ең жоғарғы шыңы 1905, 1917, 1941 жылдарға келеді, сонымен қатар 1991 жыл – тамыз оқиғалары жəне одан кейінгі КСРО құлдырау жылы болды.
Кейбір авторлар Күн белсенділігінің жарық етуін ғалымдардың шығармашылық белсенділігінің шыңымен байланыстырады (Кузнецов В.И., Идлис Г.М., Гутина В.Н. Естествознание. – М., 1996.). Мұндай сəйкестікті абсолют деуге болмайды, бірақ бұл ойландыратын сұрақ.
Əдебиеттер:
Костарев А.С., Айтимов А.С. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - Орал, 2003, 28-34 бет.
Солопов Е.Ф. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» - М: Гуманит. Баспа ВЛАДОС орталығы, 1998
«Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы» Самыгина С.И. – Ростов н/Д , 2001 Рузавин Г.И. «Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциясы». – М.: Мəдениет жəне спорт, (ЮНИТИ), 1997. -58-80 бет.
13-14 Дəріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет