Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


ЕМДІК САУЫҚТЫРУ ОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет474/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   532
ЕМДІК САУЫҚТЫРУ ОРЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
 
Нұртуған Ж.С.
Кайкенова А.А., 
 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
,
Көкшетау қ. 
kaikenova2011@mail.ru
 


889 
 
Емдік сауықтыру орындары елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді 
әсер етеді. Емдік сауықтыру туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің 
құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, 
медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы 
басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салы стырғанда, неғұрлым пәрменді 
мультипликаторлық тиімділікке ие.
“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына 
айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне 
айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және 
саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат 
мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі 
екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл 
мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты 
қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі 
министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, 
фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге 
ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі 
жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Негізгі танымдық жерлер мен туристік 
экскурциялық орталықтар
 
Туризм өзі пайда болысынан саяхат барысында көп уақыт кетірмейді, керісінше 
қоғамдық қажетті уақытты жинақтайды. Аурудың азаюы салдарынан жұмыс уақытының қоры 
арта түседі. Және адамның физикалық денсаулығының күшеюі, рухани күшінің және жұмыс 
істеуге деген қабілетінің күшеюіне әкеп соғады. 
Туризм де, басқа экономикалық сала сияқты өзінің құрамына бірнеше саланы қосады, 
олар: емдік, демалу, спорттық, танымдық және т.б. Олардың әрқайсысы табиғи ресурстарды 
қолдануға қамданады, өзінің даму жолында техникалық және әлеуметтік инфрақұрылымға
потенциалды анықталған еңбек ресурстарына сүйенеді және басқа да шаруашылық салалары 
мен сфераларына өз әсерін тигізеді. Кез келген туризм саласы басқа туризм салаларымен 
тығыз байланыста. Көп жағдайда олар бірін-бірі қалыптастырып, толықтырып отырады. 
Қазақстанда туризмнің дамуы үшін туристік ресурстарға бай аудандар өте көп және 
олар нәтижелі халық шаруашылығының саласына қосылуда. Республикадабарлығы 700 
туристік кешен, 300-ге жуықтуристікқонақүйлеркешені бар. 
Әр кешен өз-өзімен қызықты әрі тартымды. Шыршалы-орманды «Алтын бор» 
Солтүстік Қазақстан облысында, Орал өзенінің маңында, Оралдан алыс емес жерде «Орал», 
«Қарқаралы» туристік кешені – Қарағанды облысында және ол өзінің велосипедті 
маршруттарымен ерекшеленеді, ол Қарқаралы таулы-орманды оазистік жолдарымен 
жүргізіледі. «Алтайлық бухта» деп аталатын туристік кешен Бұқтырма теңізінің жағасындағы 
Алтайлық орманмен Марқакөлге дейін өте қызықты маршруттар басталып, әлемге танымал 
«Рахмандық кілтке» қарай беттейді. Павлодар облысындағы көк көлдер жағасындағы 
ұмытылмас «Баян ауыл» туристік кешеніне бару, өзінің жағымды әрі таза ауасымен 
ерекшеленеді. Іле Алатауының көркем шатқалында Алматының туристік кешендері 
орналасқан. Қазақстандатуризмнің әр түрлі саласының дамуына барлық туристік аймақтар 
мен мүмкіндіктер бар: курорттар мен демалыс үйлерінде демалу, емделу, аңшылық, соның 
ішінде бүркітпен, альпинизм, тау туризмі, балық аулау, салт атты және су туризмі
вертолеттық экскурсия және халықаралық спорттық жарыстарда этникалық туризм, негізгі 
қозғаушы күші – шет елдегі қазақ оралмандары, - ғылыми, діни, профессионалдық, жанұялық, 
бизнес-тур, коммерциялық туризм т.б
Егемендікті алғаннан кейін республикада санаториялық-курорттық жұмысын жақсарту 
жөнінде бірталай жұмыстар өткізілді. Оған мемлекеттік бюджеттен 57,0 млн тенге қаржы 
бөлінді. 900-ға жуық жату орындар ашылып, жаңа диагностикалық емдеу корпустар және 
басқа емдеу ғимараттар өз жұмысын бастады. Бірак, жүргізілген жұмыстарға қарағанда 


890 
материалдық-техникалық база әлемдік стандартқа сай келмейді. Санаторилардың 45% астам - 
30-шы және 20-шы жылдарда салынған болатын.
Қазіргі кезде кардиологиялық санаторияларды салу құрылысы өте тиімді болып 
есептелінеді. Әсіресе, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы - Қарқаралы, таулы-орманды 
массивті (Қарағанды облысы); Қостанай облысындағы Қазанбас орманы; Павлодар 
облысындағы Баянауыл таулы-орманды массиві болып табылады. 
Қостанай облысындағы Қазанбас орманы тұзды көлдердің сульфидті балшықтарға және 
басқа да табиғи ресурстарға бай аудан болып есептелінеді. 
Павлодар облысындағы Баянауыл массивтің континентті климаты ондағы өсетін 
ормандар мен орналасқан көлдерімен (Сабынды көл көлі, Жасыбай көлі және т.б.) сонымен 
қатар минералды-иловые балшықтарға және сульфидті-хлоридтік кен орындарға бай (Жусалы 
бұлағы).
 
Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау 
керек. 
Біздің еліміздегі жұмыс істеп тұрған санаториялық-курорттар әлі күнге дейін 
адамдарды толық қанағаттандырмайды. Тері ауруларға ұшыраған балаларды емдеу үшін 
санаториялардың саны әлі күнге дейін шектеулі, бірақ бізге ол тиімді және қолайлы. (Боровик 
Э.Б. 1986 ж.) 
Қазіргі уақытта республикада 10 балшықпен емдеу орындары және шамамен 20 
минералдық су орындары бар. Олардың көбісі Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, 
Солтүстік Қазақстан облысы, Атырау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 
Зерттеу барысында Қазақстанның туристік рекреациялық-емдік ресурстары талдана отырып 
оларды үшке бөліп: бальнеологиялық,климаттық және балшықпен емдеу топтарына бөлдік.
2000 жылдардан бастап Қазақстан курортары жандана бастауы байқалады. Әзірге 
Сарыағаш, Мойылды, Қапал-арасан, Алма-Арасан және Жаңақорған курортары жұмысын 
жалғастыруда. Соңымен бірге Алматы, Бурабай, Қарқаралы маңы аумағында сауықтыру 
пансионаттары мен орталықтары ашылған. Келешекте көптеген санаторийлерде корпустар 
салынатыны сөзсіз. Су қорын тиімді пайдаланып, ысырап етпесе Қазақстанның минералды 
суы әлі болса да көптеген жылдарға жететіні сөзсіз. Сондықтан да қазақ елінің нақыл 
сөздерінің бірі «Бұлақтың көзін бұзба, бұлбұлдың әнін бұзба» - дейтін осыдан қалса керек. 
Жұмысты орындау барысында төмендегідей ұсыныстар енгізуге болады: 
-
Емдік сауықтыру туризмін жүйелеу қажеттілігі. 
-
Қазақстан курортары деген оқулық, әдістемелік құрал қажет. Себебі соңғы шыққан 
әдебиеттер негізінен 1960-1965 жылғы, мәліметтері ескірген. 
-
Жарнамалық ақпараттық, маркетингтік зертеулер жүргізілмеген: 
-
Қазіргі сауықтыру орындарының бағасы өте жоғары, сондықтан мемлекет тарапынан 
оқушылар, студентттер, және зейнеткерлерге жеңілдіктер жасау жолын қарастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет