Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН



Pdf көрінісі
бет111/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН 
ДАМЫТУ 
Қалдар Ділдә 
Ғылыми жетекшісі: А.К.Калымова PhD доктор Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау 
университеті. Көкшетау қ. 
E mail:
 
aselkalymova@mail.ru
  
Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық сабақтардан тыс та, 
ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу 
дағдыларын қолдануда бала шығармашылығын қолдап отырады. Іс әрекеттің түрлеріне 
үңілсек, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру – балалардың шығармашылық 
белсенділігін көресту үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Балалардың 
шығармашылығын ұйымдастырудың ерекше өзіндік мәні бар. Адамдардың жаңа әлеміне, 
олардың қарым- қатынасының ерекшеліктеріне қызығушылық қарым – қатынастық жаңа 
басым түрін анықтайды. Мектепке дейінгі жастағы балаларда айналасындағыларды сөйлеуін 
және бақылай отырып, бағалаушылық сипаты пайда болады. Олар өздері өзгерте, жаңа сөздер 
ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс – әрекетіне шығармашылықпен 
кіріседі
[1; 17б].
Жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер ойлап табады. Балаларда ойлау обьектісі 
арқылы сөйлеуге қызығушылық пайда болады. Бірдей жастағы балалардың сөздік қоры, 
байланыстыру, сауаттылық жағынан шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан 
айырмашылықтары айқындалады. Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық 
дарындылығы еске сақтау қабілеттері арқылы, өз бетімен ойлау қабілеттері арқылыжоғарылай 
түседі. Шығармаларды, әңгімелерді, ертегілерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын 
дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады. Ойын кезінде балалардың 
қимыл әрекетімен қатар ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту жұмыстары арқылы шартты, 
мақсатты, ережелі ойындарды біле отырып, ол ойындарға шығармашылығын қосып та 
ойнайды, кейбір ойындарды өздері де өзгерте алады. Музыкалық сабақтарда балалардың іс 
әрекеті оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған. Олар орындау 
дағдыларын игере бастайды.
Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы 
мен дамуы оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы 
таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп — 
жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатыны 
мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның 
шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады[2;37б].
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық 
дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері 
жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту 


201 
жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара 
ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін 
сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет.
Баланың бойында батылдық, еркіндік, 
ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды 
түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық дамиды
Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, 
өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі 
пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор 
болмақ[3;34б];.
В.А. 
Сухомлинский 
айтқандай: 
«Балалардың 
мүмкіндігі 
мен 
дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, 
шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың 
қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады». Педагогтардың 
пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, 
тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен 
көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды 
(сурет, жапсыру,мүсіндеу). Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан 
заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің 
эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына 
бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді. Сондықтан оның шығармашылығының негізін 
қалау керек. Неғұрлым бала жақсы көрсе, естісе, күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері 
маңызды және нәтижелі болады.Балалар ерте жастан бастап өздерінің қоршаған ортадан алған 
әсерін бейнелеп көрсетуге тырысады. Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, 
салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты 
міндеті болып саналады
[4;14-26б].
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзіреттілігін сурет салудың 
дәстүрден тыс әдістерін қолдану арқылы дамытуды Психолог Ғалия Зейнуловнаның 
айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы 
жеткізуге мүмкіндігі бар. Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді, тыйым 
мен шектеулер болмайды. Бұл уақытта бала мүлдем еркін.» деген екен. 
Сурет салуда дәстүрден тыс әдістер балалар үшін қызықты, өйткені өзінің қиялын, ықыласын, 
ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді. Алға қойған мақсатыма жету үшін келесі 
тапсырмаларды орындауды анықтадым: 
1.Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдануға үйрету; 
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс дағдыларын және қолдың білезік буынының 
икемділігін арттыру; 
3.Балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып кез- келген сурет 
салуда өз шығармашылықтарымен ұштастыра білуге үйрету. 
Өзімнің ұйымдастырған оқу қызметімде сурет салудың дәстүрден тыс әдістерінің 
топтамасын, балалардың саусақтарына толықтай демалыс болатын, қимыл қозғалысын 
арттыратын, жазу дағдыларын қалыптастыратын элементарлық саусақ ойындарын, 
гимнастика, жаттығуларды пайдаланамын
[5;23б].
Бірнеше жылдан бері мектепке дейінгі балалармен жұмыс барысында мен бейнелеу 
әрекеттерінің нәтижелеріне назар аудардым. Балалар келесі белгілер бойынша жақсы 
нәтижелер көрсетті: 

Штрихтау икемділігі,түрлі түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтарды тартуы; 

Жіңішке және жуан қылқаламмен бояуды жаға білуі; 

Негізгі түстердің,бояудың реңктерін танып,оларды араластыра білуі; 

Үлгі мен дақты жұмыста қолдана білуі; 

Өз жұмыс орнын жинай білуі; 
Сонымен қатар балалардың төмен қабілеттері де байқалды: 

Сабақ барысында, жауап айтқан кезде өзіне деген сенімсіздік пен бөгеліп қалушылық; 

Өздігінен бейнелеу құралдарын таңдауда,суретті параққа орналастыруда әректсіздік; 


202 

Дәстүрлі емес бояу әрекеттерін қолдану кезіндегі жаңғалақтық; 

Бейнелеу құралдарымен тәжірибе жасау; 

Танымал сурет салу әдісінде педагогтың анық түсіндіруін күту; 

Қиялын,көркем шығармашылығын байқату; 

Суретке жеке көзқарасын жеткізу; 
«Бастыру әдісі» әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды 
эмоция, қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. 
Мысалы:Жапырақ, алақан, поролон, өсімдіктер.
«Құммен сурет салу әдісі». Балаларға құммен сурет салу өте қызықты, қатты ұнады, ол 
көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Оны төмендегідей жүргізеді: -Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні 
сызылады; -Желім сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағылады; Жағылған желімнің 
үстіне ыдыстардағы құм себіледі. Балалармен жұмыс барысында олардың жеке 
ерекшеліктерін ескеріп, алынған нәтижеге талдау жасадым, жеке жұмысты жоспарладым. 
Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып қана қоймай, дәстүрден тыс әдістермен жұмыс 
жасауды жетілдіріп, ерекше бейнелері арқылы өзінің «Менін» көрсету. 
Қорыта келе мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзіреттілігін сурет 
салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдану арқылы дамыту үшін оқып үйретудің сан алуан 
әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік 
тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Нәтижесінде балада көркем өнер 
туралы білімі қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды, авторлық бағытта бейнелей 
біледі, отбасы және мектеп ынтымақтастығы орнайды.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық 
топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға 
мүмкіндік береді. Мектепте жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты 
мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін 
пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу
[6;9-15б]. 
Қорыта айтқанда, ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе 
бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізіне қабілеттің мұндай 
дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа 
бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, 
өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Жұмабаев 
М. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет