Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫҢ



Pdf көрінісі
бет235/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫҢ 
КӨМЕГІМЕН МЕХАНИКА БӨЛІМІНІҢ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ 
Таңатқызы Альбина 
Ғылыми жетекші: Сапарбекова А.А.,жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау униерситеті, Көкшетау қ. 
atanatkyzy@mail.ru
  
Бұл мақалада механика бөлімі бойынша зертханалық жұмыстарды арнайы 
компьютерлік бағдарламада пайдалану жолдарына кеңінен тоқталып өтеміз. Механикалық 
жүйелерде компьютерлік модельдеу маңызды құрал болып табылады. Компьютерлік 
техналогия физиканы оқыту үрдісінде күрделі физикалық есептерді орындауға және 
физикалық шамалар арасындағы графиктерін жасауға мүмкіндік береді. 
Физика сабақтарынан студенттерге зертханалық жұмыстарды арнайы компьютерлік 
бағдарламада орындату арқылы физика есептерін қарастыру.
Зертханалық жұмыс барысында есептерді қарастыру студенттердің ой-өрісі мен 
қабілетін дамытудың негізгі құралы болып табылады. Студенттерің меңгерген теориялық 
білімін практикада пайдаланудың бірден бір таптырмас жолы. Компьютердегі арнайы 
зертханалық жұмыстар физикалық құбылыстар мен теорияларды тереңірек меңгеруге және 
логикалық ойлаудың дамуына және игерген білім негіздерін өзара байланыстырып қолдана 
білуге үйретеді. Есеп шығару барысында студенттер физикалық жаңа ұғымдар мен 
формулаларды алғаш рет механика бөлімі бойынша арнайы зертханалық жұмыстар 
бағдарламасында заңдылықтарды алдын ала түсінуге, жаңа оқу материалдар мазмұнымен 
алдын ала танысуға мүмкіндік алады. [1;63- бет] 


441 
Жалпы оқу барысындағы физикалық есептер көп қиындықтар тудырмайды, ол 
логикалық тұжырым көмегімен немесе есеп туралы толық мәлемет беру арқылы шығарудың 
тиімді жолдарын ұсынады және физиканың заңдары мен әдістері негізінде математикалық 
есептеулер мен эксперименттің көмегімен шығарылады. 
Зертханалық жұмыс кезінде есептерді шығару, көптеген мақсаттарды көздейді: 
жұмыстың мақсаты, физикалық құбылыстардың мазмұнын түсіну, ұғымдарды қалыптастыру
студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту және оларға өз білімдерін іс жүзінде қолдана 
білуге үйрету, студенттердің білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін қадағалау және есепке 
алу. Осы жұмыстың мақсаттарына қол жеткізу үшін есептің шартын жеткілікті түрде түсіну 
қажет. Оған жету жолдарының бірі арнайы «Mechanics» зертханалық бағдарламаны дұрыс 
пайдалана алу. [2; 113- бет] 
Есеп шығару барысында «Mechanics» зертханалық бағдарламасы физика мұғаліміне 
физикалық есептеу экспериментіне жиірек сүйенуге, қандай да бір физикалық шамалардың 
арасындағы байланысты көрнекі түрде көрсетуге, оқытудың қолданбалы бағытталуын 
күшейтуге септігін туғызатын физикалық - техникалық мазмұндағы есептерді тереңірек 
зерделеуге мүмкіндік береді.
Компьютерді пайдалана отырып, зертханалық жұмысты орындау кезінде, есеп шығару 
процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:
-теорема 
-кесте
-шешуі
-қорытынды
-зертханалық жұмысқа байланысты пысықтау сұрақтары 
Осы «Mechanics» зертханалық бағдарламасы көмегімен шығарылатын есептер 
мынадай жаңа дағдыларды үйретеді: [3;57- бет]
- Белгілі формулалар бойынша бірнеше қайталап есептеуді жүргізуге болады;
- Салыстырмалы және абсолютті қателіктерін табуға; 
-Кесте мен график салып үйренуге; 
-Жұмыс мақсатын пысықтау сұрақтарына жауап беру дағдыларын үйретеді.
«Mechanics» зертханалық бағдарламасы 
Физикалық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет