Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет42/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

1 2 

 




84 
атаулық тіркестер мен фразеологиялық тіркестер бірдей дегенді білдірмейді. 
Сонда үшеуі үш түрлі тіркес болмақ. Атаулық тіркестерді кейбір зерттеулерде 
лексикаланған тіркес (лексикализованное сочетание)
деп атап, күрделі сөздердің ыңғайында 
қарастырса, ендігі бір зеттеулерде фразеологияның құрамында қарастырылып жүр. Бұл 
дегеніміз атаулық тіркестер синтаксистік тіркестердің де, фразеологиялық тіркестердің де 
орнына жүрмейтіндігін, олардан біршама өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар 
екендігін көрсетуді қажет ететіндігін білдіреді. Мәселен, фразеологиялық тіркестер 
экспрессивті-эмоционалды бояуда жұмсалып, көркемділік, бейнелілік, образдылық мақсатта 
қолданылса, атаулық тіркестер бір заттың, құбылыстың атауы болады да, номинативтік 
қызметте жұмсалады. Сонымен қатар, фразеологиялық тіркестер метафоралық (ауыспалы) 
мағынада жұмсалып, құрамындағы сөздер дәл мағынасында емес, өзге бір мағынада, ал 
атаулық тіркестер сөздердің мағынасынан алшақтамай жұмсалуы арқылы жасалады. Әрі 
фразеологизмдердің құрамындағы сөздер байланысу формасының, сөз таптарының 
барлығымен дерлік құрала берсе, атаулық тіркестер негізінен қабыса және матаса 
байланысады да, құрамындағы сөздер сын есім мен зат есімнен немесе субстантивтенген 
сөздерден жасалады. Олар еркін тіркестердей сөйлеу процесінде емес, бір бүтін лексема 
ретінде қабылданылып қолданылады [6]. Мысалы: 
қара торғай, ашық алаң, ұлт мәселесі, 
жасыл ел, еңбек кітапшасы, темір жол, балалар үйі, филология факультеті 
сынды тіркестер 
атаулық тіркестердің құрамына кіреді. Бұл тіркестер сыртқы тұлғасы жағынан синтаксистік 
сөз тіркестеріне ұқсас, оның себебі олардың күрделі сөздер секілді кезінде еркін тіркес 
болғандығынан. Кейіннен бұл тіркестер қолданыста тұрақталып, номинативті атауға ие 
болған. Атаулық тіркестер сол күйінде бір бүтін мағынада жұмсалып, бір сұраққа жауап беріп, 
сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқара бастады. Осы тұста тағы бір айта кететін жайт 
атаулық тіркестердің барлығы бірдей лексикалану дәрежесіне жете қойған жоқ, кейбірі 
тұрақты тіркестердің, кейбірі синтаксистік сөз тіркестерінің құрамынан шыға алмай жүр. 
Атаулық тіркестерге ұқсас тұжырымдар мен дәлелдемелерді жоғарыда К.Ахановтан да 
(күрделі-құрама сөз) келтірген болатынбыз. Терминдік атаулары әртүрлі болса да, теориялар 
мен мысалдардың бір-біріне жуық болуы қос ғалымның қозғаған мәселелерінің бір екендігін 
аңғартады.
Қорытындылай келе, синтаксистегі сөз тіркесі мен сөзжасамдағы күрделі сөздердің 
өзара байланыста екендігін байқадық. Бұл тіл білімінің салаларының арасындағы байланысты 
да айқындайды. Күрделі сөздердің ішіндегі әсіресе тіркескен және біріккен күрделі сөздердің 
синтаксистік тіркеске қалайда қатысы бар екендігін анықтадық, оларды бір-бірінен ажыратуға 
негіз болатын белгілерін де көрсеттік. Бұл айрықша белгілер тіл қолданушыларының 
мәнмәтінде, күнделікті қолданыста сөздерді орнымен, дұрыс қолдануына ықпал етпек.
Әдебиет 
1
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1989. – 368 б. 
2
Жәркешова Г. Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. – Алматы: 
Ғылым акад. баспасы, 1960. – 125 б. 
3
Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: ф.ғ.д. Ғ.Әнес. – Алматы: «Абзал-Ай» 
баспасы, 2014. – 640 бет. 
4
Оралбай Н., Құрманәлиева К., Балтабаева Ж. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы: Інжу-
Маржан баспаханасы, 2014. – 290 б. 
5
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы 
Павлодар мемлекеттік университеті, 2010. – 286 б.
6
Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері / Құраст.: ф.ғ.д. Ғ. Әнес және проф. Н.С.Исаева. – 
Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. – 640 бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет