82
алмайтын сөздерден жасалатынын ескерсек (мысалы: ет-мет, шай-пай т.т.), олар тіпті де сөз
тіркесінің шартына сәйкес келмейтіндігін байқаймыз.
Кемінде екі немесе одан да көп сөздердің қысқартылып, бір ғана ұғымды беретін
қысқарған сөздердің
негізі сөз тіркесіне ұқсайтындай. Мәселен: ЕурАзЭҚ – Еуразия
экономикалық қоғамдастығы, КУ – Көкшетау университеті деп толығымен жазылса, мұндай
тіркестерді бағыныңқы-басыңқы байланыста жұмсалған сөз тіркесі дер едік. Алайда, мұндай
сөздер
айту мен жазуда ықшамдалып, еркін тіркестің тек бір ғана сыңарының қызметінде
жұмсалатын дәрежеге ие болған, осыған сәйкес сөйлемнің де бір-ақ мүшесінің қызметін
атқарады.
Құрамы, мағынасы, атқаратын қызметі жағынан біріккен және қос сөздермен бірдей
күрделі сөздің тағы бір түрі –
тіркесті күрделі сөздер
. Біріккен сөздердің сыңарлары бірге, ал
қос сөздердің сыңарлары дефис арқылы жазылса, тіркесті күрделі сөздердің сыңарлары бөлек
жазылады. Осынысымен де олар еркін тіркеске формасы жағынан өте ұқсас болып келеді.
Тіркескен күрделі сөздерге тән ерекшеліктің бірі – тірек сыңар мен ауыспалы сыңардан тұруы.
Әдетте тұрақты тірек сыңар күрделі сөздің екінші сыңары болып келеді. Мысалы: сары май,
тоң май,
сұйық май, иіс май т.т. Мұндағы күрделі сөздердің бірінші сыңары ауыспалы да,
екінші сыңары тірек қызметінде өзгеріссіз қалған. Алайда, бұл барлық тіркесті сөздерге
қатысты емес. Кейде бірінші сыңардың да тірек сөз бола алатындығын байқауға болады. Ол
әсіресе сан есімдерден көрінеді: елу бір, елу екі, елу үш, т.с.с [4]. Бұл синтаксистік тіркестердің
құрылымындағы бағыныңқы-басыңқы сыңарларға ұқсас келеді. Бұл да тіркескен күрделі
сөздердің негізі сөз тіркестерінен бастау алатындығын дәлелдесе керек. Сонымен бірге бұл
еркін тіркестер уақыт өте келе номинативті атауға айналады. Алайда, мұндай күрделі
сөздердің арасында қазіргі таңда синтаксистік байланыс жоқ, олар бір заттың атауы болып, бір
сұраққа ғана жауап береді де, өзге бір үшінші сөзді біріге айқындайды.
Алдымен тіркескен күрделі сөздердің барлығы бірдей тұлғалық жағынан синтаксистік
сөз тіркесіне ұқсағанмен, кейбірінің мағыналық байланысы мен бағыныңқылы-басыңқылы
қатынасы сөз тіркесіне мүлдем келмейтіндігін айта кеткен жөн. Мәселен, қызыл ала, күңгірт
сары, он сегіз, жиырма бес сынды күрделі сөздердің тек сыртқы формасы еркін тіркеске ұқсас
болғанмен, олар өзара тең дәрежеде тіркескен, қалай алып қарасақ та, бір атауға ие екендігін
аңғару қиын емес. Ендігі біздің қарастыратын мәселеміз – синтаксистік сөз тіркесіне ұқсас
тіркесті күрделі сөздер жайлы болмақ. Мұндай тіркесті күрделі
сөздерді
күрделі-құрама
сөздер
деп атаған К.Аханов оларды синтаксистік сөз тіркесінен ажырату мәселесіне жан-
жақты тоқтала отырып, сыртқы формалары ұқсас болса да, негізінде екеуінің арасында түрлі
айырмашылықтардың бар екендігін көрсетеді.
Сырттай қарағанда, құрама сөзді құрастырушы компоненттер өзара анықтаушы мен
анықталушы, толықтаушы мен толықталушы қатынаста тұрғандай көрінеді де, синтаксистік
тіркеспен шектесіп жатады. Бұл тек сыртқы ұқсастық, ал мазмұны мен табиғаты жағынан екеуі
екі түрлі құбылыс. Бұл сыртқы ұқсастық күрделі-құрама сөздердің шығу тегі еркін
тіркестерден бастау алатындығынан. Уақыт өте келе, қолданысқа кірігіп кеткені соншалықты,
еркін тіркестердің арасындағы бастапқы синтаксистік қатынас жойылып, біртұтас күрделі
атауға (күрделі сөзге) айналған [5]. Бұл жаңа сөз жасаудың бір тәсілі.
Синтаксистік сөз тіркестерінің күрделі-құрама сөздерден айырмашылығын мысалдар
арқылы
салыстыра көрсетсек,
«Ақ отау, ақ үй, ақ орда, ақ қайың, ақ көйлек, ақ қоян, ақ лақ»
тіркестерінің
алғашқылары (ақ отау, ақ үй, ақ орда, ақ қайың) күрделі-құрама сөз де, ал соңғылары (ақ
көйлек, ақ қоян, ақ лақ) еркін тіркестер. Күрделі-құрама сөздердің компоненттерінің
алғашқысы соңғы сөздің сыр-сипатын білдіріп, анықтауыштық қатынаста тұрған жоқ, олар
тіркесіп, сөйлемде бөлшектенбей бір ғана сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесінің
қызметін атқарады. Әрине, жоғарыда айтып кеткеніміздей, мұндай тіркескен күрделі сөздер
бастапқыда еркін тіркес болған. Олар алғашында қолдану барысында бір затты екінші заттан
айыру қызметін атқарған: «ақ отау» алғашында ақ киізден жасалған үйді білдірсе, кейіннен
83
жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың үйі деген мағынаны білдіріп, ойды жеткізуде
тіркесімен күрделі-құрама сөз болып, бірге қолданылатын болды.
Ал «отау» сөзімен келетін өзге «кіші отау, шеткі отау» сынды тіркестердегі «кіші,
шеткі» сөздері отаудың бірі сындық белгісін, бірі мекенін білдіріп, бағыныңқылы-басыңқылы
қатынаста жұмсалған еркін тіркес. Ойымызды нақтылау үшін
тіркестердің қолданыстық
қызметін сөйлемдерден көрсетелік.
Алдыңғы қатардағы
ақ отаудан
бұралып бір келіншек шықты.
(Б.Майлин. «Айт күндері»)
Сөйлемде курсивпен белгіленген «ақ отау» сөзі 1-сөз тіркесінде басыңқы сыңарда, 2-
сөз тіркесінде бағыныңқы сыңарда жұмсалып, сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бір
сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр. Алғашқыда бұл тіркесімді күрделі сөздің сыңарлары
анықтағыш пен анықталғыш қызметінде жұмсалса, қазіргі уақытта екеуі де бұл қызметтерінен
айырылып, бір бүтін күрделі сөзге айналған.
Ажар ауылдағы
ақ лақтарын
сағынғандықтан, әр күнін санаумен болды.
Келтірілген мысалдағы курсивпен берілген – сөз тіркесі. Ондағы бағыныңқы сөз
басыңқы сөздің сыртқы белгісін анықтап, анықтауыштық қатынасқа түскен. Еркін тіркестің
әрбір сыңары сөйлемнің жеке-жеке мүшесінің қызметін атқарып тұр.
Екі сөйлемдегі күрделі-құрама сөз бен сөз тіркесін салыстырсақ,
Тіркескен күрделі сөз семантикалық тұтастық белгісімен сипатталады. Себебі «ақ отау»
сөзінің әр сыңары сөйлемде әртүрлі
мағынаны емес, тұтастай бір мағынаны (жас
жұбайлардың үйі) береді. Синтаксистік тіркестегі әрбір сөз жеке дара дербес мағынасын
сақтаса, күрделі сөзде сөздердің мағынасы күңгірттеніп, бір ғана ұғым атауына айналады.
Синтаксистік тіркес сөйлеу барысында құралады, оларды коммуникативтік мақсатқа,
жеткізер ойына қарай сыңарларын алмастыруға болады. Ал күрделі сөздер даяр күйінде
сөйлемде қолданылады, біртұтас күйінде өзге сөздермен тіркеседі.
Күрделі сөздер әртүрлі сөз таптарынан (ақ – сын есім, отау – зат есім) жасалғанына
қарамастан, бір сөз табының (зат есім) құрамында қарастырылады,
сол сөз табына тән
категорияларды қабылдай алады. Егер келтірілген күрделі сөздің алғашқы сыңары сын
есімнің категориясын қабылдай алса, яғни «ақтау отау» (шырай категориясы) болып
тіркессе, онда ол күрделі сөз емес, сөз тіркесі болар еді. Ал сөз тіркесінің сыңарлары айтар
ойдың ыңғайына қарай өзі тиесілі сөз табының категорияларын қабылдай алады: аппақ
лақтар, ақтау лақтар т.т.
Күрделі сөздердің сыңарлары сөйлемнің жеке мүшесі ретінде жұмсалмайды,
әр сыңары
басқа сөздермен жеке тұрып тіркесімдік құрамайды, тек тұтас күйінде ғана өзге сөздермен
синтаксистік қатынасқа түсе алады. Еркін тіркесте керісінше.
Күрделі сөздердің еркін тіркестерден мұндай айырмашылықтарын К.Аханов
семантикалық тұтастық белгі, морфологиялық тұтастық белгі, синтаксистік тұтастық белгі деп
көрсеткен болатын [5].
Тіл ғылымында синтаксистік сөз тіркестерге біршама ұқсас, алайда олардың қызметін
атқармайтын тілдік бірліктер жайлы жаңалықты ғалым С.Исаевтың әдеби тілдің совет
дәуірінде дамуына жасаған зерттеулерінен байқаймыз. Жаңа сөз жасау процесінің дамуында
аналитикалық тәсілмен жасалған сөздердің бір түрін
атаулық тіркестер
деп атайды да,
оларды бұрын ана тілімізде болмаған жаңа тіркестер деп көрсетеді. Атаулық тіркестердің
синтаксистік сөз тіркестерінен айырмашылығы: фразеологиялық тіркестер сияқты
грамматикалық байланысы тұрақты, көбінесе жеке сөздің эквиваленті тәрізді бір сөздің
орнына қолданылады, құрамындағы сөздердің орны тұрақты болып келеді. Алайда, бұл
Достарыңызбен бөлісу: