Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


БОЗОҚ ҚАЛАСЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет383/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
БОЗОҚ ҚАЛАСЫНЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ 
 


701 
Бекжан Г., М Тұрсынәлі А.Н. 
Ғылыми жетекші: Идрисов Р. А. гуманитарлық ғылымдар магистрі, 
аға оқытушы. 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қаласы 
gulnauryz005@gmail.com
 
azamataidarov930@gmail.com
 
VIII– XVI ғ.ғ. Астана қаласының оңтүстік шетінде, Бұзықты көлінің шығыс жағалауында, 
Есіл өзенінің сол жақ алқабында, Қараөткел өткелінен оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде 
орналасқан елді мекен.
Алғашқыда Бұзоқ (Бұзық) деп аталып келген. Бозоқ қонысы Есіл 
өзенінің сол жақ жағалауы бойындағы сазды батпақ арасында орналасқандықтан қазіргі бізге
дейін жетіп отыр. Әрине, алғашқыда Кемел Ақышев бұл қалашықты «Ақжол» деп атағысы 
келген. Кейінірек, түркі-оғыздардың тарихы жөніндегі жазбаша дереккөздерде ол көл 
атауында сақталған болатын.Сосын Бұзықты деген атауды анықтады және өзінің жұмысына 
Бұзық деп ат қойған болатын. Бұл мекеннің атауын білдіретін мағынаны талқылау барысында 
Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев және К. Әкішев Бозоқ деген атауды археологиялық 
феномен үшін қолайлы деген ортақ келісімге келді. Бозоқ— ежелгі түркі мемлекеттері 
әкімшілік құрылымының шығыс бөлігінің атауын білдіретін түркі-оғыздық термин болып 
табылады. Мағынасына қарай «бұзық» деген түркі-оғыздық термин – терең бойлайтын, 
бұзатын оқ дегенді білдіріп, ал егер бұл сөзді «боз оқ» деп өзгертетін болсақ, боз, ашық оқ 
дегенді білдірмек еді. Ежелгі түрік тілінде «боз оқ» деп оқыған дұрыс болады. Осылайша, Есіл 
өзенінің жағасындағы қалашық «Бозоқ» деген атты иемденді.[1] 
Бозоқ тарихында үш тарихи кезең бізге белгілі. Бірінші кезең - VIII-IX ғғ., ерте ортағасыр 
кезеңі. Бұл кезеңге үш ауданнан тұратын мекеннің орталық бөлігі жатады яғни Сарыарқа 
қыпшақтардың орталығына айналып, Бозоқ қалашығы қыпшақтардың Еуразия кеңістігін 
жаулау жолындағы алғашқы ордаларының бірі болып отыр. Екінші кезең - Х-XII ғғ., Қыпшақ 
хандығының күшею кезеңі. Бұл кезеңде балшықтан құйылған кірпіштерден үйлер және 
алғашқы кесене мен мұнара салынған. Қаланың айналасына тұрғындардың ойластырылуымен 
суландыру құрылыстары жасалған. Үшінші кезең - XIII-XIV ғғ., Алтын Орда дәуірі. Бұл 
кезеңде Бозоқ мәдени орталық мәртебесін иеленді және ақсүйектерді жерлейтін орынға 
айналды. Кесенелердің жанынан кірпіш күйдіруге арналған пештер салынды. Осылайша, бұл 
мекеннен алғашқы қоныстанушы адамдары көшіп кеткеннен соң, әскери орда аумағы кейінгі 
көптеген ғасырлар бойы бұл өңірдің діни орталығының қызметін атқарды. Бұл жерде тұрғын-
үйлер мен өндірістік ғимараттардан басқа шикі кірпіштен салынған кесенелер, мазарлар
жерлеу дуалдары ашылған болатын. XIII-XIV ғғ. Алтын Орда дәуіріне жататын жер асты 
жерлеу орындары да табылды. Ең соңғы жерлеулер XVII-ХVIII ғғ. жатқызылады. 
Археологиялық ескерткіштің оңтүстігінде ХVIII-ХIХ ғғ. қазақтардың қыстақ қалдықтары 
орналасқандықтан,Бозоқ қалашығының Қазақстан астанасы үшін оның ертедегі дерегі ретінде 
маңызы өте зор. Мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Астананың орнында әскери бөлімшелердің 
пайда болуы оның ежелден бастау алатынын дәлелдей алады. 
Сонымен қатар,Бозоқ қалашығы оның аумағындағы кесенелердің шоғырлануына 
қарағанда ортағасырлық Нұра – Есіл ауданы халқы үшін рухани орталық қызметін атқарды 
десек те болады. Бозоқ қалашығы әкімшілік билік орталығы болғандықтан, қолөнер мен сауда, 
оның ішіндегі, Ұлы жібек жолының әртүрлі тармақтарының түйіскен жерінде орналасуына 
байланысты халықаралық сауда жолының торабы болды.Осылайша, ежелгі ғасырлардан 
бастап-ақ бұл аймақ маңызды экономикалық орталық болған. Сонымен, бірге бұл жерде Бозоқ 
билеушілерінің ордасы- қазіргі Астананың арғы атасы орналасқан.[4] 
Ескерткішке қатысты алғашқы деректерді 1816 ж. далалық өлкеге ұйымдастырылған орыс 
экспедициясының мүшесі И.П. Шангиннің жазбаларынан кездестіреміз. Жүз жылдан астам 
уақыттан кейін Ақмола облыстық музейінің директоры Л.Ф. Семенов ескерткішті келіп көрген 
болатын. Алғашқы картографиялау жұмыстарын Орталық Қазақстан археологиялық 
экспедициясының жетекшісі Ә.Х. Марғұлан өткізді. Ескерткіште 1998 ж. басталған зерттеу 


702 
жұмыстары К.А. Ақышевтің есімімен тығыз байланысты. Қазба жұмыстары 1999 ж. 
басталады.Ескерткіш 800х400 м аумақты алып жатыр. Композициялық тұрғыда 4 бөліктен 
тұрады. Орталық тұсында «квартал» деген шартты атау берілген 3 алаң болды. Олардың 
өлшемі 35х35 м. Әрбір кварталдың сыртқы оры мен дуалы ал төртінші бөлік қаланың 
шығысынан солтүстікке қарай орналасқан суару жүйесінен тұрады.[2] 
Археологиялық зерттеулер 10 жылдан астам уақыт жүргізіліп, нәтижесінде 8000 ш.м. 
аумақ ашылды. 10 тұрғын-жай, 5 кесене, 2 кірпіш күйдіру пештері, 60-тан астам жерлеу 
орындары мен қаланың қорғаныс жүйесі зерттелді.Бозоқта жүргізілген зерттеу 
жұмыстарының нәтижесі оның ерекше орнын көрсетеді. Ол көп жағдайда бірыңғай керемет 
нысан болып есептеледі және Еуразия даласы тұрғындарының өмірі жайлы жан-жақты 
мағлұмат беретін ерекше ескерткіштер қатарына жатады. Зерттеулер бірінші кезекте Бозоқтың 
мыңжылдық бойғы қасиетті тәжірибесінің ерекшелігін көрсетеді. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев ескерткіштің зерттеуіне 
тікелей қатысқан. 2003 жылдың ақпанында Қ.Ақышев Президентті ескерткіштің төрт жылдық 
жұмыстардың нәтижесімен таныстырды. Кездесу барысында ескерткіш этимологиясы, ашық 
аспан астындағы музейді құру арқылы оны сақтау мәселелері талқыланған болатын. 
Семантикалық мазмұндағы ескерткіш атауы Бозок - ашық түсті оқ деп аталатын болды. Н. 
Назарбаев Бозоқ туралы мәліметті «Еуразия жүрегінде» атты кітабында ерекше атап 
көрсетілді. 
2004 жылы Бозок қалашығында шетелдік сарапшылардың қатысуымен халықаралық 
ғылыми форум өтілді. Форумның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды және Бозоқ 
қалашығының ғылыми және мәдени маңызы туралы сараптамалық пікірге қол қойылды. Бозоқ 
қалашығының материалдары Еуразияның ғылыми археологиялық ерекше орындарының бірі 
болды.[1] 
Тәуелсіздік жылдарында Н.Назарбаев бірқатар ірі бағдарламаларды қабылдап,оларды 
жүзеге асырды. 2004 жылдан бастап Қазақстан аумағында тарихи және мәдени ескерткіштер 
мен объектілерді қалпына келтіруге бағытталған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 
жүзеге асырылды. «Мәдени мұра» бағдарламасына (2006 жылғы 22 маусымдағы № 70-15.6 
хаттама) сәйкес, «Бозоқ» археологиялық ескерткіші негізінде Ұлттық табиғи-тарихи саябағын 
құру жоспарланған. 2017 жылғы 12 сәуірде Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрді, онда жаңғыртудың бірінші шарты - өз 
мәдениетін, өз ұлттық кодын сақтау болатын. Бағдарламалық мақалада көрсетілген алты 
жобаның («Сакралды Қазақстан») бірінің құрамында «Бозоқ» музей-қорығын құру 
жоспарланған еді. Президент Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында 
Қазақстан тарихын зерттеуді және Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауды басты 
назарда ұстаған еді. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 150 қаулысымен 
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 
құрылды. Ұйымда танымал ғалымдар, археологтар мен музей қызметкерлері істейді. 
Ғалымдар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында сипатталған ата-бабаларымыздың 
жетістіктерін бейнелейтін «Бозоқ» музей-қорығының сәулет көрінісін құру тұжырымдамасын 
қарастырды. 
«Бозоқ» музей-қорығы жобасының негізгі мақсаты - Бозоқ ортағасырлық қалашығын қалпына 
келтіру және Ботай, Сақ, Хұн, Түркі және Қазақ хандығының 5 хронологиялық тарихи 
кезеңдері бейнелейтін қоныстарын археологиялық орталық кешенінде көрсету. Бұл ежелгі 
дәуірдің сол кезеңдегі ортасына енуге мүмкіндік беретін жанды музей болып отыр. Әлемдік 
тәжірибеде соңғы жарты ғасырда осындай музейлердің өркендеуі көптеп байқалады. 
Қазақстанда 240-тан астам музейдің ішінде тек 12 қорық-музей бар, ол музейлердің жалпы 
санының 5%-ын құрайды. Елімізде республикалық мәртебесі бар археологиялық және 
этнографиялық профильді музейі жоқ . 


703 
Бозоқ музей-қорығының жобасын жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу қызметімен қатар ойын-
сауық пен демалыс, спорт пен денсаулық функциялары маңызды болатын сапалы жаңа 
форматты жанды музейін құру.[3] 
Тұңғыш президенттіміз Н.Назарбаев өз еңбектерінде: «...ортағасыр-лық Бозоқ қаласын 
Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады, ал оның соңғы мұрагері қазіргі Қазақстанның 
астанасы – Астана қаласы» деп жазған болатын. 
Қорытындыға келсек, жүздеген жылдар алдын Астананың орнында осындай қалашық 
болғандығын біз жадымызда шығармауымыз керек. Яғни,қалалық дәстүр мәдениетінің 
өзіндік ұзақ тарихы болғаны бізге мәлім. Және мыңдаған жыл алдын осы жерлерде Бозоқ 
қаласы тәрізді қалашықтар өте көп болған. Ол қалада сауда өте жақсы дамыған. Бұл қала 
әскери-әкімшілік және ғибадат орны міндетін де атқарған. Менің ойымша қазіргі астананың 
тұрғындары үшін – өткен тарихтан сыр шертетін, бағалы артефактілерді көздің қарашығындай 
сақтауы керек.
Әдебиеттер тізімі 
1.
Акишев К.А. Городище Бозок: семантика планиграфии и функции // Бозок в панораме 
средневековых культур Евразии: матер. научн.-полевого семинара. – Астана: ЕНУ им. Л.Н. 
Гумилева, 2008. – с. 13–19. 
2.Акишев К.А., Хабдулина М.К. Древности Астаны: городище Бозок. – Астана: ЕНУ им. 
Л.Н. Гумилева, 2011. – 260 с. 
3.Акишев К.А., Хасенова Б.М., Мотов Ю.А. К вопросу о монгольских погребениях XIII–
XIV вв. // Бозок в панораме средневековых культур Евразии: матер. научн. полевого 
семинара. – Астана: ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2008. – С. 56–65. 
4.
Интернет желісі :https://astana-akshamy.kz/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет