Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНДЕГІ ХИМИЯ ПӘНІН



Pdf көрінісі
бет101/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНДЕГІ ХИМИЯ ПӘНІН 
ОҚЫТУ 
 
Кудабаева Н.А. 
Ғылыми жетекші: Рыскалиева Р.Г., химия ғылымдарының кандидаты,доцент 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. 
naz_i_gull@mail.ru
 
Қауіпсіздік адамның тамаққа, суға, киімге, баспанаға, ақпаратқа деген қажеттілігінен 
кейін тұратын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Жалпы алғанда, адамдардың 
күнделікті әрекеті физиологиялық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерді, қауіпсіздікті 


187 
қамтамасыз етуге бағытталған[1; 7б.]. Қауіпсізті қамтамасыз ету – тұлға, қоғам, мемлекет үшін 
маңызды міндет. Абсолютті қауіпсіздік болмайды. Әрдайым белгілі бір деңгейде қатер бар. 
Қауіпсіздік ұғымы ғылыми және экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде төзуге болатын 
қатер деңгейін білдіреді. Қауіпсіздік – әлеуметтік рұқсат етілген қауіп. Қауіпсіздікке қол 
жеткізу үшін қауіпсіздік идеологиясын жасау, адам және жалпы қоғамда ойлану мен іс-
әрекеттің сәйкес деңгейін қалыптастыру. Дәл осы мәселелермен өмір тіршілігінің қауіпсіздігі 
ғылымы айналысады[1; 11б.]. 
Қауіпсіздік идеологиясын жасау, қауіпсіз ойлану мен әрекет етуді қалыптастыру 
мақсатында «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» пәні енгізілді. Бұл пәнге мынадай анықтама 
беруге болады – барлық салада адамды қауіпті және зиянды факторлардан қорғаудың 
теориясы мен практикасын, тіршілік ету ортасында қауіпсіздік пен денсаулықты сақтауға 
арналған білімді қамтитын ғылыми білімнің саласы.
«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» пәні қауіпсіздіктің арнайы мәселелерін шешпейді, бұл 
арнайы пәндердің бөлігі (радиациялық қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік 
және т.б.). Бірақ ол қауіпсіздік саласындағы жалпы сауаттылықты қамтамасыз етеді, басқа 
қауіпсіздіктің арнайы пәндерінің ғылыми-әдістемелік негізі болып табылады. 
Бұл курстың мақсаты – тіршілік ортасына және адамға қауіпті факторлардың әсер 
етуінің нормативті деңгейлері туралы білім беру, қиын жағдайларды, процестерді және адамға
ыңғайлы жағдайлар жасау мен қауіпсіздікті сақтауды жіктеу мен жүйелеу, қауіптердің алдын 
алу[1; 13б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет