Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет238/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   532
ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ 
 
Тулегенова Д.Д. 
Ғылыми жетекші: Мусайбеков Р.К. – академиялық доцент, жаратылыс ғылымдарының 
магистрі, оқытушы - дәріскер
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ-сы 
tulegenova.88@mail.ru
  
Математикалық білім беруді дамытудың стратегиялық бағытын және алдын ала 
болжаудың біртұтас кешендік мәселелері айқындалып, оның қазіргі кезеңгі математикалық 
мәдениеттің бір құраушысы ретінде орны мен мақсаттарын анықтау проблемаларын шешу 
қажет, яғни оқушылардың меңгеру деңгейіне қажетті және тиімді мазмұн көлемін 
анықтайтын, қазіргі талапқа сәйкес математикалық білім негізін жете зерттеу мәселесі өзекті 
мәселенің бірі болып отыр. Сонымен мектеп математика курсында теңсіздіктерді шешудің 
әдістемесін жетілдіру, оқыту мазмұнының қолданбалық бағытын күшейту, алған 
білімдерін практикада қолдануға талпына отырып, оқыту процесінің әдіс-тәсілдерін 
қолданудың тиімді жолдарын кешенді түрде игерілуіне мүмкіндік береді. 
«Теңсіздіктер» тақырыбын оқыту әдістемесіне арналған көптеген еңбектермен талдай 
отырып, қазіргі кезде теңсіздіктердің әртүрлі аспектілерін ашатын бірқатар зерттеулер бар 
екенін көреміз.
Алғашқы зерттеулердің бірі болып К.И. Нешковтың диссертациялық зерттеуі болып 
табылады, мұнда жұмыстың мазмұнын іріктеп алу принциптері қарастырылған және тақырып 
бойынша материалдың қажетті көлемі алынған. Басты роль жаттығуларға арналады. 
Теңсіздіктер тақырыбына келесі ғалымдар мен әдіскерлер назар аударған: А.Н. 
Колмогоров, М.В. Паюл, И.М. Степуро, М.П. Комова, Г.Н. Солтан, Е.Ф. Недошивкина, Н.Б. 
Мельникова, Д.Д. Рыбдалова, И.Ф. Шарыгин, Г.В. Дорофеев, М.К. Потапов, Н.Х. Розов, Н.В. 
Виленкин, В.А. Далингер және т.б. 
Қазақстандық авторларды да атап атап өткен жөн болады: Д. Рахымбек, А.Е. 
Әбілқасымова, Б. Баймұқанов, Е.Медеуов, Қ. Базаров, Қ.Ғ. Қожабаев, Т.С. Маликов, К.Д. 
Шойынбеков, З.А. Жұмағұлова және т.б.
Сондықтан, теңсіздіктерді ұғынуға және мектеп курсы математикада оқыту 
әдістемесінде нақты теңсіздіктерді шешуге қатысты мәселелері толығынан ашылды деп 
есептеуге болады. Осы уақытта «Теңсіздіктер» тақырыбына байланысты әдістемеде көптеген 


446 
керемет тәжірибе болсада, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, емтихан жұмыстарының 
нәтижелері көрсеткендей, орта мектеп түлектерінің теңсіздіктерді шешуге байланысты білім, 
білік, деңгейлері толық емес екенін көрсетеді.
Енді әр типтегі теңсіздіктерге (сызықтық, айнымалысы модуль таңбасының астында 
болатын, квадраттық, көрсеткіштік, логарифмдік) және олардың шешімдеріне назар 
аударайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет