Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ТҰҚЫМДЫҚ БҰҚАШЫҚТАР ӨСУІНЕ РАЦИОН ЭНЕРГО-



Pdf көрінісі
бет329/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   532
ТҰҚЫМДЫҚ БҰҚАШЫҚТАР ӨСУІНЕ РАЦИОН ЭНЕРГО-
ПРОТЕИНДІК ҚОРЕКТІЛІГІНІҢ ӘСЕРІ 
Батыргереева Д., Рысбек Б. 
Ғылыми жетекші – Н. Омарқожаұлы, профессор 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу 
университеті, Астана қаласы,
Amanqulkyzy02@mail.ru 
 
Төлдің өсіп дамуы мен тұқымдық қасиеттерінің айқындалуына сыртқы орта 
жағдайларынан азықтандыру факторлары басымдылық етеді. Төлдің қарқынды өсіп дамуына 
қажетті биотүзуді қамтамасыз аминқышқылдары желінген азық протеиінімен жеткізледі. 
Демек, төл азықтандыру рациондарының протеиндік құндылығын арттыру, олардың 
қоректенуінің биологиялық толық құндылығын артырып, өсіп жетілуіне жұмсалатын азық 
шығынын азайтады. Бұл мал өсірудің тиімділігін арттыратын маңызды ғылыми өндірістік 
өзекті мәселе болып табылады [1]. 
Төл азықтандыруда рацион протеинінің мөлшерімен қатар қоректік құндылығы мен 
сапасына көңіл бөлу керек. Рацион алмасу энергиясының пайдалану тиімділігі қант- 


596 
протеиндік қатынасы мен қатар протеин ерігіштігі және ыдыраущыдығымен байланысты 
екені анықталды. Бұқашықтар месқарнын химусындағы қанттың ыдырайтын протеинге 
қатынасы - 0,6–0,7, крахмалға қатынасы - 0,4-0,5, ал қант + крахмалдың ыдырайтын протеинге 
қатынасы – 2-2,4 болғанды олардың орташа тәуліктік тірілей салмақ қосуы 791±31 граммнан 
939±27 (Р > 0,99) граммға дейін жоғырылаған [2, 3]

Зерттеу материалы мен әдістемесі
. Тұқымдық бұқвшықтар өсуіне рацион 
протеиндік қоректілігінің әсеріін зерттеу ғылыми-шаруашылық тәжірибесі Ақмола 
облысы«Сандықтау» ЖШС асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығында аналогты-топтар 
әдісімен жүргізілді. Тәжірибеге жасы мен тірілей салмағы біркелкі Қазақ ақбас тұқымы 
бұқашықтары іріктеліп, І- бақылау және ІІ-тәжірибе топтарына бөлінді. Ғылыми-шаруашылық 
тәжірибе сұлбасы 1- кестеде келтірілген. 
1-
кесте - Ғылыми-шаруашылық тәжірибе сұлбасы 
Тәжірибелік 
топтар 
Бұқа
шықтар 
басы 
Бұқашықтарды азықтандыру 
рациондары 
І-бақылау 

Шаруашылық азықтандыру рационы (ШР) 
ІІ-тәжірибе 

ШР + КФҚ – күнжара-фосфатидтік 
қосынды 
І-бақылау тобының бұқашықтары 4-5 кг аралас пішен, 10-12 кг жүгері сүрлемі, 3-4 кг 
аралас жемнен (қоректілігі бойынша 30-40% ірі, 20-30% шырынды, 30-40% құнарлы азықтан) 
құрастырылған шаруашылық азықтандыру рациондарымен азықтандырылды. ІІ-тәжірибе 
тобының бұқашықтарына құнарлы жемннің қоректілігі бойынша 20% энерго-протеинді 
күнжара-фосфатидтік қосындымен (КФҚ) алмасытырлған. Қосындының бұқашықтар өсуіне 
әсерін анықтау үшін келесі көрсеткішер бақыланды: 
-
тірілей салмақ қосуы – тәжірибе басында және соңындағы салмақтарумен; кг; 
-
орташа тәуліктік салмақ қосуы – салмақ қосуын тәжірибе мерзіміне бөлумен, г; 
-
азықтар шығыны – жұмсалған азықтар мөлшерімен, ц; 
-
салмақ қосу бірлігіне жұмсалған азық шығыны – азық өлшем шығынын қосылған 
салмаққа бөлумен, азық өлшемі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет