442
1. Шканова А.К. Компьютерлік технологияны оқу- тәрбие процесінде пайдалану // «Тайманов
оқулары -2010» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдары -
Орал, 2010. - 112- 115 б.
2. Бурсиан Э. В. Физика 100 задач для решения на компьютере. - СПб.:
издательство Дом
"МиМ", 1997. - 253 с.
3. Бердиева М.А. Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу және компьютерлік
эксперимент//Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері:
Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияның материалдары (9-10 қараша, 2007
жыл)- Шымкент, 2007. 57- 59 б.
ELAEAGNUS ANGUSTIFOLIA ӨСІМДІГІНІҢ ЖЕМІСТЕРІНЕН АЛЫНҒАН ЗЕФИР
ӨНІМІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Токимова А.С.
Ғылыми жетекші: Жумабаева С.Е. биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған
профессор
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,
Көкшетау қаласы
tokimovaa@mail.ru
Elаеаgnus angustifolia L
. - жапырақ тастаушы бұта немесе ағаш түрінде кездесетін
өте ерте кезден белгілі мәдени өсімдік.
Жіңішкежапырақты жиде құрамындағы биологиялық белсенді органикалық заттар
(флавоноидтар,
алкалоидтар,
пектиндер,
витаминдер,
органикалық
және
фенолкарбонильді қышқылдар) мен аса бай қорының арқасында медицина мен
фитотерапияда ауқымды қолданылады.
Жіңішкежапырақты жиде пайдалылығымен ерекшеленеді. Сондықтан зерттеудің
негізгі мақсаты Жіңішкежапырақты жиде өсімдігінің жемісінен
тамақ өнеркәсібінде
пайдалылығы жоғары зефир өнімін алу және табиғи бояулармен бояп, түрлендіру.
Жемістерде 13,8-18,6% құрғақ зат бар. Қанттың жалпы мөлшері 4,2-6,2%,
органикалық қышқылдар 1,2-1,3% (алма қышқылы бойынша). Пектинді заттардың жалпы
мөлшері 1,85-1,94%-ға дейін жетеді (ылғалды салмақ бойынша) [1].
Минералды заттардың жалпы құрамы 2,45–3,2 %. Макроэлементтерден Na, К, Mg
және Р, ал микроэлементтерден – Fe, Cu, Zn, Ni және Сr кездеседі. Жіңішкежапырақты
жиде өсімдігінің жемістері басқа жеміс-жидек шикізаттарымен салыстырғанда азотты
заттардың жоғары құрамымен (2,9–3,6%) ерекшеленеді.
Олардың құрамында
алмастырылмайтын аминқышқылдары бар [2-4].
С витаминінің мөлшері 48,2-60,4 мг. В тобының витаминдеріне келетін болсақ,
олар көрсетілген шикізатта аз мөлшерде болады: В тобының
дәрумендерінің ішінде
фолий қышқылы басым. РР витаминінің мөлшері - 0,3 мг, Е витамині - 1,8-2,4 мг.
Каротиноидтар β- каротинмен (0,02–0,09 мг) ұсынылған. Осылайша, жіңішкежапырақты
жиде өсімдігінің жемістері витаминдерге бай шикізат болып табылады [5,6].
Elaeagnus angustifolia
жемістеріндегі фотосинтетикалық
пигменттердің құрамы
жұқа қабатты хроматография көмегімен анықталды [7].
1-кесте.
Elaeagnus angustifolia
өсімдігі жемісінің фотосинтетикалық пигменттері R
f
Шыққан пигменттердің нөмірлері
Пигмент
R
f
(%)
Достарыңызбен бөлісу: