Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҰСТАЗДЫҢ БИІК ТҰЛҒАСЫ



Pdf көрінісі
бет385/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҰСТАЗДЫҢ БИІК ТҰЛҒАСЫ 
 
Бектұр М. 
Ғылыми жетекшісі: Бөкен Г.С., PhD., қауымдастырылған профессор 
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ 
asya_2309@mail.ru
 


708 
Адам баласының тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмір аралығында ұстаздың алар орны 
ерекше. Тіпті адам баласының нағыз адам болып қалыптасуы да тікелей ұстазға байланысты 
екенін білеміз. Дана халқымыз: «Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі», – 
демекші, халқымыз қашан да ұстазын ұлықтаған халық екені хақ. Ұстаз – ұлы есім. Тарихқа 
көз жүгіртіп қарасақ, ғұлама ғалымдардың ұстаздың тәлім-тәрбиесінің арқасында өшпес мұра 
қалдырғанын аңғарамыз. Мұның өзі халқымыздың «Ұстаздан шәкірт озарына» келіп саяды. 
Тарихта есімі алтын әріппен қалған, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл – Фараби нағыз 
ұстаздың сипатын былай көрсетеді: «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете 
түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, 
ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге 
құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат 
адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен 
жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» Расында, ұлы ойшылдың осы ойы 
ұстаз образын аша түскендей. Ал бүгінгі күнге жеткен көркем әдебиетіміздегі ұстаз образдары 
қалай суреттеледі? Шығарма мазмұнынан қазіргі ұстаздар тұшымды дүние түйе ала ма? ХХІ 
ғасыр ұстазы мен көркем әдебиеттегі тарихи ұстаздардың ұқсастықтары мен 
айырмашылықтары бар ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. 
Қазақ халқының кез келген туындысын алсақ та ұстаз құндылықтарының маңызы өте 
зор. Ал ұстаз құндылығы – шәкіртіне берген білімімен, тәрбиесімен өлшенеді. Ұстаз 
құндылығынан бұрын, ұстаз ұғымының мағынасына тоқталсақ. Ұстаз ұғымы қалай пайда 
болды? Сол туралы тарқатып айтайық. Ұстаз ұғымы – ғылымның кез келген саласымен 
байланысты. Себебі әлемнің әр саласын зерттеген ойшылдардың да ұстазы болған. Тоқетері, 
ұстазды ағаштың тамыры десек болады. Тамырсыз ағаштың жайқалмайтынын ескерсек, 
жайқалмаған ағаштан жемісті қалай күтеміз? Яғни ұстазсыз шәкірттен қандай жетістік пен 
жеңіс күте алмақпыз? Ұстаз ұғымы түсінікті болды деп ойлаймын. Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі 
ұстаз образы тамырын тереңге жайып келеді десек те болады. Олай болса дәлелдеп көрейік. 
Біріншіден, ұстаз дегенде әл – Фараби бабамыздың еске түсері анық. Күллі әлемнің 
ғылымының дамуына үлес қоса отырып, тарих сахнасынан ойып орын алған ойшылға бүгінгі 
таңда бірнеше прозалық, поэзиялық шығармалар арналған. Тіпті драмалық шығармалар да 
жазылып, қойылым ретінде, тіпті «Хабар» телеарнасында фильм ретінде де көрерменге 
ұсынылып келеді. Иә, бұл қуантарлық жағдай. Осы орайда Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың 
оралуы» [1] еңбегін мысалға алсақ болады. Жазушының бұл романында әл – Фарабидің ғылым 
жолындағы өмірі, ұстаздық жолы, ғұламалық келбеті толық көрініс табады. Оқиғаның Орта 
Азия мен Таяу Шығыс жерінде өрбуі тарихи деректермен де ұштасады. Және шығармадағы 
ұстаз бен шәкірттің нақты диалогтарынан әл – Фарабиді шәкірттеріне ықпал ете алған «Ұлы 
ұстаз» образында тани аламыз. Сонымен қатар, ғылыммен қоса ұстазына деген 
сүйіспеншілігін де аңғарамыз. Оны мына үзіндіден байқауға болады: «Ұлы шебер, Шамның 
тыңшылары мен баскесерлері ныспымды білетіндей мен соншалық данышпан да, бүлікші де 
емеспін. Мен қарапайым ғана адаммын. Бір кездері жауынгер, әрі ғұләм болғаным рас, ал 
өзімнің кім екенімді әл – Киндидің кез келген жолымен, Платонның жазуындағы Сократтың 
нақылдарымен немесе Әбу Нуастың өлеңдерімен және от пен Космос туралы Гераклиттің 
сөздерімен дәлелдей аламын… Менің Ұстазым Аристотель…» осы үзіндіден ақ ойшылдың 
ұстазына деген құрметін байқай аламыз. Бір халықтың емес, бар халықтың ғылымының 
дамуына үлес қосса да, ұстазын өзінен жоғары қоюы адами факторының жоғары екенінің 
айқын дәлелі секілді. Әнуар Әлімжановтың бұл туындысынан әл – Фарабидің тек екінші ұстаз 
ретінде ғана емес, ұстазын құрметтеген үлгілі шәкірт ретінде де тани алдық. Автор Әнуар 
Әлімжановтың өзі М.Әуезовтің шәкірті екені осы тұста белгілі болады. Романдағы образды 
аша суреттеуі мен қаламының шеберлігі М.Әуезовтен үйренген тәлімінен десек те болады. 
Жалпы романнан бүгінгі ұстаздар жақсы ой түйеді деп ойлаймын. Себебі нағыз ұстаз 
образының қандай болатынын жіпке тізіп көрсеткен автор Фараби болмысынан өнеге алуға 
шақырады. Ғылымның, адамдықтың, жақсылықтың жауы болған надандықты жеңуді әл – 


709 
Фараби образы арқылы оқырманға жеткізіп, әл–Фарабиді ұстаздықтың идеалы ретінде 
дәріптейді. 
Екіншіден, қазақ халқымыздың ұстаздық ғылымының дамуы Ыбырай Алтынсарин 
есімімен тікелей астасып жатыр. Ғұмырын білім беруде «аш қасқырдай» кірісуімен өткізіп, 
қазақ қыздарының, қазақ балаларының көзі ашық, көкірегі ояу болуына мол септігі тиген ұлы 
тұлғаның еңбегі мол, әрине. Білім беру жолында басын қатерге тігіп, қиындыққа мойымай, 
мектеп ашқанын да білеміз. Күллі халықты білім алуға шықарған «дала қоңырауының» 
тарихтан да алар орны ерекше. Бүгінгі күні Ы.Алтынсаринге арналған прозалық, поэзияық
шығармалар өте көп. Солардың бірі де бірегейі – Ғафу Қайырбековтің «Дала қоңырауы» 
шығармасы. Поэмаға арқау болған да – Ыбырай образы. Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы, 
ұстаздық ұстамдылығы, осы жолда жасаған жанкешті еңбегі суреттеледі. Ыбырай атамыздың 
сол кездегі озық педагогика үрдісі негізін құра отырып, жаңа оқыту жүйесімен жұмыс істеуге 
талпыныс жасағаны да айқын көрініс табады.Және оқуды ана тілінде жүргізіп, тәрбиелей 
оқытуды қолданғанын, автордан бүгінгі ұстаздардың әдістері де осы негізді болса екен 
дегеніштей тілегін байқауға болады. Ыбырай атамыздың қазақ балаларына ғана емес, тұңғыш 
мұғалімдерге арналған мектеп ашқаны да тарихтан белгілі. Торғайда Ыбекең ашқан мектептен 
қоғам қайраткерлері, ғалым-ұстаздар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов білім алды. 
Сонымен қатар, жоғарыда атап өткен «Дала қоңырауы» поэмасының авторы Ғ.Қайырбеков те 
Ыбырай Алтынсарин мектебінен түлеп ұшқан шәкірті болған. Ұстазының құрметіне орай, 
автордың шығарма арнауы да тегін еместігін аңғаруға болады. Поэмада Ғ.Қайырбеков: 
Жүз жыл бұрын дәл осындай дана адам, 
Тұңғыш рет мектеп ашып даладан. 
Осы отырған кластардың бөлмесін, 
Әр кірпішін қамқор қолмен қалаған. 
Сол данышпан сені әкелген ен шетке, 
Ұлы мұра қалдырдым деп кетпек пе? 
Қызығамын сенің тұңғыш үніңе, 
Жалт қаратқан жалпақ елді мектепке[2,89], – деп жүрекжарды үнін 
жеткізе отырып, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылыққа қосқан үлесін дүйім жұртқа 
дәріптейді. Бұл поэмадан бүгінгі ұстаздар Ыбырай образын ұстаздықтың шыңы деп қарап, 
поэма мотивіне сәйкес басты кейіпкер образынан үлгі алады. Мектептегі қоңырауды 
оқушылардың сарыла күтетінін білетін боларсыз. Бұл роман арқылы автор Ыбырай атамызды
қазақ аңсаған, сарыла күткен «Дала қоңырауына» теңеп, көркем образбен бейнелейді. 
Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсаринге арналған көлемді прозалық шығарма ретінде 
Жайсаңбек Молдағалиевтің «Таза бұлақ» шығармасын мысалға алуға болады. 1978 жылы 
жазылған «Алғашқы ұстаз» повесі бірнеше уақыттан соң «Таза бұлақ» деген атпен роман 
ретінде жинақталды. Бұл романға жазушы 10 жылын арнаған екен. Ұлы ұстаз Ыбырай қазақ 
әдебиетінің тарихында да, ағартушылық идея жолында да бар болмысымен оқшауланып 
тұрады. Автор ұлағатты тұлға бейнесін қазақ даласын білім нәрімен сусындатқан «Таза 
бұлақ» ретінде суреттейді.
Үшіншіден, әр адамның жүрегінде сөнбейтұғын сәуле болса – ол ұстаздың ерен еңбегі 
дер едім. Көптеген әдебиетші тұлғалардың ұлы ұстазына айналған кемеңгер тұлғалардың бірі 
- М.Әуезов. Әуезовтанушылардың еңбек жолында ұстазына көптеген туындылар арнағанын 
білеміз. Мұхтар атамыздан дәріс алған, көзі көрген шәкірттерінің бірі – З.Қабдолов. 
З.Қабдолов өз ұстазына «Менің Әуезовім» атты роман эссе жазған. Өз ұстазының образын 
жасауда, барынша реализмге баса назар аударып, тарихи шындық негізінде жазған. Роман 
эсседегі барлық оқиға әдебиеттің қара шаңырағын айналған бүгінгі ҚазҰУ-де, Алатаудың төрі 
Алматыда өрбиді. Оқиға желісі күзгі Алматының табиғатын суреттеп, жолда қатар келе 
жатқан ұстаз бен шәкірт әңгімесінен басталады. Және ұстазының лекция оқу шеберлігін, 
болмысын, ұстаздық шеберлігін, ұстаздық келбетін, нақты шындық оқиғалар арқылы 
баяндайды. Және автор монологында: «Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету – өзіңнің 
уақытыныңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан 


710 
қиямет-қайым қызмет жоқ» деп ұстаздықты ұлы мамандық ретінде танытады. Және жазушы 
өзінің ұлы ұстаздан дәріс алуды армандағанын, сол арманға жеткенін айтады. Сонымен қатар,
роман ішінде бүгінгі күнге өнеге боларлық екі қасиет көрсетіледі. Олар: ұстаздың шәкіртке 
ілтипаты мен шәкірттің ұстазға деген құрметі. Міне, осы екі қасиет шәкірт пен ұстаз 
арасындағы ұлы жолдың көпірі іспеттес. Бұл романнан бүгінгі ұстаздар Әуезов бейнесі 
арқылы ұстаздықтың ұлы даңғылында шәкіртпен қарым-қатынастың дұрыс болуын, бір жақты 
ғана емес, шәкіртіне жан жақты тәлім беру керек екенін түсінеді. 
Қорыта айтқанда, С.Мұқанов атамыз айтпақшы: «Мұғалім деген ат-қасиетті ат. 
Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынамыз. Елдің 
надандығымен алысатын адам - мұғалім». Еліміздің нағыз ел болып қалыптасуы үшін де 
ұстаздың маңызы өте зор. Ал жоғарыда атап өткен ұстаздар мен бүгінгі ұстаздардың 
айырмашылығы бар ма? Ұлт ұрпағын тәрбиелеуде ұстаз еңбегі еленіп жатыр ма? Әрине, ұстаз 
деген ұлы атты бұрынғы, я қазіргі деп жікке бөлу қиын – ақ. Ұстаздың аты қай уақытта да 
ұстаз. Көркем әдебиеттегі қай ұстаз образын алсақ та, ұрпаққа берер өнегесі мен үлгі болар 
болмысы, түртіп аларлық қасиеттері жетерлік. ХХІ ғасырдың ұстазы да өткен ғасырдағы ұлы 
ұстаздардан үлгі алып келеді. Ұстаздың үлкен мерейі – шәкіртінің жетістікке жеткені емес пе? 
Бүгінгі ұстаздардың шәкірттері де өзінен аспаса, кем түспейді. Бұның өзі ұстаздың ерен 
еңбегінің арқасы. Ұстаз образының баға жетпес құндылығы қай заманда болмасын өз 
құндылығын жойған емес, жоймайды да. Дәл бүгінгі күнде де ұстаз мәртебесі кең көлемде 
қарастырылып отыр. Жоғарыда атап өткен, Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы», 
Ғ.Қайырбековтің «Дала қоңырауы», З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» туындыларын алып 
қарасақ та, ұстаз мәртебесінің биіктігін аңғарамыз. Ұстаз мәртебесі өзекті болғандықтан 
Мемлекет басшысы осы мәселені басшылыққа алып отыр.
Ұстаз – ұмытылмас есім. Ұжданды ұлттың ұяты мен рухының, ұрпағының ертеңгі 
тағдырына жауап беретін, аса жауапкершілікті қажет ететін ұлы мамандық. Өзім де осы 
мамандықта білім алып жатқаннан кейін меңгеру барысында қызығы мен шыжығын көріп 
келемін. Ойымды өзімнің ұстаздарға арнаған жыр шумағыммен қорытындылаймын: 
Ұстаз атын шырқатайық ән қылып, 
Шықсын дауыс күллі әлемге жаңғырып. 
Ұрпағына өшпес мұра қалдырған, 
Ұстаздарға бас иелік мәңгілік! 
Әдебиеттер: 
 
1.
Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы//
 
https://bnsgkzo.kz/catalogs/audiobook/432-lmzhanov-
stazdy-oraluy.html
 
2.
Қайырбеков Ғ. Дала қоңырауы. – Алматы: Көркем әдебиет, 1957. – 179 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет