Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


СИНТАКСИСТІК ТІРКЕС ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА



Pdf көрінісі
бет40/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

СИНТАКСИСТІК ТІРКЕС ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА 
 
Бегжан Н. 
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қияқова Р.Ж. 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. 
Bekjannurai711@gmail.com
  
Ғылым дамыған сайын, ондағы көзқарастар да, тұжырымдар да үнемі дамып, талқыға 
түсіп отыратыны хақ. Ол тіл ғылымына да қатысты. Тілдегі түрлі мәселелер дұрыс-бұрысын 
анықтауды, оның дұрыс деп танылғанын сол тілді қолданушыларға жеткізуді қажет етеді. 
Мұндай мәселелер синтаксистік тіркестерде де кездеседі. Қарастыратын мәселеміз – 
синтаксистік тіркеске тұлғасы жағынан ұқсас, алайда белгілі бір заңдылықтарға байланысты 
жеке өзі ғана сөз тіркесі қызметін атқара алмайтын бірліктер жайлы болмақ. Бұл мәселе қазақ 
тіл білімінде біраз зерттеулерге арқау болды. Біздің мақсат сол зерттеулердегі синтаксистік 
тіркестердің өзіне ұқсас тұлғалардан айырмашылықтарын даралау мен ұқсастықтарын 
саралау, олардың сол бірліктерге қатысын анықтау, дұрыс деп танылған тұжырымдарды 
жеткізу.
Сөз тіркесі заңдылығын дұрыс түсінуде олардың сөздің әр түрімен қатынасын, 
ұқсастығын, өзгешеліктерін қарастыру қажет. Әрбір сөздің өзіндік қасиеттерін іштей талдап, 
олардың қайсысы сөз тіркесінің заңдылықтарына ұқсас, қайсысы ұқсас емес екендігін ашып 
алмай, сөздің синтаксистік тіркестен айырмашылығын жалпылама айту жеткіліксіз. Сол 
себепті сөз бен сөз тіркесінің ерекшеліктерін айтпас бұрын, сөздің қандай түрлері бар, ол 
түрлерінің қайсысы сөз тіркестеріне ұқсас, қандай айырмашылықтары бар, соған тоқтала 
кетейік. Сөздер құрамына қарай 
дара 
және
 күрделі
болып бөлінеді. Бір түбірден тұратын дара 
сөздер өз ішінен: 
негізгі 
және
туынды
түбір
болып, ал кемінде екі түбірден жасалып, бір 
мағынаны білдіретін күрделі сөздер: 
біріккен, қос, қысқарған, тіркескен сөздерге
жіктеледі. 
[1]. Негізгі түбір сөздер мен туынды түбір сөздерді сөз тіркестеріне ұқсас деп айтуға келмейді, 
олар сөз тіркесінің бір сыңарының қызметінде жұмсалады. Мысалы: 
адам, жақсылық, егінші
сынды сөздерден сөз тіркесіне тән шарттылықтарды көрмейміз. Ал күрделі сөздердің жасалуы 
мен құрылысы синтаксистік тіркестерге біршама ұқсас. Бұл мәселе жайында қазақ тіл 


81 
білімінде 
М.Балақаевтың, 
Т.Сайрамбаевтың, 
Г.Жәркешованың, 
Ы.Мамановтың, 
К.Ахановтың, А.Ысқақовтың еңбектерінде қарастырылған.
Қазақ тілінде ертеден келе жатқан сөз жасаудың бір тәсілі – дербес сөздердің бірігуі 
арқылы жаңа сөздердің жасалуы. Мұндай тәсіл арқылы жасалған сөздерді 
біріккен сөздер
деп 
атаймыз. Біріккен сөздердің сөз тіркесіне қатысы жайлы Г.Жәркешованың «Біріккен сөздер 
мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» еңбегінде олардың, яғни біріккен сөздердің түп 
төркіні синтаксистік байланыс негізінде жасалған, уақыт пен қолданыс нәтижесінде 
толықтайтын сөз бен толықталатын сөз, анықтайтын сөз бен анықталатын сөз, пысықтайтын 
сөз бен пысықталатын сөздердің бірігіп, жаңа сөз жасайтындығы айтылады. Мысалы: 
қаптесер, алжапқыш, күнбағар
секілді сөздердің алдыңғы компоненттері – толықтауыштық, 
соңғы компоненттері – баяндауыштық ыңғайдағы сөздер. Ал 
түрегел, айналсоқ
сынды 
сөздердің алғашқы компоненттері – пысықтаушы сөз де, соңғы компоненттері – 
пысықталатын сөздер. 
Белбеу, баспасөз, шашбау 
сынды сөздердің алғашқы компоненттері – 
анықтайтын, екінші компоненттері – анықталатын сөздердің бірігуі арқылы жасалған [2, 4-5].
Сонда бұл сөздер өз кезінде «қаптесер – қапты тесер, алжапқыш – алдыны жапқыш, күнбағар 
– күнді бағар» табыс септігі (нені?) арқылы меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін, «түрегел 
– тұра кел, айналсоқ – айналып соқ» тегінде қабыса байланысқан сөз тіркестерін, ал «белбеу – 
белдің бауы, баспасөз – баспаның сөзі, шашбау – шаштың бауы» матаса байланысқан сөз 
тіркестерін құраған деуге негіз бар. Сонымен қатар, Ы.Маманов біріккен түбірлердің 
құрамындағы компоненттері өзара қазақ тілінің сөз тіркестерінің тіркесу жүйесіне сәйкес, 
солардың негізінде тіркесіп қалыптасқанын, негізінен, екі түбір сөздің ешқандай қосымшасыз 
қабысу тәсілімен тіркесіп барып біртұтас сөзге айналған күрделі түбір сөздер екендігін айтады 
[3, 175]. Бұл пікірлер біріккен сөздердің сөз тіркесіне қатысы жайлы болса, ендігі ең маңызды 
мәселе – біріккен сөздерді сөз тіркестерінен айыру. Еңбекте келтірілген тұжырымдарды 
қорытындылай келе, біріккен сөздердің сөз тіркестерінен айырмашылығы төмендегідей:
Біріншіден, біріккен сөздер – екі я одан да көп сөздердің бірігуі арқылы бір ғана жаңа, 
өзге мағынаны береді, құрамындағы жеке сөздердің мағынасы жартылай немесе толығымен 
жойылып, жаңа мағына, жаңа тұлға жасайды. Ал сөз тіркестері – екі я одан да көп сөздердің 
тіркесуі арқылы грамматикалық мағына жасайды, басыңқы сыңардың түрлі қырын 
айқындайды. 
Екіншіден, біріккен сөздер – сөйлемде бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады, ал сөз 
тіркестері – синтаксистік қатынасқа түсу арқылы әртүрлі екі сөйлем мүшесінің қызметін 
атқарады.
Үшіншіден, біріккен сөздерде дыбыс үндестігі (орфография: бүгін – бұл күн, орфоэпия: 
еңбекақы – еңбегақы) кездеседі. Ал сөз тіркестерінде тіркескен сөздер дыбыс үндестігіне тек 
орфоэпиялық тұрғыдан бағынады (ала кел – ала гел), жазу барысында түбір тұлғасы сақталып 
жазылады. Ескерту: біріккен сөздер де үндестік заңына бағынбай жасала береді, мысалы: 
баспасөз, жәрдемақы т.т. 
Төртіншіден, біріккен сөздердің сыңарлары сөз тіркестеріндей бағыныңқы-басыңқы 
байланыста жұмсалмайды.
Бесіншіден, біріккен сөздер еркін тіркестің бір сыңарының қызметінде жұмсалады [2].
Міне, осындай ерекшеліктер негізінде біріккен сөздер сөз тіркестерінен ажыратылады. 
Олар сөз тіркесіне ұқсас, тарихи жағынан байланысты болғанмен, сөз тіркесіне тән 
қасиеттерден алшақтап кеткен.
Күрделі сөздердің арғы тегі, негізінен, сөз тіркесі екендігін атап кеттік. Олардың 
көпшілігіне негіз болған синтаксистік тіркестерді тауып, түсіндіруге болады. Ал күрделі 
сөздердің бірі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет