85
Бейсенова Г.Ж.
Ғылыми жетекші: Қасаболат А.Ж, Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының аға
окытушысы, PhD
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Қазақстан
Республикасының
үздіксіз
білім
беру
жүйесіндегі
тәрбие
тұжырымдамасында: «
Отбасы тәрбиесі
адамдар арасындағы оңтайлы және эмоционалды
көңіл-күй қарым-қатынасы
арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға
басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірібиені таратудың аңықтаушы құрамдас бөлігі
болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік
және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және
ұлттық құңдылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады. Тәрбиеленушілердің санасында
дәстүрлі ұлттық және моральдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды
ұялату маңыздылығы қазіргі қоғамда өзекті мәслеге айналып отыр. Демек, баланың алғашқы
тәрбиешісі - ата - аналар. Мектепке дейінгі мекемелердің отбасымен бірлесіп оқу – тәрбие,
бала қабілеттілігінің дамыту үрдісінің табысты болуы үшін тәрбие саласына жаңа
факторлардың маңызды кешенін туғызу - бүгінгі күннің талабы.
Отбасы тұлғаның қалыптасуында ерекше,таптырмас
рөл ойнайтыны туралы отбасы
және
балалардың өзіндік орнын ұғыну мәселелеріне арналған зерттеулерде көрініс тапқан.
Өйткені,отбасында бала отбасылық, жұбайлық рөлдер, ата-ананың атқаратын қызметі туралы
түсінік алады және ата-анаға еліктей отырып, әлеуметтік мінез-құлықтың дағдыларын
меңгереді.
Ж. Қоянбаевтың еңбегі бойынша отбасында ата-ананың міндетін былайша сипаттайды:
Баланы үйлесімді дамыту;
Бала денсаулығына қамқорлық жасау;
Оқуына көмек көрсету;
Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы,үй шаруашылығындағы
еңбекке құлшынысын
арттыру, өзіне қызмет етуге үйрету;
Өзін тәрбиелеу мен өзін дамытуға дайындау;
Болашақ отбасылық өмірге дайындау.
делінген.[2]
Қазіргі танда бала қабілетін жақсы дамыту үшін, ата-аналармен жұмыстар көбірек
зерттелді және әлі күнге дейін зерттеліп жатыр,оны мына зерттеу диаграммасынан арқылы
қөруімізге болады.(1-сурет):
86
1-сурет Қабілеттің зерттелу диаграммасы.
Суреттен байқағанымыздай қай кезде де баланыі қабілетін дамыту өзекті болғанын
көруге болады. Осы орайда классик зерттеушілердің бала қабілетін дамытуда ат-аналардың
ролі зор деп есептейді. Біз баланың қабілетін дамытуда көптеген ғалымдардың еңбекетріне
талдау жасай келе көптеген зерттеулердің маңызды орында болғанын байқауға болады:
Баланың қабілетіне отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы маңыздылығын
С.В.Ковалев, Л.В.Ковалева,
А.И.Кочетов,
В.Сатир,
А.Я.Варга,
И.В.Гребенников,
Ю.И.Семенов, С.Д.Лаптенюк, А.М.Нечаева т.б. қарастырған.
Отбасында тәрбиенің мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс тәсілдерін
жасауды Ю.П.Азаров, П.Ф.Лестгафт, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский
және басқалары
ұсынды.
Ата – ана балаға бағыт бағдарлар көрсетуін А.С. Спиваковская, Т.В. Архиреева, В.В.
Столин, А.Я. Варга, Е.А. Савина, О.Б. Чарова, Г.Г. Филиппова қарастырған.
Отбасындағы тәрбиелеу стильдерін зерттеген С.В. Ковалев, В.В. Воронов, Е.А.
Костицина,Е.Т.Соколова,Э.Вильданова қарастырған.
ОТбасында бала дамуындағы қателіктердің түрлерін В.И. Гарбузов, А.С.
Спикаковская, А.Е.Личко, Э.Г.Эльдемиллер қарастырған.
-Ата – аналар мен балалардың өзара қатынасының әр түрлі аспектілерін О.В.
Илларионова, В.В. Столин, А.В. Петровский, М.В. Полевая қарастырған.
Ата – аналар мен балалардың өзра қатынасындағы бұзылуларды және олардың
тұлғалық дамуына әсерін А. Захар А.С. Спикаковская ,Е.О.
Смирнова, Т.А. Кошкарова, Н.
Штирман, Э.Г. Эйдемиллер зерттеген.[3]
Ата-ана мен бала қарым-қатынасы түсінігінің мәнін аңықтайтын көптеген әлемдік
зерттеушілердің пікірлері мен бағалаулары бар, атап айтатын болсақ Швецария педагогы:
И.Г.Песталоцци: «Баланың дамуы оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың
дүниені түсінуі
отбасында басталып, мектепке дейінгі мекелермен, мектепте әрі қарай
жалғастыруы шарт» - деген қағиданы ұсынды.
Француз педагогы Ж.Ж. Руссо баланың дамуының көзі еңбекте, сондықтан баланың
қабілетін ашу жан-жақты жетілген азамат етіп дамытуды отбасында еңбекке үйретуден бастау
керек деп есептейді.
К.Д.Ушинский «Бала дамуында мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің негізгі ортасы
– отбасы» деп есептейді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі (бұдан әрі – модель)
Мемлекет
басшысының 2020 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңнамасының нормалары негізінде және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясының 1989 жылғы 20 қарашадағы 44/25
қарарымен қабылданған, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған
Бала құқықтары туралы конвенцияның нормалары ескеріліп әзірленді және балаларды дамыту
мен оқыту талаптарының өзгеруіне және өзекті ғылыми деректерге сәйкес мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуды трансформациялау үшін қажетті өзгерістер бағытын айқындайды.
Осы модельде пайдаланылатын негізгі ұғымдардың бірі – баланы толыққанды дамыту болды.
Яғни, баланың физикалық қабілетіне жағдай жасау, салауатты өмір салты дағдыларын
қалыптастыру,
баланың
денесін
шынықтыру,
мәдени-гигиеналық
дағдыларды
қалыптастыру,эстетикалық тәрбие беру.[5]
Енді осы модельге суйене отырып, ортаңғы топ тәрбиелушілерінің
ата-аналарымен бала
қабілетін дұрыс дамыту үшін жүргізілетін жұмыстар:
1)
Баланың Сөздік қорын дамыту
2)
Баланың толыққанды дамыту,денесін шынықтыру,салауатты өмір салты дағдыларын
қалыптастыру