871
Өндіріс факторларда негізінен, 3 факторлы нарық қарастырылады. Олар төмендегідей:
Сурет 1. Өндіріс факторының құрылымы [2].
Еңбек нарығы - жұмыс күшін тауар ретінде сату және сатып алу туралы экономикалық
қатынастардың жүйесі болып табылады. Еңбек нарығында еңбектің өзі ғана емес, белгілі бір
еңбек түрлерінің қызметтері сауда- саттыққа түседі [3].
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
1) жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы;
2) әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы;
3) еңбек нарығында бірде- бір кәсіпорын және бірде-бір еңбеккердің күш ықпалының
жүрмеуі;
4) жұмыс күшінің еңбек ақының мөлшерімен бағалануы [4].
Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген
сұраныс пен ұсыныс туындайды. Оларға жеке- жеке тоқталсақ:
Еңбекке деген сұраныс- бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе
мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын
сипаттайтын қажеттіліктері. Еңбекке сұраныс көлемі (L) оның бағасы- жалақы деңгейіне (W)
тәуелді және оның сұраныс қисығы теріс көлбеу болып табылады [1].
Cурет 2. Еңбекке деген сұраныс қисығы
Еңбекке деген ұсыныс- бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы
жұмысшылардың жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата
алуға дайындықтары. Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше
жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы деңгейіне тәуелді және оның
ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.
Cурет 3. Еңбекке деген ұсыныс қисығы
Сурет 4. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тепе- теңдігі [1]
Жалақы- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің еңбекақысы, яғни пайдаланған еңбек
бірлігінің бағасы. Жалақының 2 түрі ажыратылады:
Атаулы жалақы- еңбеккердің өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.
Нақты жалақы- еңбеккердің алған ақша сомасына өзі үшін және отбасы үшін қанша
қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: