Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


АБАЙДЫҢ ДӘСТҮРЛІ БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет386/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

 
АБАЙДЫҢ ДӘСТҮРЛІ БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 
Берикбол Ерасыл 
Ғылыми жетекші: Нукиев Б.А заң ғылымдарының магистры, лектор 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
nukiev.b@mail.ru
 
 
Қазақтың жаңа замандағы тұңғыш Республикасының басшысы Әлихан Бөкейханов
қазақтың Бас ақыны деп баға берген Абай Құнанбайұлы саяси және құқықтық ілім тарихы 
бойынша арнайы еңбек жазбағанымен, Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде өзі өмір 
сүрген дәуірдің саяси-қоғамдық тыныс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, халықтың әлеуметтік 
мұң-мұқтажы мен патшалық отарлау кезеңдегі билік жұмысын арқау етті. 


711 
Бір өзі бір Италияның жеріне дейін билігі жүрген қара шығып «хан болған» аға сұлтан 
Құананбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келіп, әкесінің ел басқару ісіндегі тәрбиесін 
көп көрген Абай жас кезінде-ақ ақылға алғыр,сөзге шешендігімен ел арасында беделге ие
болды. Патша өкіметінің саясаты нәтижесінде жер дауы, ру аралық тартыстардың өршуі, 
патша ұлықтары қазақ арасына әкелген парақорлық,бәлеқор-арызқойлық сияқты әлеуметтік 
кеселдер түйінін Абайдай білгірлікпен оп-оңай шешуге тырысқан сол жолда билік 
институттары мен заңдарын жетілдіруде қазақ арасынан суырылып шығып еңбек қылған адам 
кемде-кем болатын. 
Әке балаға сыншы демекші Құнанбай өзге балаларының ішінен осы шоң қараның 
алғырлығы мен зеректігін ерте танып, Семейдегі Ахмет-Риза медрессесінде мұсылманша 
сауатын,онан әрі замана ағымына қарай орысша сауатын жетілдіріп,енді оны Дала өмірінің 
университетінен тәлім алуы керек деп санап, Абайды 13 жасында –ақ Ел ісіне араластырып, 
түрлі жұмыстар мен кішігірім дау-шарлардың салып,қыран баптағандай,әлеумет жұмысына 
баулыды..Абайдың өмір тарихында былайша жазылған: «Жиырма жасында Абай маңдай алды 
шешен болды». 
Бұл сөздер Абайдың табиғаты ,ішкі рухы далалықтардың Ел билеу 
дәстүрінде, кешегі ел билеген, дау шешкен кемеңгерлердің өнер-машығын бойына сіңіріп 
қалыптасқандығын аңғартады. Әрине, Абай үшін Ел басқару ісінде үздік тұлға,қазақ түгілі 
Ресей әкімшілігі мен ел аралаған поляк А. Янушкеевич сияқты ғалым адамдардың өзін таң 
қалдырған өз әкесі Құнанбай еді. Бірақ, Абай Құнанбайдан басқаша,алған білімі,танымы қазақ 
пен мұсылман ішінде ғана қалмай, орыс білімі арқылы Еуропалық білім мен ғылымға қол 
созған жаңашыл еді. Құнанбай өз бойында Даланың рыцарлық қайсар-қасиетін болмысына 
сіңірген алғыр да алымды басшы болса, Абай философиялық толғау мен лирикаға бейім жан 
иесі,ақындық гуманистік сипаты басым тұлға. 
Қазақ даласын толық меңгеріп, билемекке ұмтылған Ресей әкімшілігі қазақ қоғамын 
Ресей билігіне икемдемек үшін әртүрлі іс-шараларды жүзеге асырды. Осындай іс-шараның 
бірі 1885 ж.мамыр айында Шар өзенінің Қарамола деген жерде Семейдің ген.-губернаторы 
Циклинцкийдің басқаруымен Семей губерниясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-
болыстары бас қосқан төтенше съезі болатын . Бұл уақытта Абайдың Қазақ Даласындағы 
абырой-беделі шарықтап тұрған еді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей 
қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесі» әзірлеу тапсырылды .Абай бастаған 
комиссия барлығы 74 баптан тұратын ережені әзірледі.Аталмыш ережеде қазақ әдет -ғұрып 
құқығының көптеген нормаларының көрінісін қазіргі заманғы әкімшілік,азаматтық және 
қылмыстық заңнамалардан байқауға болады. Абай қазақтың дәстүрлі заң жүйесінің ұтымды 
жақтарын Ресей заңдарының үздік нұсқаларымен үйлестіруге тырысты. 
Сотта іс жүргізудең тәуелсіз және объективті түрде өтетініне кепілдік беретін судьяның 
бейтарап болуы Қарамола ережесінің 5-бабында көрініс тапқан. Бұл қазақ қауымында 
ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарында да ,патша өкіметінің халықты 
қанаушылыққа,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын,өзгеше құжат 
еді.Оның әсіресе ұрлық,қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. 
Абай шығармаларында нақты құқықтық мемлекет деген термин немесе ұғым 
кездеспейді.Бірақ, осы мәселе туралы айтылған ойлары, көтерген проблемалары құқықтық 
мемлекет принциптерімен ұштасатындығын анық байқауға болады. Абай құқықтық 
мемлекетте заң үстемдігін қоғамның барлық саласында арттыруды,заңның күшімен , 
тиімділігі мен демократияны,билік жүргізуді жетілдіруді және мемлекет органдарының жеке 
адам, жалпы халық алдында жауаптылығын талап етеді.Мұндай құқықтық мемлекет 
принциптеріне сай келетін Абай идеяларының құндылығын: 
«Мен егер заң қуатын қолымда бар кісі болсам ,адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің 
тілін кесер едім» (Абайдың 37-қара сөзі) деген пікірінен аңғарамыз. «Қарамола Ережесінің» 9-
шы бабы бойынша билердің және съездің шешімдері куәгерлердің жауабына негізделді.Егер 
де шақырылған куәгерлерді би сенім артуға болмайды деп тапса,онда дауды куәгерлерсіз –ақ 
ант беру арқылы шешу қарастырылды.Ережеде қазақтың әдет-ғұрып құқында маңызды орын 


712 
алатын ант беру мен ант қабылдау тәртібі және оның мән-мағынасы ұқыптылықпен 
көрсетілген. 
Абай дайындап, қабылдауға қатынасқан «Қарамола Ережесінің» оннан астам бабы 
қылмыстық құқық пен жазаға арналды.Оның ішінде ұрыс-төбелес,ұрлық, ұрлықты қайта 
жасау,адам денесіне зақым келтіру ,зардапшегушілерге көмек көрсету және тағы басқалар 
қарастырылды. Сонымен қатар,Абай құқықтық мемлекетте сот органдарын тәуелсіз етуді 
жақтайды.Бұл пікірді іс жүзінде асыру үшінол сот қызметіне қызметкерлерді өмірлік етіп 
сайлауды талап етеді. 
«Әрбір елде толымды-білімді кісі билікке жол кесілмей сайланса ,олар түссе,жаманшылығы 
әшкерек білінгендіктен түссе ,әйтпесе түспесе» деп жазады (Абайдың 3-қарасөзі). 
Абай сот билігінің тәуелсіздігін жақтай келсе,соттың шығарған үкімі мен шешімдері тек 
заңға негізделіп,жан-жақты зерттелген және мұқият дәлелденген фактілерге сүйенген 
материалдарын тиянақтауын әділ соттың ең басты ісі, қызмет деп таниды. Абайдың саяси-
құқықтық көзқарасында құқықтық мемлекетте жеке адамның құқын қорғайтын 
лауазымды,ерекше санаттағы адамның кіршіксіз таза ,жан-жақты білімі және халық мүддесі 
мен ұлт намысын қорғау ісіне жан-тәнімен берілуін талап етеді.Ол мемлекет органдарында 
жартыкеш адамның қызмет етуіне үзілді-кесілді қарсы шығады.Абайдың саяси-құқықтық 
көзқарастарының арасында өкімет басқару,мемлекеттік аппаратты жетілдіру туралы айтқан 
ойлары керемет.Мемлекетте заман ағымына ,талабына сай басқару болу үшін
«Әділ-бек зор өкімет ,жарлық қолында бар болуы керек»(Абайдың 41-қарасөзінен) дейді 
Абай . 
Абайдың ойынша атқарушы биліктің іс-жүзіне асыру үшін мемлекетте,халыққа танымал 
,соңынан көпшілік жұрт еретін , білімпаз қайраткердің болуы ауадай қажет.Абайдың түсінігі 
бойынша,кездейсоқ тағайындалған немесе сайланған беделсіз адам еш уақытта атқарушы 
билікті жүргізе алмайды,ондай жағдайда мемлекетте бассыздық,заңсыздық орнауы 
мүмкін.Осы жайлы Абай «сатып алған,жалынып,бас ұрып алған биліктің ешбір қасиеті жоқ» 
(Абайдың 28-қара сөзі) дейді. 
Сонымен қатар ,Абайдың қылмыстық құқық туралы идеялары да саяси өмірге үлкен 
ықпалын тигізді. «Абай жазған ереженің » бірнеше баптарында қазақтардың қылмыстық 
құқықтарына тиісті прогресшілдік ,реформаторлық маңызды жазылған қағидалары анық 
байқалады.Қылмыс жасаған адамның атқарған іс-әрекетін нақтылы анықтап ,оған кінәнің 
ауырлығына қарай жаза қолдану барлық өркениетті елдердің қылмыстық құқықтықтарына 
енген негізгі талаптардың бірі екені ақиқат . 
Қазақтың қылмыстық әдеттегі құқық жүйесіне, жалпы революцияға дейіңгі қазақ 
қоғамының саяси –құқықтық ой-пікірне терең мағыналы өзгеріс енгізді.Мысалы,ереженің 61-
бабында мынандай норма бекітілген : «Ұрының өзіне және оған серік болған 
жолдасынан,ұрлық малды жасырысқан,оны біле тұрып хабарламағандардың малының 
жоқтығына қарамай айып салынады». 
Абайдың осы идясы қылмыскердің кінәсіне қарай жауапқа тартылуын және жазаның да 
соған байланысты болуын негізгі талап ретінде таниды және ол қазіргі заманда қолданылып 
жүрген қылмыстық кодкстін 17-бабының VII –тармағымен үндес келеді: «Қылмысқа 
қатысушының жазасын тағайындағанда сот олардың әрқайсысының қылмыс істеуге қатысу 
дәрежесін ,қатысу сипатын еске алуы тиіс » делінген . 
Абай қазақтың ұлы ақыны ғана болып қойған жоқ ,сол кездегі қазақ даласында болып 
жатқан саяси өмірге де ,билік ісіне араласқан қоғам қайраткері, басқаша болмауы да мүмкін 
еместі.Оқыған-тоқығаны мол,орыс қана емес, Еуропаның қоғамдық-саяси білімінен де нәр 
алған Абайды қазақ халқы би – хәкім деп таныды. Абай жай ғана бұрынғының биі емес, ол 
заманының жоғарғы интелект иесі, Шығыс пен Батыстың сот,заң салаларындағы үздік 
дәстүрлерін игерген қоғам қайраткері. 
Абайдың ел билеудің әділеттік ,құқықтық жүйесіне сай заң нормаларын заман талабына сай 
жаңарту жағында қызмет қылды дәстүр мен инновацияны ескеріп отырды. Абай қазақ 
қоғамында әділеттілік пен тұрақтылықтың белгісіндей болған,ежелден келе жатқан билер 


713 
институтының адамгершілікті құқықтық мұрасын барынша игерді.Сонау XIII ғасырда билер 
атасы атанған Мөңке бидің тәжірибесін , «Қасым ханның қасқа жолын» , «Есім ханның ескі 
жолын » ,Тәуке хан тұсындағы ұлы билер Төле, Қазбек, Әйтекелер дайындаған «Жеті 
жарғыдан » рухани сусындады.Мұның бәрі Абайдың би ретінде танылуына ықпал етті. 
Абайдың шығармаларыда сөз болған қоғамдық-саяси проблемалар әлі күнге дейін 
өзінің өзектілігін жоймай келеді сонымен бірге билік ету кезіндегі шешімдерінің және 
«Қарамола ережесіндегі » құқықтық нормаларының қазіргі күні де маңызы зор. Өйткені 
,тарихты білмей,оның жетістіктері мен кемшіліктерінің және өткен заманның ұлы тұлғалары 
мен ойшылдарының саяси-құқықтық ілімдері мен көзқарастарын,ой-пікірлерін бүгінгі 
күнмен және болашақпен байланыстырмай өркенді ,дамыған ел болып қалыптасу мүмкін 
емес.Сондықтан да Абай сияқты ұлы тұлғаларымыз бен ойшылдарымыздың ұлағатты 
идеялары мен асыл сөздерін бүгінгі мемлекеттік билік жүргізу,ел басқару саясатында мен 
құқықтық реформа жүргізуде тиімді пайдалану-өткен тарихтан сабақ алудың және дәстүр 
сабақтастығының жарқын үлгісі болып табылады. 
 
Әдебиеттер 
1.Абай Қара сөз.Поэмалар//Бюро «Ел», Международный центр Абая,Алматы,1993 ж. 
2.Ш.Андабеков Қазақтың ата заңдары//Қазақстандағы реформалар және билер соты. 
3.Әбдәлдин Ж,Бурабаев М. «Прогресшіл қоғамдық-саяси ойдың қалыптасу қайнарлары» . 
Қазақстан коммунисі ,1982 ж.№2. 
4.Қуандықов Е. «Кемеңгер ойшыл:Абайдың қоғам ,билік,саяси-ой жөніндегікейбір 
тұжырымдары туралы». Ақиқат , 1995 ж. №8. 
5.Әбдәғазиев Б.Б, Жаманов Қ.Ж «Абай Құнанбаевтің қоғам және заман туралы ой-пікірлері» 
. Алматы ,2003 ж. 
6.Л.А.Словохотов Народный суд обычного права киргизов Малой орды //Труды 
Оренбургского ученой архивной комисии Орынбор , 1905 г. ВыпXV. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет