Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» пәнінің мәселелері



Pdf көрінісі
бет102/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» пәнінің мәселелері. 

Қауіпті анықтау, қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерін тану, сандық бағалау.
 

Кейбір жағымсыз факторлардың адамға әсерін болдырмау.
 

Қауіптен қорғау.
 

Қауіпті және зиянды факторлардың теріс әсерін жою.
 

Адам өмірі үшін жайлы орта құру.
 
Тіршілік қауіпсіздігін зерделеудің мақсаты- сыртқы факторлар мен себептерден 
адамдардың өлімі мен денсаулығының нашарлауын болдырмауға бағытталған білімді 
қалыптастыру және тарату, сондай-ақ техносферада тұратын адамды антропогендік, 
техногендік және табиғи сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғауды қамтамасыз ету болып 
табылады. 
Зерттеу пәні-адамдар (адам және адамдар тобы) шамадан тыс материя, энергия немесе 
ақпарат ағындарының қаупінен қорғану объектісі ретінде. 
Тіршілік қауіпсіздігі саласының зерттеу пәні қауіптер мен олардың үйлесімі, сондай-ақ жеке 
адамның немесе адамдар тобының тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 
қажетті жағдайлар мен құралдар болып табылады[2; 12б.]. 

«Тіршілік қауіпсіздігіндегі химия» пәні. Пәннің мақсаты
- студенттерге химияның 
жалпы заңдылықтарын, химияның теориялық негізін, колданбалы химияның өзекті мәселелері
жөнінде жалпы түсініген қалыптастыру, химиялық байланыстың теориясын игеру. Металдар 
және бейметалдардың, олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері мен алу әдістері 
теориялық білім негізінде қарастырылады. Болашақ маман иелерінің өз мамандықтарын 
игеруде арнайы қызығушылық тудыратын мәселелер мен объектілерге ерекше көңіл бөлінеді. 
 
“Тіршілік қауіпсіздігіндегі химия” курсының оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны: 

Пәннің сипаттамасы (мақсаты, міндеті, негізгі мәліметтер)

Силлабус (15 дәріс, 15 зертханалық жұмыс, 4 СӨЖ)

Дәрістердің тезисі

Әдістемелік ұсыныс және лабораториялық, өзіндік жұмыстарға нұсқау;

Аралық бақылауды өткізу туралы ұсыныс

Бағалау критерийлері

Глоссарий

Пайдаланылған әдебиеттер 


188 
Үздіксіз химиялық-экологиялық білім берудің негізгі бағыттары мыналар: 
1. Химияның негізіне сүйене отырып, өлі табиғат, тірі табиғат және олардың арасында 
болатын 
құбылыстардың 
салдарынан 
туындайтын 
заттарды 
ашып 
көрсету. 
2. Химиялық эксперимент нәтижесінде түзілген заттардың зиянды жақтарын нақтылау. 
3. Химия ғылымының экологиялық аспектілері арқылы химиялық-экологиялық ұғым мен 
көзқарасты қалыптастыру. 
4. Химиялық-экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының жүйесімен 
қалыптастыру. 
5. Химиялық-экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті, өлкелік 
материалдарды кеңінен пайдалану. 
Химиялық-экологиялық білім берудің негізгі қызметі – ғылым мен техниканың 
әсерінен және табиғатта болып жатқан құбылыстардың арқасында пайда болған заттардың тірі 
ағзаға тигізер зиянды әсерлерін оқып үйрету, сол зиянды болдырмау жолдарын іздеу, тиіп 
жатқан зияннан арылу жолдарын қарастыру, қысқаша айтқанда жастарды салауатты өмірге 
үйрету.Мысалы, ауыр металдардың жоғары концентрацияларының адам денсаулығына әсерін 
айтуға болады.
 
Күтілетін нәтижелер: 
1.
Білім алуда ақпарат көздерімен жұмыс жасауды қалыптастыру және дамыту. 
2.
Сынақ, емтихан, олимпиада, зерделік сайыстардағы тапсырмаларды студенттер 
жоғары деңгейдегі орындай алу. 
Студенттің пәнге деген көзқарасы өзгереді, оқу материалын жақсы меңгеруге 
мүмкіндік алады, студенттің ойлау қабілеті артады [3; 21б.]. 
«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған химия 
курсы бойынша жасалатын практикумның негізгі мақсаты келесідей болу керек:

студенттерде планетадағы химиялық элементтердің тарихы, олардың қоршаған ортаға 
таралуы туралы, тропосфера, гидросфера және педосферадағы химиялық процестердің жалпы 
заңдылықтары туралы түсініктер қалыптастыру; 

қоршаған ортада химиялық элементтердің болуының геосфера мен тірі материяның 
химиялық құрамымен, көшіп-қону формаларымен және химиялық жағдайларымен танысу; 

биосфераның химиялық ұйымын сақтау және қорғау, қоршаған ортаны ластанудан 
бақылау және қорғау әдістерін жасау және жетілдіру үшін экологиялық химияның 
жаратылыстану негізі ретіндегі маңыздылығын көрсету; 

Кәсіби қызметтің мәселелерін шешуде алған білімдерін қолдануға үйрету [4; 14б.]. 
Мысалы, атмосферадағы химиялық улы заттардың мөлшерін анықтау әдістемесі
.
Бақылау - химиялық улы заттарды: SO
2
, NO, NO
2
, CO, CO
2
, H
2
S, NH
3
анықтау мен 
сандық бағалауды қамтиды. Талдау үшін ауа сынамасы сілтілердің ерітінділері (SO
2
, NO
2

CO
2
, H
2
S үшін), қышқылдар (NH
3
үшін) немесе сәйкес қосылыстардың ерітіндісімен сіңірілген 
қатты адсорбенттер пайдаланылатын бірқатар сіңіргіштерден өтеді. Химиялық улы заттар 
нақты реакциялардың көмегімен анықталады және бақыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет